Жетісай: Жылы суда “Мен өмірді таңдаймын!” тақырыбында оқушылармен кездесу өткізілді — Төрттаған
Воскресенье, 27 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жетісай: Жылы суда “Мен өмірді таңдаймын!” тақырыбында оқушылармен кездесу өткізілді

15.01.2025
Жаңалықтар
0
Жетісай: Жылы суда “Мен өмірді таңдаймын!” тақырыбында оқушылармен кездесу өткізілді

READ ALSO

«Мерейлі отбасы-2025»: Шымкентте қалалық комиссия отырысы өтті

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Бүгінгі көз ілеспес жылдамдықпен дамып отырған технологиялар заманында ғаламторға деген тәуелділік пен идеологиялық айқас дәуірінде ұрпақ тәрбиесіне қатысты түйіні тарқатылмай отырған мәселелер де жоқ емес. Солардың бірі – оң мен солын, жақсы мен жаманды толық ажыратып үлгермеген жастар арасындағы аутодеструктивті әрекет.
Осы орайда Жетәісай ауданы көлемінде “Мен өмірді таңдаймын!” тақырыбында оқушылармен кездесу өткізілуде.
«Аутодеструктив» сөзі латын тілінен аударғанда «қалыпты жағдайдағы құрылымының бұзылуы» деген мағына береді. Аты айтып тұрғандай аутодеструктивті мінез-құлық тұлғаның қалыпты дамуына, оның психологиясына кері әсер етеді. Бүгінгі жастар арасында мұндай дерттің кеңінен қанат жаюы, әрине, алаңдатарлық жағдай.
Міне, осы бір келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Жетісай ауданы әкімдігі жанынан құрылған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсілді енгізу жөніндегі ведомствоаралық топ мүшелерінің қатысуымен Жылы су ауылдық округінде орналасқан “№ 25 жалпы білім беретін мектептің” жоғары сынып оқушыларымен кездесу өтті.
Басқосуға сервситік полиция мүшесі Г.Дәулетиярова, “Имам Бухари” мешітінің имамы Нұрқазы Нәлібаев, «Жастар ресурстық орталығы» КММ психологы Жазира Қайратқызы қатысып, оқушылармен ашық сұхбат жүргізді.
Сұхбаттасу барысында орталық психологы жастық кезеңнің адамның тұлға ретіндегі қалыптасуына әсер ететін маңызды фактор екендігі, бұл кезеңде жастардың жанының нәзік, уайымға, кез-келген сәтсіздікке тез берілгіш болатындығы, жеткіншектік шақта адамның қалыптасуы сана-сезімінің дамуындағы өзгеріспен анықталатындығын айтып, сауалнама жүргізді.
Кездесуде “Имам Бухари” мешітінің имамы Нұрқазы Нәлібаев «Жас жеткіншек үшін бірінші кезектегі міндет – білім алу. Ислам діні білімді насихаттайды. Білім алу, игерген ғылымын еліміздің дамуына арнау – аса сауапты және абыройлы іс. Еліміздің нұрлы болашағы жастарымыздың игерген сапалы біліміне тікелей байланысты. Сондықтан ғылым игеруге талаптану керек» деп атап өтіп, нақты мысалдар келтірді. Сондай-ақ жастар арасындағы түрлі мәселелер тһңірегінде исламнан тәлім-тәрбиелік маңызы зор, тағылымды ғибрат айтты.
Сонымен қатар жастар орталығының психологы Жазира Қайратқызы жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылық, әлімжеттік, бопсалау, ерте жүктілік пен жыныстық тиіспеушілік, суицид сынды өзекті мәселелерді түсіндірді және жауапкершіліктерін ұғындырды. Бүгінгі қоғамдағы сананы сансыратып, миды улайтын лудомания мәселелері, интернет алаяқтық және батыстың атыс-шабыс фильмдері мен қантөгістен тұратын интернет-ойындар жайлы ой-пікірлері тыңдалып, көзқарастары талқыланды.
Семинар соңында оқушылар арасында психологиялық тренинг өткізіліп, кездесу барысында айтылған мәселелер бойынша кері байланыс алынды.
