ІЗГІЛІКТІ ҚОҒАМ — Төрттаған
Воскресенье, 27 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ІЗГІЛІКТІ ҚОҒАМ

16.01.2025
Жаңалықтар
0
ІЗГІЛІКТІ ҚОҒАМ

Қазығұрт ауданы, Қарабау ауылдық округіне қарасты “П.Акбаров” атындағы ЖББМ-де «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Izgilikti qogam» тақырыбында жастар арасында семинар-тренинг болып өтті.

Семинар-тренингтің мақсаты – жастар арасындағы келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтардың (өз-өзіне қол жұмсау, суицид сезімдерінің алдын алу, автодеструктивті минез-құлық, құқықбұзушылық, ерте жүктілік) алдын алу. Жастарды бүгінгі қоғамымызды жаулаған зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауға, өз – өздеріне қол жұмсаудың алдын алуға тәрбиелеу. Сапалы білім, саналы тәрбие алып, болашақ өмірдің баспалдығын аттауға дайындау.

READ ALSO

«Мерейлі отбасы-2025»: Шымкентте қалалық комиссия отырысы өтті

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Семинар-тренинг жастарға жеке тұл­ға ретінде дамуға, психикалық ден­саулықты нығайту мен жетілдіруге, өзін өзі дұрыс бағалауға ықпал етті.

Жастар өз ой-пікірлерін білідіріп, семинарды қызығушылықпен тыңдады.

Бүгінгі таңда  бүкіл әлемді елеңдетіп ,қоғам дертіне айналып отырған суицид мәселесі, қоғамда болып жатқан өзгерістер мен сан түрлі қиындықтар бала психологиясына кері әсер етуде Бұл  жағдайда адам мына қиыншылықтардан немесе ауыртпашылықтардан қашқысы келеді: белгілі бір қиыншылықтардан кету, қауіпті әкелетін іс-әрекеттерден кету, басқа адамдарды өзінің қиыншылықтарына көңіл аударту, ренжіткен адамнан кегін алу мақсатында болады, оны қалай болса да жүзеге асырамын деген қырсықтылық мінез туады. Мұндай жағдайға түскен  үлкеннің де, жасөспірімнің де, тіпті, жеткіншектердің де  психикасында “Мен ешкімге керек емеспін, мен бір нәрсе істеуге жағдайым жоқ” деген ойлар басынан кетпейді. Кейде мұндай жағдай жасөспірімдерді еліктеушілікке де  әкеліп соғады. Жасөспірім айналасындағы болып жатқан теледидар мен әр түрлі кітаптардан оқып көрген іс-әрекетті қайталағысы келеді.

Сөйтіп, жасөспірім өлім ренжіткен адамды қорқытады деп түсінеді. Осы арқылы өзіне жұрттың назарын аудартқысы келеді. Әр адамның өмірінің қиылуы өзінен -өзі трагедия. Адам өзін жер бетіндегі ең керемет жаратылыспын деп есептейді. Бұл таңғажайып емес, себебі махаббат, реніш пен налу, кек алу, жүрекке жылы қабылдау сезімдері —  адамға тән қасиеттер. Жер бетіндегі адамнан басқа бірде-бір тірі жан өз еркімен өз өмірін құрбан етпейді. Ендеше, өзін-өзі құрбан ету — адамзат жаратылысынан болып келе жатқан жағдай.

Ғалымдардың  зерттеуіне  сүйенсек  5 жасқа дейінгі балаларда өзін-өзі өлтіру әрекетіне бару өте сирек кездеседі. Жанұялық қақтығыстарға байланысты 9 жасқа дейін 2,5%, ал 9 жастан кейін 80% өзін-өзі өлтіру әрекетіне барады екен. Жеткіншек кезеңінде суицидалды әрекеттің себебі болып ата-анасымен, мұғалімдерімен қақтығысқа бару салдары болып табылады. Жастар арасында әсіресе қыздар арасында,әсіресе қыздарда өздерінің жігітеріне байланысты суицидальді әрекеттерге баратыны анықталды. Суицидтың ең жиі кездесетін кезі 15-24 жас аралығы. Өзін-өзі өлтіруге бармас бұрын, суициденттердің көбі дайындық кезеңі – суицидалды кезеңінен өтеді, ол адамның бейімделу қабілетінің төмендеуімен сипатталады. Ол қызығушылық деңгейінің төмендеуі, қарым-қатынастың шектелуі, мазасызданғыш, эмоционалды тұрақсыз болуы т.б.

