Алаяқтардан қалай сақтанып, зейнетақы жинақтарын қорғауға және дербес деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болады? БЖЗҚ қызметтері тегін бе? — Төрттаған
Четверг, 19 ноября, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Алаяқтардан қалай сақтанып, зейнетақы жинақтарын қорғауға және дербес деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болады? БЖЗҚ қызметтері тегін бе?

БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сауалдар мен жауаптар

19.11.2026
Қоғам
0
Соңғы 12 ай ішінде отандастарымыздың  зейнетақы жинақтарының көлемі 2,60 трлн теңгеге артты

БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сауалдар мен жауаптар

 

READ ALSO

Ваши пенсионные накопления: больше возможностей — больше выбора ЕНПФ приглашает на День открытых дверей

Зейнетақы жинақтарыңыз – мүмкіндіктер көп, таңдау мол «БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады

  1. Алаяқтар қандай негізгі айла-тәсілдерді қолдануы мүмкін?

 

«Қайта есептеу», «жарналардың түспеуі», «сізге тиесілі төлем» және электрондық кезекті брондау туралы қоңыраулар мен хабарламалар

 

Алаяқтар өздерін БЖЗҚ қызметкерлері ретінде таныстырып, телефон соғады немесе мессенджерлер арқылы хабарлама жібереді. Олар салымшының шотына зейнетақы жарналары түспей жатқанын немесе керісінше, азаматқа жаңа зейнетақы төлемі не қосымша үстемеақы тағайындалғанын, қайта есептеу жүргізілгенін айтып, сендіруге тырысады. Жарналардың аударылмау себептерін анықтау немесе төлемді рәсімдеу сылтауымен жалған қызметкерлер жеке деректеріңізбен бөлісіп, бөлімшелерге электрондық кезек брондау үшін SMS-хабарлама арқылы келген кодты айтуды сұрайды.

Шоттардың бұғатталғаны туралы жалған ақпарат

Алаяқтар компаниялардың қызметкерлеріне немесе бухгалтерлеріне хабарласып, зейнетақы шотының бұғатталғанын (мысалы, транзиттік шоттарға тыйым салынуына байланысты) мәлімдеуі мүмкін. Содан кейін жәбірленушіні «сот орындаушыларына» бағыттап, жоқ шектеулерді алып тастау үшін айыппұл ретінде ақша аударуды талап етеді.

Зейнетақы жинақтарын сыйақы үшін қолма-қол ақшаға айналдыру туралы ұсыныстар

Делдалдар тұрғын үй жағдайын жақсарту немесе емделу мақсатында, сондай-ақ жинақтарды инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) аудару желеуімен зейнетақы жинақтарының бір бөлігін шығарып беруді ұсынады. Бұл ретте олар көрсететін қызметтері үшін алдын ала төлем жасауды және/немесе банк шотының деректемелерін беруді сұрауы мүмкін.

Жасанды интеллект технологияларын пайдалану

Алаяқтар жасанды интеллект технологияларын да қолданады. Мысалы, жалған сайттар жасайды, адамның дауысын қолдан жасап, жалған аудио және бейнематериалдар әзірлейді.

 

  1. Дербес деректер мен зейнетақы жинақтарын алаяқтардан қалай қорғауға болады?

 

БЖЗҚ қызметкерлері ешқашан телефон арқылы жеке деректерді сұрамайтынын, SMS-кодтарды немесе парольдерді айтуды, сондай-ақ қандай да бір шотқа ақша аударуды талап етпейтінін есте ұстаған жөн.

Зейнетақы жинақтарын тек заңнамада көзделген жағдайларда ғана алуға болады. Бұл ретте ешқандай делдалдың көмегіне жүгінудің қажеті жоқ.

Кез келген ақпаратты тек БЖЗҚ-ның enpf.kz ресми сайты немесе Қордың ресми байланыс арналары арқылы тексеру қажет. Алаяқтық белгілері байқалған жағдайда әңгімені дереу тоқтатып, полицияға хабарласқан жөн.

Сондай-ақ Қор қызметкерлері зейнетақы жинақтарын аударуға, инвестициялауға, қандай да бір акциялар мен қаржы құралдарын сатып алуға шақыратын түрлі бейнероликтерге қатыспайтынын ескерген жөн.

 

  1. БЖЗҚ қызмет көрсеткені үшін ақы ала ма?

