САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ ДАУЫС БЕРУ ҚҰҚЫҚТАРЫ — Төрттаған
Пятница, 23 мая, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Саясат

САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ ДАУЫС БЕРУ ҚҰҚЫҚТАРЫ

28.10.2023
Саясат
0
САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ ДАУЫС БЕРУ ҚҰҚЫҚТАРЫ

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ТАШКЕНТТЕ ӨЗБЕК ИНВЕСТОРЛАРЫМЕН МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

К-Ж.ТОКАЕВ: ИСПОЛЬЗОВАТЬ ПОТЕНЦИАЛ НАУКИ ДЛЯ ПРОГНОЗИРОВАНИЯ ТЕХНОГЕННЫХ И ПРИРОДНЫХ КАТАСТРОФ

Азаматты сайлаушылар тізіміне енгізу үшін сайлаушының сайлау учаскесі аумағында тұрғылықты жері бойынша тіркелуі негіз болып табылады.
Сайлауға қатысу үшін қажетті шарт — сайлаушылар тізіміне сайлаушылардың енгізілуі болып табылады. Сайлаушылардың тізімдерін тұрғылықты жері бойынша тиісті әкімдік жасайды.
Сайлауға дейінгі отыз күннен кешіктірілмей – сайлаушының сайлау күні тіркелген жері бойынша дауыс беруге арналған үй-жайға келу мүмкіндігі болмайтыны белгілі болса, сол жердің әкімдігіне сайлау күні болатын жері бойынша сайлаушылар тізіміне енгізу туралы жазбаша өтінішпен жүгінуге құқылы.
Дауыс берудің басталуына жиырма күн қалғанда, тиісті әкімдік учаскелік сайлау комиссияларына акт бойынша сайлаушылар тізімдерін ұсынады.
Дауыс беру күніне он бес күн қалғанда, сайлаушылардың тізімдері сайлау учаскелерінде танысу үшін сайлаушыларға ұсынылады.
Сайлаушы сайлаушылар тізіміндегі өзі туралы деректерді тексеруге және тізімге енгізілмегені, дұрыс енгізілмегені немесе тізімнен алынып тасталғаны, сондай-ақ тізімдегі деректерде жаңсақтықтар жіберілгені үшін шағым жасауға құқылы. Тізімдерге түзетулер енгізу қажеттігі туралы өтініштерді учаскелік сайлау комиссиясы өтініш келіп түскен күні қарайды.
Жалпы жұрттың танысуы үшін сайлаушылар тізімдерін ұсыну мен сайлау күні арасындағы кезеңде – сайлаушы болатын орнын ауыстырған кезде тіркелген жері бойынша учаскелік сайлау комиссиясына жүгінеді. Ол жерде төлқұжатты немесе жеке куәлікті берген кезде учаскелік сайлау комиссиясы дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін табыс етеді. Бұл ретте сайлаушылар тізіміне тиісті белгі қойылады.
Есептен шығару куәлігі — бір елді мекеннің шегіндегі басқа сайлау округінде немесе басқа сайлау учаскесінде дауыс беруге қатысқысы келетін сайлаушыларға берілмейді.
Есептен шығару куәліктерін беру — дауыс беру күні алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша 18 сағатта аяқталады.
Дауыс беретін күні дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін көрсеткен кезде учаскелік сайлау комиссиясы келген орны бойынша сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне енгізеді.
Сайлаушы өзі дауыс береді. Сайлауда дауыс құқығын басқа біреуге беруге және сол сияқты басқа адам үшін дауыс беруге жол берілмейді.
Дауыс беруге арналған бюллетеньдер сайлаушыға сайлаушылар тізімінің негізінде Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжатын немесе жеке куәлігін көрсеткен кезде беріледі. Сайлаушы сайлаушылар тізімінде бюллетеньдерді алғандығы туралы қол қояды.
Сайлау бюллетеньдерін сайлаушы жасырын дауыс беруге арналған кабинада толтырады. Оларды толтыру кезінде кімнің болса да, кіріп тұруына тыйым салынады.
Егер сайлаушының бюллетеньді өз бетінше толтыруға мүмкіндігі болмаған жағдайда, өзі сенетін адамның көмегін пайдалануға құқылы, оның аты-жөні дауыс бергеннен кейін сайлаушылардың тізіміне тіркеліп, тұсына бюллетень алғандығы туралы қолы қойылады.
Сайлау күні жергілікті уақыт бойынша сағат он екіден кешіктірмей – сайлаушы денсаулығының жай-күйі бойынша, науқас отбасы мүшесін күту себебі бойынша, сайлау учаскелері құрылмаған шалғайдағы және қатынасу қиын аудандарда болып, дауыс беру үшін келе алмайтын болса, учаскелік сайлау комиссиясына өзі болатын жерде дауыс беруді ұйымдастыру туралы жазбаша өтінішпен жүгінуге құқылы. Учаскелік сайлау комиссиясы сайлаушының болатын жері бойынша дауыс беруді ұйымдастыруға тиіс.
Әділхан СЕЙДАХМЕТОВ,
Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

АРЫСТА ЖЕРГІЛІКТІ ТҰҚЫМБАҚТА ӨНДІРІЛГЕН ЖӘНЕ ҚАЛА КЛИМАТЫНА БЕЙІМДЕЛГЕН АҒАШТАР ЕГІЛІП ЖАТЫР

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БӘЙДІБЕК АУДАНЫНА САПАРЫ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ТАШКЕНТТЕ ӨЗБЕК ИНВЕСТОРЛАРЫМЕН МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ТАШКЕНТТЕ ӨЗБЕК ИНВЕСТОРЛАРЫМЕН МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

05.05.2025
4
К-Ж.ТОКАЕВ: ИСПОЛЬЗОВАТЬ ПОТЕНЦИАЛ НАУКИ ДЛЯ ПРОГНОЗИРОВАНИЯ ТЕХНОГЕННЫХ И ПРИРОДНЫХ КАТАСТРОФ
Жаңалықтар

К-Ж.ТОКАЕВ: ИСПОЛЬЗОВАТЬ ПОТЕНЦИАЛ НАУКИ ДЛЯ ПРОГНОЗИРОВАНИЯ ТЕХНОГЕННЫХ И ПРИРОДНЫХ КАТАСТРОФ

12.04.2024
4
ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БӘЙДІБЕК АУДАНЫНА САПАРЫ
Саясат

ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БӘЙДІБЕК АУДАНЫНА САПАРЫ

28.10.2023
8
САЙЛАУ АЛДЫНДА  ЖӨНСIЗ ҮГІТ ЖҮРГIЗУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ
Саясат

САЙЛАУ АЛДЫНДА ЖӨНСIЗ ҮГІТ ЖҮРГIЗУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

20.10.2023
27
АЗАМАТТАР САЙЛАУШЫЛАР ТІЗІМІМЕН ТАНЫСУҒА ҚҰҚЫЛЫ
Саясат

СЕНІМ БІЛДІРГЕН АДАМДАР МЕН БАЙҚАУШЫЛАРДЫҢ, БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

20.10.2023
27
ШАРДАРАДА УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫ МҮШЕЛЕРІМЕН СЕМИНАР КЕҢЕС ӨТКІЗДІ
Саясат

ШАРДАРАДА УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫ МҮШЕЛЕРІМЕН СЕМИНАР КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

18.10.2023
7

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
429

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
352
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
212
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
157
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
155

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.