Биылғы қараша айында жер шары тұрғындарының саны 8 миллиард адамға жеткені жөніндегі хабар шартарапқа жайылды. Адамзаттың жылдам көбеюі экологиялық проблемалардың өзектілігін арттыра түсері анық.
Халықтың тұтынушылық қажеттіліктерінің артуынан, соған сәйкес техника мен өнеркәсіптің дамуынан туындап жатқан мұндай қиындықтар Қазақстанды да айналып өтпесі анық. Сол себепті өткен жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, ел Үкіметі «Жасыл Қазақстан» атты ұлттық жобаны әзірлеп, бекіткен болатын.
Еліміздегі экологиялық ахуалды жақсартуды мақсат тұтқан құжат төрт негізгі бағыттан тұрады. Біріншісі «Таза Қазақстан» деп аталады. Ол атмосфералық ауа сапасын жақсарту, өндірістік және тұрмыстық қалдықты басқару және еліміздегі су көздерінің тазалығын сақтау секілді міндеттерді қамтиды. Екіншісі «Үнемді Қазақстан» деп аталған. Бұл жерде табиғи ресурстарды тұрақты әрі тиімді пайдалануға мән берілген. Мұндағы әңгіме су ресурстарына және экономиканың энергия сыйымдылығын төмендету жөнінде екен. Ал «Табиғат» бағытының мақсаты – биоалуандықты сақтау және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту. Төртінші бағыт «Экология болашағы» деп аталады. Онда халықтың экологиялық білімі мен мәдениетінің деңгейін арттыруға арналған іс-шаралар кешені қамтылған.
Жалпы, қоршаған ортаны қорғау мәселелері жеке елдердің немесе аймақтардың шеңберінде шектелмейді — олар ғаламдық сипат алады. Оларды жалпы планеталық масштабта шешу қажеттігі халықаралық қауымдастық күштерінің бірігуін, қоршаған ортаны қорғау мақсаттарында халықаралық ынтымақтастықтың дамуын болжайды.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық заңнаманың дамуы экологиялық дағдарыс мәселелерімен тікелей байланысты. Ғаламдық мәселелердің халықаралық маңыздылығы экологиялық жүйелердің тұрақтылығын қолдау үшін нақты шараларды іздестіруді талап етеді. Қоршаған ортаны зиянды әрекеттерден қорғау қызметтің екі негізгі бағытын көздейді: біріншісі — бақылау (мониторинг), екіншісі — басқару (табиғатты қорғауды реттеудің экономикалық шаралары). Осы қызметті планеталық масштабта қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттердің тығыз байланысысыз жүзеге асыру мүмкін емес. Бұл экологиялық проблематиканың бірнеше ерекшеліктерімен байланысты.
Біріншіден, қазіргі ғылым адамның табиғатқа әсер ету механизмімен және пайда болған мәселелерді шешу тәсілдерімен байланысты көптеген сұрақтарға жауап бере алмайды. Сонымен қатар, олар көлемді және қымбат зерттеулерді талап етеді, оның табыстылығы ғылыми ақпаратпен және экологиялық мониторингпен алмасудың үнемі әрекет ететін ғаламдық және аймақтық жүйелерінің болуымен байланысты.
Екіншіден, халықаралық келісімдер қоршаған ортаны қорғау мәселесіндегі халықаралық қауымдастықтың негізгі формаларының бірі екендігін ескере отырып, осы келісімдерді әзірлеген, жасасқан және жойған кезде мемлекеттер танытатын жайбасарлық туралы айтпай кетуге болмайды. Сондай-ақ, мемлекетгердің өздеріне алған халықаралық-құқықтық міндеттерін жүзеге асыру туралы мәселенің айрықша өзекті болып қалатынын айтып кеткен жөн. Табиғатты қорғау конфенцияларының белсенділігін арттыру мақсатында бір жағынан қатысушылардың міндеттемелері нақты болуы, ал екінші жағынан халықаралық келісімдер аясында құрылған адам құқықтарының сақталуын бақылайтын органдар болуы қажет.
Үшіншіден, экологиялық мәселелер экономикалық даму, халық санын бақылау, кедейшілікпен күресу мәселелерімен өзара байланысуы бойынша ерекшеленеді. Бұл жағымсыз экологиялық беталыстарды жеңуге бағытталған іс-шаралардың қабылдануы әлеуметтік, демографиялық және экономикалық факторларды ескере отырып жүзеге асырылуы тиіс.
