ТҮРКІСТАН: ШЕГІРТКЕМЕН КҮРЕС КҮШЕЙМЕК — Төрттаған
Понедельник, 2 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Саясат

ТҮРКІСТАН: ШЕГІРТКЕМЕН КҮРЕС КҮШЕЙМЕК

Егістік алқаптың қас жауы саналатын Марокко шегірткесі биыл қауіп төндіруі мүмкін. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев зиянкестен шаруалар шығынға ұшырамас үшін алдын алу шараларын күшейтуді жүктеді.

11.04.2022
Саясат
0
ТҮРКІСТАН: ШЕГІРТКЕМЕН КҮРЕС КҮШЕЙМЕК

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ТАШКЕНТТЕ ӨЗБЕК ИНВЕСТОРЛАРЫМЕН МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

К-Ж.ТОКАЕВ: ИСПОЛЬЗОВАТЬ ПОТЕНЦИАЛ НАУКИ ДЛЯ ПРОГНОЗИРОВАНИЯ ТЕХНОГЕННЫХ И ПРИРОДНЫХ КАТАСТРОФ

Егістік алқаптың қас жауы саналатын Марокко шегірткесі биыл қауіп төндіруі мүмкін. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев зиянкестен шаруалар шығынға ұшырамас үшін алдын алу шараларын күшейтуді жүктеді. Өсімдік атаулыны жайлайтын жәндікке қарсы 30 мың гектардан астам аумаққа тиімділігі жоғары дәрі себіледі. Түркістан облысының жалпы жер қоры – 11,6 млн гектарды құрайды, оның 4,2 млн. гектары ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер.
Бүгінде облыс бойынша 1 млн.гектардан астам алқапқа мониторинг жұмыстары жүргізілді. Жыл сайын қолданылатын химикаттарға зиянкестердің иммундық жүйесі пайда болуына байланысты өткен жылдан бастап Түркістан облысында Энжио (Швейцария), Вантекс (Дания) препараттары қолданылып, биологиялық тиімділігі 94% -ды құрады. Биыл бұл жұмыстарға 200-ден астам адам жұмылдырылады. Басым бөлігі жұмыспен қамту орталығы арқылы бағытталмақ.
Облыс әкімінің төрағалығымен өткен апталық аппарат жиынында ветеринариялық және фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары туралы баяндалды. Қайта құрылған «Ветеринариялық қызметте» 2 мыңдай маман жұмыс істейді. Мемлекет басшысының Жолдауында ветеринария саласын жетілдіруге үлкен мән беріп, оның ішінде ветеринариялық мамандардың жалақысын ұлғайтуды тапсырды. Осыған байланысты ветеринариялық дәрігерлердің жалақысы – ауылдық деңгейде 25%-ға, аудандық деңгейде 10%, облыстық деңгей 5 % өсті.
Ветеринариялық іс-шаралардың сапасын арттыру үшін, былтыр жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, 16 бірлік арнайы жабдықталған УАЗ фермер автокөліктері, 16 бірлік биопрепараттарды сақтауға арналған камералық тоңазытқыштар, 200-ге жуық витриналық тоңазытқыштар, 800-ден астам термочемодан, ит ұстауға арналған құралдар мен 390 бірлік компьютер жиынтығы алынды. Бұдан бөлек, аудан, қаладағы 16 ветеринариялық ұйымдар біріктіріліп облыстық «Ветеринариялық қызмет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны құрылды. Бұл тәжірибе елімізде алғашқы рет қолға алынып отыр. Нәтижесінде аудан, қалалардағы көмекші-техникалық персоналдар ветеринар мамандарға алмастырылып саннан сапаға көшірілді.
Биыл жануарлардың аса қауіпті саналатын нодулярлы дерматит, құтыру, аусыл, сібір жарасы, туберкулез, қарасан, эхинококкоз секілді 16 ауруына 40 млн. астам бекітілген жоспарға сәйкес 6 млн. астам доза вакциналар егілді.
Көктемгі және күзгі энзоотиялық аурулардың алдын алу үшін залалсыздандыру жұмыстары бойынша ірі малдарды (түйе, жылқы, сиыр) егуге 143,7 мың флакон, ұсақ малдарды (қой, ешкі) екпе егу 93,2 мың флакон; үй іргелік қора-жайлармен, жапсарлас аумақтарды залалсыздандыруға 35,6 тонна сұйық дәрі; суаттарды залалсыздандыруға 111,7 тонна ұнтақ препараттары жеткізіледі.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Ordabasy: Темірланда шағын көшелерге асфальт төселіп, электр шамдары орнатылды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Ө.ШӨКЕЕВ: «ҚОҚЫС КӨРГЕН ЖЕРГЕ ӘКІМДІ ШАҚЫРТАМЫН»

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ТАШКЕНТТЕ ӨЗБЕК ИНВЕСТОРЛАРЫМЕН МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ТАШКЕНТТЕ ӨЗБЕК ИНВЕСТОРЛАРЫМЕН МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

05.05.2025
7
К-Ж.ТОКАЕВ: ИСПОЛЬЗОВАТЬ ПОТЕНЦИАЛ НАУКИ ДЛЯ ПРОГНОЗИРОВАНИЯ ТЕХНОГЕННЫХ И ПРИРОДНЫХ КАТАСТРОФ
Жаңалықтар

К-Ж.ТОКАЕВ: ИСПОЛЬЗОВАТЬ ПОТЕНЦИАЛ НАУКИ ДЛЯ ПРОГНОЗИРОВАНИЯ ТЕХНОГЕННЫХ И ПРИРОДНЫХ КАТАСТРОФ

12.04.2024
4
ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БӘЙДІБЕК АУДАНЫНА САПАРЫ
Саясат

ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БӘЙДІБЕК АУДАНЫНА САПАРЫ

28.10.2023
8
САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ ДАУЫС БЕРУ ҚҰҚЫҚТАРЫ
Саясат

САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ ДАУЫС БЕРУ ҚҰҚЫҚТАРЫ

28.10.2023
13
САЙЛАУ АЛДЫНДА  ЖӨНСIЗ ҮГІТ ЖҮРГIЗУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ
Саясат

САЙЛАУ АЛДЫНДА ЖӨНСIЗ ҮГІТ ЖҮРГIЗУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

20.10.2023
27
АЗАМАТТАР САЙЛАУШЫЛАР ТІЗІМІМЕН ТАНЫСУҒА ҚҰҚЫЛЫ
Саясат

СЕНІМ БІЛДІРГЕН АДАМДАР МЕН БАЙҚАУШЫЛАРДЫҢ, БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

20.10.2023
27

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
353
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
214
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
163
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
155

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.