ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БӘЙДІБЕК АУДАНЫНА САПАРЫ — Төрттаған
Воскресенье, 18 мая, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Саясат

ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БӘЙДІБЕК АУДАНЫНА САПАРЫ

28.10.2023
Саясат
0
ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БӘЙДІБЕК АУДАНЫНА САПАРЫ

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ТАШКЕНТТЕ ӨЗБЕК ИНВЕСТОРЛАРЫМЕН МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

К-Ж.ТОКАЕВ: ИСПОЛЬЗОВАТЬ ПОТЕНЦИАЛ НАУКИ ДЛЯ ПРОГНОЗИРОВАНИЯ ТЕХНОГЕННЫХ И ПРИРОДНЫХ КАТАСТРОФ

2023 жылғы 5-қарашада өтетін пилоттық режимде өтетін аудандар мен қалалар әкімдерінің сайлауына дайындық және оны ұйымдастыру барысымен танысу үшін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров жұмыс сапарымен Бәйдібек ауданында болды.
Іссапарға ҚР ОСК хатшысы Мұхтар Ерман және Орталық сайлау комиссиясы аппаратының жауапты қызметкерлері қатысты.
Орталық сайлау комиссиясының басшылығы ауданымыздағы №174, №188, №190 учаскелік сайлау комиссияларының жұмысымен танысты. Аудандық сайлау комиссиясының мүшелері және аудандағы барлық учаскелік сайлау комиссияларының төрағаларының қатысуымен «Дауыс беру күні» тренингі көрсетілді.
Жұмыс сапары барысында ҚР ОСК төрағасы Нұрлан Мәжитұлы – Жамбыл ауылының тұрғындарымен және олар сайлаған әкіммен кездесті. Кездесуде сайлау жүйесіндегі маңызды конституциялық реформалар, аудан әкімінің алдағы сайлауы, ауыл әкімдерін сайлаудың жинақталған тәжірибесі және олардың қызметін бағалау туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Жамбыл ауылының тұрғындары Әмір Айдарұлы, Марина Маликова, Жеңіс Дүмшебаевтар ауыл әкімін сайлау тәжірибесімен бөліссе, еңбек ардагері Сейділда Тұрлыбеков әкімдерді тікелей сайлау мем-лекеттік қызметте тиімді басқарушыларды іріктеу және ілгерілету үшін әлеуметтік лифтке айналғанын айтты.
«Жастар орталығының» мәжіліс залында ауданның жастарымен кездесіп, дауыс берудің баламалы нысандарын қолданудың халықаралық тәжірибесін, пропорционалды жүйемен қатар мажоритарлық жүйені қолдану, сондай-ақ аудандық деңгейдегі әкімдердің сайлауын алғаш рет өткізетінін егжей-тегжейлі баяндады.
Кездесуде Әсілхан Жаннель сайлаушының дауыс беру құқығы туралы сөз қозғаса, Закария Ізмахан сайлауды байқау үшін қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу институтын енгізуді қолдап, байқаушылардың кәсіби деңгейін көтеру құралы ретінде оның мерзімдерін нақтылады.
Іссапар соңында Нұрлан Мәжитұлы Бәйдібек ауданы әкімінің сайлауын пилоттық режимде өткізу мәселелері бойынша кең көлемде ашық кеңес өткізді. Жиын барысында атқарылып жатқан жұмыстар мен сайлауға дайындық туралы Бәйдібек ауданы әкімінің міндетін атқарушы Берік Тұрлыбеков, Бәйдібек ауданының прокуроры Мәди Байтелиев, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Сержан Сағымбаев, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ержан Отыншиев, Бәйдібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Марат Қырықбаев баяндады.
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы кеңеске қатысқан лауазымды тұлғалардың назарын сайлауды заңнамаға сәйкес өткізу және қоғамдық және өзге де қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттігіне аударып, сайлауға дайындықты қорытындылады.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ ДАУЫС БЕРУ ҚҰҚЫҚТАРЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

МАҚТААРАЛДА 9 ЕЛДІМЕКЕНГЕ ТАБИҒИ ГАЗ БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ТАШКЕНТТЕ ӨЗБЕК ИНВЕСТОРЛАРЫМЕН МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ТАШКЕНТТЕ ӨЗБЕК ИНВЕСТОРЛАРЫМЕН МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

05.05.2025
4
К-Ж.ТОКАЕВ: ИСПОЛЬЗОВАТЬ ПОТЕНЦИАЛ НАУКИ ДЛЯ ПРОГНОЗИРОВАНИЯ ТЕХНОГЕННЫХ И ПРИРОДНЫХ КАТАСТРОФ
Жаңалықтар

К-Ж.ТОКАЕВ: ИСПОЛЬЗОВАТЬ ПОТЕНЦИАЛ НАУКИ ДЛЯ ПРОГНОЗИРОВАНИЯ ТЕХНОГЕННЫХ И ПРИРОДНЫХ КАТАСТРОФ

12.04.2024
4
САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ ДАУЫС БЕРУ ҚҰҚЫҚТАРЫ
Саясат

САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ ДАУЫС БЕРУ ҚҰҚЫҚТАРЫ

28.10.2023
13
САЙЛАУ АЛДЫНДА  ЖӨНСIЗ ҮГІТ ЖҮРГIЗУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ
Саясат

САЙЛАУ АЛДЫНДА ЖӨНСIЗ ҮГІТ ЖҮРГIЗУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

20.10.2023
27
АЗАМАТТАР САЙЛАУШЫЛАР ТІЗІМІМЕН ТАНЫСУҒА ҚҰҚЫЛЫ
Саясат

СЕНІМ БІЛДІРГЕН АДАМДАР МЕН БАЙҚАУШЫЛАРДЫҢ, БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

20.10.2023
27
ШАРДАРАДА УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫ МҮШЕЛЕРІМЕН СЕМИНАР КЕҢЕС ӨТКІЗДІ
Саясат

ШАРДАРАДА УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫ МҮШЕЛЕРІМЕН СЕМИНАР КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

18.10.2023
7

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
428

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
349
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
211
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
157
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
152

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.