Уәделенген айтқысыз пайда, үстеме табыс — Төрттаған
Понедельник, 21 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Уәделенген айтқысыз пайда, үстеме табыс

03.02.2025
Қоғам
0
Қаржылық пирамидаға байланысты жиі қойылатын сұрақтар

Қаржы пирамидасы – бұл азаматтардан заңсыз ақша тартып алудың ең белгілі әрі таралып кеткен әдісі. Таңғаларлық жайт, қаржы пирамидасына қосылу әдетте азаматтардың өз еркімен және құқықтық сүйемелдеусіз іске асады. Осылайша, ешкім салынған қаражаттың қайтарып берілуіне кепілдеме бермейді. Қаржы пирамидасын құру және оны басқаруға ҚР ҚК 217-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Қаржы пирамидасының ең басты белгісі – уәделенген айтқысыз пайда, үстеме табыс. Жоғары табысты қамтамасыз ету уәдесі тек бір рет ұйымға тарту үшін орындалуы мүмкін, бірақ одан да көп қаражаттан айырып қалу қаупі өте жоғары.
Екінші белгісі: компания шынайы экономикалық немесе инвестициялық қызметпен айналыспайды. Пирамидалар тауарлық, несиелік, туристтік, құрылыс компаниялары ретінде жасырынады. Алайда, шындап келгенде ескі салымшыларға барлық төлемдер жаңа салымшылардың жарнасы есебінен төленеді.

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

Үшінші белгісі: мұндай жобалардың материалдық-құқықтық базасы жоқ, яғни, бұл компаниялар жаңадан құрылған, қаржылық есептілікке ие емес, келісімдер жасамайды немесе келісімдер тек ұйымдастырушылардың пайдасын көздеп жасалған әрі ҚР заңнамасына сәйкес келмейді.

Бәс тігілді, енді тігуге болмайды

Букмекерлік кеңселер – қызметі онша ашық емес ұйымдар. Олардың жұмыс істеу қағидатын түсіну қиын. Бірақ жалпы алғанда ресми букмекерлердің қызметі қисынды: бәс тіктің, ұттың не ұтылдың.

Қазір әлеуметтік желілерде ұтыстың спорттық оқиғалардың нәтижелеріне қарай емес, бәс тіккен адамдарды нақты сіздің қаншалықты көп әкелгеніңізге байланысты болатын схемаларын ұсынуда. Бұл туралы fingramota.kz-ға сілетеме жасаған 4tagan.kz жазады.

Яғни сізге өзіңіздің еркіңізбен тәуекелге баруды ғана емес, бұған достарыңыз бен таныстарыңызды тартуға ұсыныс жасайды. Оның орнына ұйымдастырушылар келісілген-мыс матчтар туралы ақпарат беруге, ұтыстың коэффициентін бірнеше есе көтеруге немесе тіпті жаңадан тартқан қатысушылар үшін белгілі бір соманы төлеуге уәде етеді.

Әлеуетті ұтыстың коэффициенттері мен сомалары бойынша сатылар да көрсетіледі. Басқаша айтқанда – қаржы пирамидалары.

Айтпақшы, мұндай пысықайлар негізінен әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жұмыс істейді. Олардың ең көп пайдаланатыны -Telegram.

Fingramota.kz букмекерлік ұйымдардың қызметін насихаттамайды және азаматтарды күмәнді схемаларға қаражат салмауға шақырады.

Ресми букмекерлік кеңселердегі тәуекел көпшілік жағдайларда ықтимал ұтыстарға барабар екенін ескеру қажет. Сонымен қатар, ресми букмекердің әрдайым өз қызметін жүргізуге берілген лицензиясы болады; бәс тігу кезінде ол кассалық немесе электрондық чекті және бәс тігілгенін растайтын купонды береді.

Әртүрлі чаттар мен қауымдастықтар жағдайында Сіз ақшаны бейтаныс адамдарға және, көбінесе, банк арқылы емес, терминалдар немесе төлем жүйелері арқылы аударасыз.

Оның үстіне, түрлі бонустар және тәуекел мөлшеріне сәйкес емес төлемдер әдейі жаңа қатысушыларды тарту және олар қоятын әрбір бәс тігу үшін жасалады. Сондықтан, ақшаны осындай күмәнді схемаларға салмас бұрын, бәс тігіп – бір, қаржы пирамидасының құрбаны болып – екі ұтылғанды қалайсыз ба екендігін ойланып алыңыз.

Кірістірме: 2021 жылғы наурызда тәртіп сақшылары WhatsApp мессенджерінде «Бәс тігу кассасы» деп аталатын чатты анықтады, онда спорттық шараларға тиімді бәс тігу арқылы 50% кіріс алу ұсынылды. Чат әкімшісі (Тараз қаласының тұрғыны) анықталып, ұсталды. 30 мыңнан 100 мың теңгеге дейін ақша салған 14 азамат алданып қалды.