Халықаралық ұйымдар өздерінің интеллектуалдық, техникалық және қаржылық ресурстары, сондай-ақ қатысушы мемлекеттерге қатысты саяси тәуелсіздігі бар, үнемі әрекет жасайтын құрылымдар ретінде халықаралық табигатты қорғау ынтымақтастығы барысында пайда болатын міндеттерді шешуге арналған құрал болып табылады. Осы себепті 60-жылдардың аяғьшда экологиялық мәселелер жетекші халықаралық ұйымдардың күн тәртібіне енгізілген, бірақ олардың құрылтай құжаттары қоршаған ортаны қорғаудың басым бағыттарының бірі ретінде қарастырылмаған.
Қазіргі кезеңде экологиялық мәселе Еуропа Кеңесі, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтасттық ұйымы, Еуропа одағы, Америкалық мемлекеттер ұйымы сияқты беделді аймақтық ұйымдардың мүдделері аясына енгізілген. Осы саладағы жауалкершілікті ғаламдық деңгейде Біріккен Ұлттар Ұйымы көтерді, кейінгі уақытта ол «қоршаған орта саласындағы халықаралық қызметті ұйымдастыру жөніндегі дүниежүзілік форумға» айналды.
БҰҰ-ның бірінші экологиялық акциясы 1949 жылы ұйымдастырылды, ол кезде Лейк-Саксессте (АҚШ) Табиғатты қорғау жөніндегі халықаралық ғылыми-техникалық конференция өткізілген болатын. 60-жылдары БҰҰ табиғатты пайдаланудың жеке аспектілеріне байланысты шектелген, жүйесіз іс-шаралардан тұрақты негізде өтетін, кешенді іс-әрекетке ауыса бастады. Осы кезде экологиялық мэселелер БҰҰ-ның көптеген арнайы мекемелерінің күн тәртібінде өз орнын тапты. Мысалы, Дүниежүзілік денсаулық сақтау үйымы ластаушы заттардың адам денсаулығына әсері, дүниежүзілік метеорологиялық ұйым — атмосфераның климатқа ықпал ету мәселелерімен айналыса бастады. Азық-түлік жэне ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша үйым азық-түлік өндірісіне экологиялық деградацияның әсер ету және балық ресурстарын шамадан тыс пайдалану мәселелерін зерттеумен айналыса бастады, ал ЮНЕСКО қоршаған орта туралы ғылыми ілімдерді дамыту жауапкершілігін өз мойнына алды.
Сонымен қатар, БҰҰ-ның табиғат қорғау қызметіне 1972 жылы Стокгольм қаласында өткен адамды қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі БҰҰ конференциясы жаңа негіз болды.
Стогольм конференциясы экологиялық мәселелердің барлық аспектілерін ғаламдық деңгейде шешудің кешенді тәсілінің негізін салды. Швед астанасында қабылданған шешімдер қоршаған ортаньщ халықаралық құқығының жылдам дамуы мен БҰҰ-ның экологиялық қызметінің жаңа параметрлерін анықтап, халықаралық табиғатты қорғау ынтымақтастығына күшті серпін берді. Бұдан басқа, конференция ұлттық басымдықтардағы табиғатты қорғау мәселелері жоқ көптеген мемлекеттердің ішкі саясатына да әсер етеді. Стокгольмнен кейін мемлекеттік экологиялық бағдарламалар жаппай әзірленіп, сондай-ақ оларды жүзеге асыру үшін механизмдер құрыла бастады.
Қорытынды пленарлық отырыс кезінде көптеген құжаттардың қабылдануы конференция жүмыстарының қорытындысы болып табылады, оның ішінде Адамды қоршаған орта туралы декларация ерекше орын алады. Кейбір делегаттар Декларацияны оның адамзат тарихындағы маңыздылығына байланысты Ұлы хартиямен салыстырса, ал Намадамның өкілі бұл құжатты қоршаған ортаның халықаралық құқығын әзірлеудегі маңызды қадам ретінде сипаттады. Кейін белгілі француз заңгері Кисе: «Декларация келешекте қоршаған ортаны қорғау саласында кез келген әрекеттер жасау үшін негізгі кұжаттың қызметін атқарады», — деп айтқан болатын. Уақыт осы ескеріудің әділдігін растады. Стокгольм декларациясының ережелері көптеген халықаралық табиғатты қорғау конвенцияларында, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен конференциялардың шешімдерінде көрсетілген.