ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС — Төрттаған
Пятница, 23 мая, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
Жаңалықтар
0
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

Қоршаған ортаны қорғау дегеніміз негізінен қоршаған ортаның табиғи жағдайын жақсарту, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, табиғи байлықтарды сақтау және көркейту негізінде табиғат пен қоғамның өзара үйлесімді әрекетін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық іс шаралар жүйесі.

Қоршаған ортаны қорғау – жерді сақтау, оның пайдалы қазбаларын, су ресурстарын, өсімдіктер мен жануарларды қолдану, ауа мен судың тазалығын қамтамасыз ету, яғни қоғам мен табиғаттың гармониялық қарым-қатынасын қамтамасыз ету. Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген.

READ ALSO

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

Қазақстан Республикасы Конституциясының 31-бабында: «Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін деректер мен жағдаяттарды лауазымды адамдардың жасыруы заңға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады» делінген.

Осыған байланысты қоршаған табиғи ортаны қорғау мемлекеттің міндеті ретінде белгіленген. Сонымен бірге Қазақстан Республикасының әрбір азаматына табиғатты сақтау және оның байлықтарына ұқыптылықпен қарау міндет.

Табиғат пен оның байлықтары Қазақстан халқының өмірі мен қызметінің, олардың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы мен әл-ауқатын арттырудың негізі. Қазақстан Республикасы Конституциясының 38-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті. Себебі, экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік қарастырылған. Қоршаған ортаны қорғаудың маңызды бағыты – зиянды заттардың мөлшерін азайту, жаңа тазалағыш құрылғылар құрастыру, лас көздерін жою, қалдықтарды қайта өндіру, судың тұздалмауын қамтамасыз ету, өнеркәсіптік өндіріс қалдықтарынан тұратын газдарды тазалау, зиянсыздандыру.

Алайды, осы заң принциптері өкінішке қарай, біркелкі сақталмай келеді. Оған дәлел сотқа келіп түсетін талаптардан байқалады. Экономикалық соттың қарауына негізінен экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекциясы тарапынан заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге байланысты берілген нұсқамаларды орындауға мәжбүрлеу туралы талап арыздар легі басым. Мұндай нұсқамалардың белгілеген мерзімінде орындалмауын мемлекеттік мекемелер негізінен бюджеттік қаржының бөлінбеуімен түсіндірсе, кейбір заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер қаржы тапшылығымен байланыстырып жатады.

Адам баласының тіршілігі дүниеге келген күнінен бастап-ақ қоршаған ортамен, табиғатпен тікелей қарым-қатынаста болады. Даму ырғақтығы бір-бірімен үйлесімді байланыста жүргенде ғана табиғат заңы бұзылмайды. Сондықтан қоршаған ортаны қорғауды табиғат байлығын сақтап, оны дұрыс пайдаланудың мәні ерекше. Адамның тіршілігі үшін пайдаланылатын табиғи заттардың барлығын «табиғи қор» дейді. Адам баласы осы табиғи қорларды пайдалану арқылы материалдық тұрмысын және әлеуметтік, экономикалық жағдайын жақсартып отырады. Табиғи қор қоғам үшін тағам, мал азығы, құрылыс материалдары, дәрі-дәрмектер, киім, т.б заттар алынатын байлық көзі. Алайда табиғи қорды пайдалану арқылы адам қолымен жасаған заттарды табиғи қорға жатқызуға болмайды. Мысалы, ағаштан жасалған үй, металдан жасалған соқа табиғи қор емес. Олай болса, адамның қимылының әсерінен планеталық материалдық байлықтың құрамынан шығып, бағалы материалдық тауарға айналған заттар табиғи зат болып саналмайды. Адам қолмен табиғи қолдан жасалған материалдық құнды зат енді табиғи заттың аналогы бола алмайды. Ол зат қоғамның белгілі бір мақсатына жұмсалады. Мұндай табиғи қордан жасалған құнды заттар өте көп, оны санап шығу мүмкін емес. Табиғаттың өзі жасаған нағыз қоры көп емес, оған: жер, су, орман-тоғай, өсімдік және жануар дүниесі, атмосфера ауасы, күн және жел қуаты, пайдалы қазбалар т.б. жатады. Табиғи қордың қасиетіне және ерекшелігіне қарай мынадай топтарға бөледі.

Нағыз табиғи қор деп адам қоғамының өндіріс айналымы қатыстырылған қорды айтады. Нағыз қорға мысал ретінде пайдаланып келе жатқан жерде, әртүрлі өсімдіктерді, балықтарды, мұнайды, тас көмірді, газды бірте-бірте атом энергиясын жатқызамыз.