Криптовалюта әбігері

Алаяқтардың криптовалютаның танымалдығы арқасында пайда табуға тырысатыны ешкімге құпия емес. Оның үстіне, әзірше мұның техникалық жай-жапсарын білетіндер көп емес.

Криптовалютаны төлем құралы ретінде пайдалану Қазақстан заңнамасына қайшы келетіндігін атап өтеміз. Қазақстан Республикасында заңды төлем құралы теңге болып табылады. Бұл біздің азаматтарға биткоинды немесе оның ұқсас түрін өндіруге, сатып алуға немесе сақтауға тыйым салуды білдірмейді. Бірақ криптовалютаға басқаны, яғни тауарларды және қызметтерді сатып алу немесе сату мүмкін емес, себебі сатып алу-сату туралы шарттарда және басқа заң құжаттарында криптовалютаны төлем құралы ретінде пайдалануға болмайды. Мұндай мәмілелер заңсыз деп танылады. Сонымен  биткоин төлемдерінің көбінесе жасырын болатындығын және виртуалды түрде ғана жүргізілетіндігін ескере отырып, тараптардың біреуінің міндеттемелерді орындамау тәуекелі ғана емес, сондай-ақ тікелей алаяқтық тәуекелдері айтарлықтай өседі.

Бұған қарамастан, инвесторлардың криптовалюталарға қызығушылығы күн сайын өсуде. Осындай қызығушылықты алаяқтар да пайдалануда.

Қаржы пирамидасының жаңа схемаларының біреуі  «майнингке», яғни криптовалюта алуға негізделген. Сізге криптовалюталық «фермаға», демек жабдықтың бір бөлігіне салым салуды ұсынады. Сіз басқа да әлеуетті инвесторларды көп тартқан сайын көп дивидендтер мен пайда ұсынады. Бұл ретте пайда алуға кепілдік беріледі, ал кірістілік мөлшерлемесі айына 50-100%-ға жетуі мүмкін. Кез келген криптовалютаның құбылмалылығын ескере отырып, кез келген жағдайда ол бойынша шектеулі кіріс алу мүмкін емес.

Мысал келтірейік. Бір айдың  ішінде монеталардың жалпы санының +10%-ы «майнингтелді» делік. Ал әрбір монетаның құны 15%-ға төмендеді. Демек, жабдық жұмыс істеді, электр энергиясы жұмсалды, ал инвестор шығынға ұшырады. Мұндай жағдай жиі кездеседі.

Демек, уәде етілген тұрақты табыс «майнингтен» және саудадан емес, күннен-күнге жаңа инвесторлар тарту арқылы қалыптасады деген қорытынды жасауға болады. Бұл жерде, ешқандай «ферманың» және, тиісінше, криптовалюта өндірісінің  мүлдем болмауы мүмкін.

Кез-келген қаржы операцияларын, сондай-ақ ұйымдастырушылар жиі ұсынатын биржада сауда-саттықты тек қана тіркеуден өткен, қолында лицензиялары бар ұйымдастырушылар мен брокерлер арқылы жүзеге асыру қажет екендігін тағы да бір еске саламыз.

Егер де сіз қаржы пирамидасының құрығына түсіп қалсаңыз және өз қаражатыңызды қайтарып алғыңыз келсе, онда дереу барлық құжаттармен құқық қорғау органдарына жүгініңіз.

Пирамида құрбандарының ішінде азғантай сомадан айырылған адамдар көп кездесіп жатады. Олардың басым көпшілігі ақшасын жоғалтқанына көнеді. Бұл алаяқтардың адамдарды одан әрі алдап-арбауды жалғастыруына ықпал етеді. Егер де сізді алдап кетсе – үндемей қалмаңыз, әрекет етіңіз. Алаяқтыққа қарсы күресте ең маңыздысы – істі көпшілікке жария ету. Қазақстанда қаржы пирамидасын құру және (немесе) оған басшылық ету үшін – қылмыстық жауапкершілік (ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабына сәйкес); қаржылық (инвестициялық) пирамида қызметiнiң жарнамасын шығару, тарату және орналастыру үшін әкімшілік («Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 150-бабына сәйкес) жауапкершілік көзделген.

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Пирамидалы алаяқтық дегеніміз не?

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Алаяқтардың айласы азаяр емес

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

05.07.2025
3
ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!
Қоғам

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

04.07.2025
3
АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ
Қоғам

АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ

03.07.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

02.07.2025
3
Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды
Қоғам

Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды

01.07.2025
2
ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ
Қоғам

ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ

01.07.2025
2

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
168
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
162

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.