AMANAT: АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ МӘСЕЛЕНІҢ ШЕШІМІН КҮТЕДІ — Төрттаған
Среда, 21 мая, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Саясат

AMANAT: АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ МӘСЕЛЕНІҢ ШЕШІМІН КҮТЕДІ

«AMANAT» партиясын қайта жаңғырту бағдарламасы аясында бірқатар бастамалар сәтті іске асырылып келеді. Ауыл-аймақтағы ағайынның мұң-мұқтажын тыңдауға бағытталған мобильді қоғамдық қабылдау жобасы 14 наурызда басталған болатын.

11.04.2022
Саясат
0
AMANAT: АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ МӘСЕЛЕНІҢ ШЕШІМІН КҮТЕДІ

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ТАШКЕНТТЕ ӨЗБЕК ИНВЕСТОРЛАРЫМЕН МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

К-Ж.ТОКАЕВ: ИСПОЛЬЗОВАТЬ ПОТЕНЦИАЛ НАУКИ ДЛЯ ПРОГНОЗИРОВАНИЯ ТЕХНОГЕННЫХ И ПРИРОДНЫХ КАТАСТРОФ

«AMANAT» партиясын қайта жаңғырту бағдарламасы аясында бірқатар бастамалар сәтті іске асырылып келеді. Ауыл-аймақтағы ағайынның мұң-мұқтажын тыңдауға бағытталған мобильді қоғамдық қабылдау жобасы 14 наурызда басталған болатын.
Бүгін Түркістан облысына «AMANAT» партиясының Республикалық мобильді қоғамдық қабылдау бөлмесінің өкілдері арнайы келіп, Отырар және Ордабасы аудандарының тұрғындарымен кездесті. Оған Облыстық партия филиалынң Атқарушы хатшысы Бейсен Тәжібаев пен Ордабасы ауданының әкімі Бағлан Батыршаев қатысты.
Әуелі олар Ордабасы ауданына қарасты Жеңіс ауылдық округіне, кейін Отырар ауданындағы Ақтөбе ауылдық округіне барды. Екі ауылдық округтегі қабылдауларға жалпы саны 100-ден астам азамат өздерін алаңдатқан мәселелеріне жауап іздеп келді. Мұнан бөлек тағы 3 шалғайдағы ел өтінішіне назар салынды.
Қабылдауларда тұрғындардың басым бөлігі жаңа мектептер мен спорт алаңшаларын салу, ішшкі жол құрылысы, көшелерді жарықтандыру, ауыл шаруашылығы, субсидия алу, ағын су, жайылым жер, ұялы байланыс пен интернет сапасының нашарлауы, тұрғын үй-коммуналдық, жұмыссыздық және әлеуметтік мәселелерді көтерді.
Мәселен Жеңіс ауылдық округінің тұрғыны Усманов Әділбек шаруа қожалықтарына су жетіспеушілік ең өзекті проблема екенін айтты.
— Бүгін халыққа ортақ мәселе ағын су тапшылығын көтердім. “Р-6” каналы 1967 жылы құрылып, су сыйымдылығы секундына 2000 куб текше метр болған. Қазіргі таңда 1400 метрге азайған. Арықтың бойында 113 шаруа қожалық бар. Жаңа жайылым жерлерге су жеткізу қиын. Бүгін қабылдауда айтқан талабым арықты заңға сәйкес күрделі жөндеуден өткізу керек. Сапасыз болмауын қадағалап, комиссия мүшелігіне халықтың ішінен бір азаматты сайлағанымыз әділ болар еді. Мәселе шешіледі деп сенім артамыз, — деді өтініш иесі.
Партияның Республикалық мобильді қоғамдық қабылдау өкілдері бұған дейін 4 облыста болып, халықтың арыз-шағымына құлақ асты. Ал, Түркістан облыстық филиалы мобильді қабылдауларын Қазығұрт, Созақ, Сарыағаш және Келес аудандарында өткізді. 20 ауылдық округ қамтылған қабылдауларға жалпы 786 азамат келіп, өз өтініштерін білдірді. Тіпті кейбірі ашық аспан астында ұйымдастырылып, ерекшеленді.
— Осы таңға дейін Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі 120-ға жуық қабылдауларды өткізіп, оған 1300-ден астам азаматтар келді. 1 айға жетпей өтініштердің 25%-ы оң шешімін тапты. Бүгін Ордабасы ауданы, Жеңіс ауылына келіп мобильді қоғамдық қабылдау өткіздік. Түркістан облысының басқарма басшылары, партияның депутаттық фракция мүшелері қатысып, азаматтарды қабылдады. Жеңіс ауылын сараптайтын болсақ, көп көтерілген мәселе суармалы егістік пен жайылым жерлері жайлы болды. Яғни екі қолға бір күрек табатын, жұмыс жасайтын азаматтар бар. Ең бастысы су жеткізу мәселесі республикалық деңгейде шешілуі керек. Осы тектес жайылым жер мен газдандыру мәселесі де өзекті. Сұрақтар жинақталып, Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі арқылы Министрлікке хат жолданады. Әр мәселеге тиянақты жауап беруін қадағалаймыз, — дейді Республикалық қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Азамат Біржанов.
Партияның Түркістан облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Бейсен Тәжібаевтың айтуынша өңірлік филиалдың қабылдау бөлмелеріне 2021 жылы 22 600-ден астам өтініш келіп түскен. Қарау нәтижелері бойынша 70%-ы оң шешілді. Ал, биылғы жылдың 3 айында 4400-ге жуық шағым қабылданып, оның 48,8%-ы оңтайлы шешімін тапқан.
«AMANAT» партиясы
Түркістан облыстық филиалының
баспасөз қызметі
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Ordabasy: Күш атасы — Қажымұқан өскелең ұрпақтың санасында жаңғыра береді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Ordabasy: Темірланда шағын көшелерге асфальт төселіп, электр шамдары орнатылды