Адамның табиғатқа әсері зиянды салдар тудыруы мүмкін. Мемлекет әрқашанда табиғи ортаны осындай зиянды әрекеттерден қорғау үшін белгілі бір құқықтық ережелер шығарады. Табиғи ортаны адамның зиянды әрекеттерінен қорғауға бағытталған нормалардың (ережелердің) жиынтығы экологиялық құқық деп аталады. Адамның табиғатқа зиянды әсерінің салдарынан XX ғасырдың ортасында әлемдегі экологиялық жағдай күрт төмендеп кетті. Экологиялық жағдайдың нашарлағаны соншалық, бүгінде ол әлемнің кейбір аймақтарында адамның тұрмыс тіршілігімен коса оның өмірі үшін де үлкен қатер тудырып отыр.

2002 жылы Йоханнесбургте (ОАР) тұрақты даму жөніндегі өткізілген Бүкіләлемдік самитте (кездесуде) бүгінгі күні биологиялық әртүрлілік жылдам қарқынмен қысқарып бара жатқандығы атап айтылды. Адамның әрекеті нәтижесінде теңіздердегі балық коры 75 пайызға дейін азайды, маржан рифтерінің 70 пайызы жойылу каупінде тұр. Табиғат тозуда, сонымен бірге адамзат та тозып барады, қоршаған ортаның ластануы нәтижесінде халықтың денсаулығы да нашарлап келеді, ал мұның соңы адам тегінің бұзылуына әкеп соқтырады.

Мемлекет өз органдарына қоршаған ортаны қорғау бойынша экономикалық, техникалық, ұйымдық және құқықтық шараларды жүзеге асыруды міндеттейді. Бұл шаралардың барлығы заңдар мен басқа да құқықтық актілердің ережелеріне негізделуі қажет. Өз кезегінде барлық заңдар құқықтық қағидаларға негізделуі керек.

Құқықтың қағидалары – Қазақстан Республикасы Конституциясында көрсетілген негізгі бастамалар, басшы идеялар мен құқық ережелері. Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі қағидаттарын қарастырасақ, қолайлы қоршаған ортаға және тұрақты дамуға адам құқығының басымдылығы қағидаты. Адамдардың табиғатпен үйлесімділікте, салауатты және жемісті өмір сүруге құқығы бар; мемлекеттің табиғи ресурстарды пайдалануға егемендік қағидаты. Мемлекет қоршаған ортаны қорғау саласында тиімді заңдық актілер қабылдайды; әрбір адамның қоршаған ортаны қорғау ісіне қатысу қағидаты. Табиғаттың жағдайы әрбір адамға байланысты болады, біз табиғат үшін жауаптымыз және болашақ ұрпақ үшін табиғат байлығын сақтауға бар күшімізді жұмсауға тиістіміз; қоршаған ортаны қорғаудағы жауаптылық қағидаты.

Сонымен, қоршаған ортаны корғау мен адамның өмір сүруі үшін қолайлы жағдай туғызу – демократиялық мемлекеттің басты мақсаты. Осыған байланысты мемлекет өз органдарын кешенді экономикалық, техникалық, ұйымдастырушылық және құқықтық шараларды жүзеге асыруға міндеттейді. Әрбір адамның салауатты қоршаған ортаға құқығы бар, сонымен бірге әрбір адам табиғатты аялауы керек, қоршаған ортаны ластамауы қажет. 1992 жылы БҰҰ-ның Конференциясында Бразилияда қоршаған орта және оны дамыту жөнінде Рио-де-Жанейро Декларациясы қабылданды. Қазақстан да осы декларацияға қосылды. Елімізде қоршаған ортаны қорғауға байланысты бірнеше заң актілері қабылданды. Мұндағы мақсат – еліміздің табиғат байлықтарын болашақ ұрпақ үшін сақтау.

Д.Дүрмән

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

САРЫАҒАШ АУДАНЫНЫҢ ӨНІМДЕРІ САУДАЛАНУДА

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

МАҚТААРАЛДА БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ БОЙЫНША ЖӘРМЕҢКЕ ӨТТІ

Оқи отырыңызМақалалар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане
Жаңалықтар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

06.05.2025
4
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА 101 ЖАСТАҒЫ МАЙДАНГЕРМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе» При использовании материалов в СМИ ссылка на «Индустриальную Караганду» обязательна: https://inkaraganda.kz/novosti/obshhestvo/zhiteli-karagandinskoj-oblasti-aktivno-podderzhivajut-respublikanskuju-onlajn-akciju-doroga-k-pobede/

05.05.2025
4
Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»

05.05.2025
4
ТҮРКІСТАНДА КӨКПАРДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА КӨКПАРДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

05.05.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
429

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
352
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
212
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
157
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
155

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.