Тәрбиедегі ақаулық, жазалаудың басымдылығы, балада эмоциялық тұрақсыздықтың дамуына, эмоциялық қимыл-қозғалыс деңгейінің жоғарылауынаәкелетіні жиі кездеседі. Ата-аналардың тым қаталдығы, олардың
өз беделдерін басты орынға қоюы немесе балаға шектен тыс қамқорлық жасау –жасөспірімдерге кері әсерін тигізеді. Көктем, күз мезгілдеріндегі, яғни «құс қайтып, құстар келер» кезеңдеріндегі табиғат құбылысы да адам ағзасына, әсіресе психикаға салмақ салып жатады.
Суицидтік іс-әрекетке тікелей себеп – дау-дамайдың пайда болуы. Даудамай дегеніміз – белгілі бір адамның маңызды, құнды ұстанымына әсер етуші жағымсыз әрекет, күйзеліс тудыратын жағдай. Бұл жақын адамның қазасы, түсініспеген махаббат, жауапсыз махаббат, жалпы қарым-қатынастың бұзылуы
және т.б. болуы мүмкін. Басқаларға қарағанда өзін төмен сезіну, айтылған кезкелген сөзді жазғыру сияқты қабылдаудан пайда болған күйзелістен туындайтыны жиі кездеседі.
Кейбір сынып жетекшілері өз міндеттеріне жауапсыз қарап, баланың басындағы болған жағдаяттан хабарсыз болады, оқушының сабаққа қатысуы мен үлгеріміне бақылау жасамайды. Осындай салғырттық оқушыға қажетті көмекті дер кезінде көрсетіп, тиісті шаралар ұйымдастыруға кедергі келтіреді.
Баланы балағаттау, кемсіту, тіл тигізу жағдайларына педагогтар тарапынан психологиялық және дене зорлығын болдырмау мақсатында мектеп әкімшілігі мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты қатаң қадағалап, бақылауға алғандары дұрыс.
Психолог-маман мұғалімдер мен ата-аналарға суицидтің не екендігін, оның көрініс беру факторларын, күйзелісте, жабығуда жүрген балалардың қандай күйде болатындығын жете түсіндіруі қажет. Ата-анасына қарсы шығып, шарапқа әуестенген, темекі тартқан, буллингке қатысы бар, төбелескен кез
келген жасөспірімнің күйзелісті күйде жүруі әбден мүмкін.
Сонымен қатар жеткіншектерде түпкі ойы өлімге негізделмеген, суицидтік әрекетті қулық ретінде жасау жиі байқалады. Өзінің өлімінің жақындарына қалай әсер ететіні білгісі келу, мысалы, «Менің атым – Қожа» повесіндегі Қожа мен Сұлтан әрекеттері немесе «екінші рет туылам» деген аңғал үмітінің болуы.
Жас суициденттердің басым көпшілігінде өз мүмкіндіктеріне сәйкес келмесе де өздеріне жоғары талап қою жиі кездеседі.
Белгілі бір нақты себептермен баласын рухани және эмоциялық тепетеңдікпен қамтамасыз ете алмаған отбасы, оның суицидтік әрекет жасауына түрткі болып табылатынын атап өткен жөн. Жасөспірімдердің арасындағы суицидтің 92%-ы отбасындағы келеңсіз жағдайларға байланысты туындайтынын өмір тәжірибесі көрсетіп отыр.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ІЗГІЛІКТІ ҚОҒАМ

Оқи отырыңызМақалалар

«Мерейлі отбасы-2025»: Шымкентте қалалық комиссия отырысы өтті
Жаңалықтар

«Мерейлі отбасы-2025»: Шымкентте қалалық комиссия отырысы өтті

22.07.2025
4
ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Жаңалықтар

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

03.07.2025
4
КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ
Жаңалықтар

КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

03.07.2025
6
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ

02.07.2025
4
ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
5
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
168
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
162

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.