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ТАШКЕНТТЕ ӨЗБЕК ИНВЕСТОРЛАРЫМЕН МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ТАШКЕНТТЕ ӨЗБЕК ИНВЕСТОРЛАРЫМЕН МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

05.05.2025
4
К-Ж.ТОКАЕВ: ИСПОЛЬЗОВАТЬ ПОТЕНЦИАЛ НАУКИ ДЛЯ ПРОГНОЗИРОВАНИЯ ТЕХНОГЕННЫХ И ПРИРОДНЫХ КАТАСТРОФ
Жаңалықтар

К-Ж.ТОКАЕВ: ИСПОЛЬЗОВАТЬ ПОТЕНЦИАЛ НАУКИ ДЛЯ ПРОГНОЗИРОВАНИЯ ТЕХНОГЕННЫХ И ПРИРОДНЫХ КАТАСТРОФ

12.04.2024
4
ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БӘЙДІБЕК АУДАНЫНА САПАРЫ
Саясат

ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БӘЙДІБЕК АУДАНЫНА САПАРЫ

28.10.2023
8
САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ ДАУЫС БЕРУ ҚҰҚЫҚТАРЫ
Саясат

САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ ДАУЫС БЕРУ ҚҰҚЫҚТАРЫ

28.10.2023
13
САЙЛАУ АЛДЫНДА  ЖӨНСIЗ ҮГІТ ЖҮРГIЗУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ
Саясат

САЙЛАУ АЛДЫНДА ЖӨНСIЗ ҮГІТ ЖҮРГIЗУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

20.10.2023
27
АЗАМАТТАР САЙЛАУШЫЛАР ТІЗІМІМЕН ТАНЫСУҒА ҚҰҚЫЛЫ
Саясат

СЕНІМ БІЛДІРГЕН АДАМДАР МЕН БАЙҚАУШЫЛАРДЫҢ, БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

20.10.2023
27

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
429

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
352
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
212
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
157
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
154

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.