 

БЖЗҚ ескертеді:

  • Зейнетақы төлемдерін рәсімдеу делдалсыз және комиссиясыз жүзеге асырылады.
  • Қор қызмет көрсеткені үшін ақы алмайды, барлық төлемдер заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

 

  1. Әлеуметтік желілердегі зейнетақы жинақтарын ИПБ-ға аудару, түрлі облигациялар мен акцияларға инвестициялау, қаржылық операциялар жүргізу немесе ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын соманы шешіп алу бойынша делдалдық қызметтер туралы хабарландыруларға сенуге бола ма?

 

Зейнетақы активтерін әдепкі тәртіп бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі инвестициялық басқаруға алады. Ол зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқарушы ретінде Инвестициялық декларацияға сәйкес түрлі қаржы құралдарына инвестициялайды.

Ұлттық Банктен бөлек, салымшының таңдауы бойынша зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) да басқара алады. Зейнетақы жинақтарын ИПБ-ға аударуды салымшы тек өз қалауымен enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте немесе БЖЗҚ мобильді қосымшасында электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалана отырып жүзеге асыра алады.

Зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделу мақсатында пайдалану тек уәкілетті операторлар (екінші деңгейдегі банктер) арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан бұл үшін де делдалдардың көмегіне жүгінудің қажеті жоқ.

 

  1. Делдалдар «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасына балалар туралы мәліметтерді енгізуге немесе осы бағдарлама аясындағы нысаналы жинақтарды алу бойынша көмектерін ұсынады. Олардың қызметіне жүгінген дұрыс па, бағдарламаға қатысу үшін ақы төлеу қажет пе?

 

Балаларға нысаналы талаптарды есептеу үшін олар туралы мәліметтерді мемлекеттік дерекқорға енгізу ақылы емес. Бұл мәселеде делдалдардың көмегіне жүгінудің мүлде қажеті жоқ. Ата-аналар немесе баланың заңды өкілдері балалар туралы мәліметтердің бар-жоғын, сондай-ақ тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН-і мен туған күні туралы деректердің дұрыстығын өз бетінше тексере алады. Егер мәліметтер жоқ болса немесе қателер анықталса, ата-аналар цифрлық құжаттарын жаңартуы, мемлекеттік дерекқорлардағы мәліметтердің дұрыстығын тексеруі немесе тұрғылықты жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО) жүгінуі қажет.

Сондай-ақ, 18 жасқа толған азаматтарға нысаналы жинақтарын алу үшін делдалдардың көмегі қажет емес. Олар білім алуға ақы төлеу немесе тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында уәкілетті оператор банктер арқылы өтінімді өз бетінше бере алады.

Нысаналы жинақтарды алу рәсімі тегін. Бұл үшін делдалдардың қызметіне жүгінудің қажеті жоқ.

 

Қосымша ақпарат пен өзіңізді қызықтырған сұрақтарға жауапты kids.enpf.kz  сайтынан немесе БЖЗҚ мобильді қосымшасынан таба аласыздар.

 

 

 

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Как уберечься от мошенников, сохранить свои пенсионные накопления и защитить свои персональные данные. Бесплатны ли услуги ЕНПФ?

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Нацфонд – детям»: юным казахстанцам выплачено более 97,5 млн долларов США

Оқи отырыңызМақалалар

Вкладчики Алматы, Астаны и Карагандинской области являются самыми активными по количеству переводов в УИП
Қоғам

Ваши пенсионные накопления: больше возможностей — больше выбора ЕНПФ приглашает на День открытых дверей

19.11.2026
4
Соңғы 12 ай ішінде отандастарымыздың  зейнетақы жинақтарының көлемі 2,60 трлн теңгеге артты
Қоғам

Зейнетақы жинақтарыңыз – мүмкіндіктер көп, таңдау мол «БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады

19.11.2026
3
Соңғы 12 ай ішінде отандастарымыздың  зейнетақы жинақтарының көлемі 2,60 трлн теңгеге артты
Қоғам

«Ұлттық қор – балаларға»: жас қазақстандықтарға 97,5 млн АҚШ долларынан аса қаражат төленді

19.11.2026
3
Вкладчики Алматы, Астаны и Карагандинской области являются самыми активными по количеству переводов в УИП
Қоғам

«Нацфонд – детям»: юным казахстанцам выплачено более 97,5 млн долларов США

19.11.2026
3
Вкладчики Алматы, Астаны и Карагандинской области являются самыми активными по количеству переводов в УИП
Қоғам

Как уберечься от мошенников, сохранить свои пенсионные накопления и защитить свои персональные данные. Бесплатны ли услуги ЕНПФ?

19.11.2026
3
Соңғы 12 ай ішінде отандастарымыздың  зейнетақы жинақтарының көлемі 2,60 трлн теңгеге артты
Қоғам

ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдерге 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша шолу

19.11.2026
3

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
465

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
401
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
336
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
298
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
233

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.