“AMANAT AQYLMAN” – ЗИЯТКЕРЛІК ПЕН БІРЛІКТІҢ САЙЫСЫ — Төрттаған
Суббота, 19 сентября, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

“AMANAT AQYLMAN” – ЗИЯТКЕРЛІК ПЕН БІРЛІКТІҢ САЙЫСЫ

09.06.2025
Қоғам
0
“AMANAT AQYLMAN” – ЗИЯТКЕРЛІК ПЕН БІРЛІКТІҢ САЙЫСЫ

READ ALSO

Отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 28,35 трлн теңгеге жетті    

2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарын басқарудың кеңейтілген мүмкіндіктеріне ие болды

Бүгін “AMANAT” партиясының Жетісай аудандық филиалы және “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен бастауыш партия ұйымдарының арасында ерекше форматтағы ауқымды интеллектуалды сайыс – “AMANAT AQYLMAN” өтті. Бұл білім додасы партияның зияткерлік әлеуетін арттыру, ішкі ұйымшылдықты нығайту, саяси белсенділік пен мәдени танымды көтеру мақсатында ұйымдастырылды.
Іс-шараға “AMANAT” партиясы Жетісай аудандық филиалының төрағасы Асқар Қайназаров, “Жастар рухы” жастар қанатының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Жансерік Бауыржанұлы, “Тұран” мектеп-гимназиясының бейіндік жұмыстар жөніндегі орынбасары Табиғат Маратұлы, жеке кәсіпкер Самат Амангелдіұлы, сондай-ақ бастауыш партия ұйымдарының мүшелері мен филиал қызметкерлері қатысты.
Сайысқа аудан аумағындағы бастауыш партия ұйымдарынан 8 команда іріктеліп қатысты. Әр команда өз ұйымының атынан қатысып, намысын қорғады. Қатысушылар тарих, мәдениет, саясат, заманауи Қазақстан, ұлттық құндылықтар мен партия жұмысына қатысты тақырыптарды қамтыған сан алуан сұрақтарға жауап берді.
Жарыс барысында командалар тек білімдерімен ғана емес, өзара қолдаушылықтары, шапшаң ойлау қабілеттері мен бір-бірін тыңдай білу мәдениетімен де ерекшеленді. Бұл – нағыз командалық рух пен бірліктің көрінісі болды. Залдағы көрермендер де үлкен қызығушылықпен тамашалап, өз командаларын қолдады.
 Сайыс 4 кезеңнен тұрды. Әр кезеңде сұрақтар біртіндеп күрделене түсті. Қатысушылар тарихи деректер мен нақты дәйектерді келтіріп, өз білімдерінің тереңдігін көрсете білді. Сонымен қатар, сайысқа әділ төрелік еткен қазылар алқасы да жоғары кәсібилікпен жұмыс атқарды.
 Сайыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен командалар келесідей марапатталды:
 Бірінші орын – 50 000 теңге: “Ақыл арнасы” командасы (Қарақай бастауыш партия ұйымы)
 Екінші орын – 30 000 теңге: “IQ Жетісай” командасы (Мырзашөл және Береке бастауыш партия ұйымдары)
 Үшінші орын – 20 000 теңге: “Тапқыр team” командасы (Қазыбек би және Жаңа ауыл бастауыш партия ұйымдары)
Қалған командалар да назардан тыс қалмады. Барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды. Бұл – олардың белсенділігіне, білімге деген құштарлығына және “AMANAT” партиясының бастамаларына деген адалдығына берілген әділ баға.
 Осындай форматтағы іс-шаралар партия жұмысына тың серпін береді. Олар бастауыш ұйымдар арасындағы байланысты нығайтып қана қоймай, мүшелердің өзара тәжірибе алмасуына, жеке дамуына және қоғамдық мәселелерге терең үңілуіне жол ашады.
Сайыстан ерекше әсер мен жарқын сәттер есте қалды. Іс-шара соңында қатысушылар мен ұйымдастырушылар естелік суретке түсіп, алдағы уақытта да осындай мазмұнды шаралардың жалғасуын тіледі.
Білім – баға жетпес байлық. Біз осы байлықты бағалайтын, ойлы да ұлтжанды азаматтарды тәрбиелеуге күш салып келеміз.
“AMANAT AQYLMAN” сайысы – соның жарқын дәлелі.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ОТЫРАРЛЫҚТАР «ӨНЕРЛІ ӨЛКЕНІҢ» КЕЛЕСІ КЕЗЕҢІНЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«НАШАҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

Оқи отырыңызМақалалар

БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сұрақтар
Қоғам

Отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 28,35 трлн теңгеге жетті    

17.09.2026
4
БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сұрақтар
Қоғам

2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарын басқарудың кеңейтілген мүмкіндіктеріне ие болды

17.09.2026
9
БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сұрақтар
Қоғам

«БЖЗҚ» АҚ зейнетақы төлемдерін уақытылы рәсімдеудің маңыздылығын ескертеді

17.09.2026
9
Актуальные вопросы о ЕНПФ
Қоғам

ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ   АО «ЕНПФ» напоминает о важности своевременного оформления пенсий

17.09.2026
3
Актуальные вопросы о ЕНПФ
Қоғам

С 7 сентября 2026 г. вкладчики ЕНПФ получили больше возможностей по управлению пенсионными накоплениями

17.09.2026
3
БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сұрақтар
Қоғам

  БЖЗҚ «Halyk Global Markets» АҚ-мен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шартты бұзу жоспарланғанын еске салады

17.09.2026
3

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
465

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
401
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
333
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
295
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
222

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.