Суицидальді  мінез- құлықтың 5 типі бар:

1) Протест.

2) Жанашырлыққа шақыру.

3) Қайғыдан қашу.

4) Өзін-өзі жазалау.

5) Өмірден бас тарту.

Суицидтік іс-әрекетке тікелей себеп – дау-дамайдың пайда болуы. Даудамай дегеніміз – белгілі бір адамның маңызды, құнды ұстанымына әсер етуші жағымсыз әрекет, күйзеліс тудыратын жағдай. Бұл жақын адамның қазасы, түсініспеген махаббат, жауапсыз махаббат, жалпы қарым-қатынастың бұзылуы
және т.б. болуы мүмкін. Басқаларға қарағанда өзін төмен сезіну, айтылған кезкелген сөзді жазғыру сияқты қабылдаудан пайда болған күйзелістен туындайтыны жиі кездеседі.
Кейбір сынып жетекшілері өз міндеттеріне жауапсыз қарап, баланың басындағы болған жағдаяттан хабарсыз болады, оқушының сабаққа қатысуы мен үлгеріміне бақылау жасамайды. Осындай салғырттық оқушыға қажетті көмекті дер кезінде көрсетіп, тиісті шаралар ұйымдастыруға кедергі келтіреді.
Баланы балағаттау, кемсіту, тіл тигізу жағдайларына педагогтар тарапынан психологиялық және дене зорлығын болдырмау мақсатында мектеп әкімшілігі мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты қатаң қадағалап, бақылауға алғандары дұрыс.
Психолог-маман мұғалімдер мен ата-аналарға суицидтің не екендігін, оның көрініс беру факторларын, күйзелісте, жабығуда жүрген балалардың қандай күйде болатындығын жете түсіндіруі қажет. Ата-анасына қарсы шығып, шарапқа әуестенген, темекі тартқан, буллингке қатысы бар, төбелескен кез келген жасөспірімнің күйзелісті күйде жүруі әбден мүмкін.
Сонымен қатар жеткіншектерде түпкі ойы өлімге негізделмеген, суицидтік әрекетті қулық ретінде жасау жиі байқалады. Өзінің өлімінің жақындарына қалай әсер ететіні білгісі келу, мысалы, «Менің атым – Қожа» повесіндегі Қожа мен Сұлтан әрекеттері немесе «екінші рет туылам» деген аңғал үмітінің болуы.
Жас суициденттердің басым көпшілігінде өз мүмкіндіктеріне сәйкес келмесе де өздеріне жоғары талап қою жиі кездеседі.
Белгілі бір нақты себептермен баласын рухани және эмоциялық тепетеңдікпен қамтамасыз ете алмаған отбасы, оның суицидтік әрекет жасауына түрткі болып табылатынын атап өткен жөн. Жасөспірімдердің арасындағы суицидтің 92%-ы отбасындағы келеңсіз жағдайларға байланысты туындайтынын өмір тәжірибесі көрсетіп отыр.
Өз-өзіне қол жұмсау себептері
Көмек іздеу – өзіне қол жұмсауды ойлайтындардың көбісі өлгілері келмейді. Өзін-өзі өлтіруді олар бір нәресеге қол жеткізу үшін құрал ретінде пайдаланады (мысалы, өзіне назар аударту, сүйіспеншілік, махаббат, проблемалардан құтылу, үмітсіздік сезімінен арылу…).
Үмітсіздік – өмір мәнсіз, болашаққа үміт артуға болмайды. Өмірді жақсартуға өзгерістер енгізуге еш үміттің жоқтығы.
Шарасыздық — барлық проблемалар шешілмейтіндей көрінеді. Оларды
бір-бірлеп шешуге ойын шоғырландыра алмайды.
Басқа адамның жанын ауыртуға әрекет жасау — «олар әлі өкінетін болады», яғни кек алу.
Проблеманы шешу/қашу жолы — кейде адам өз-өзіне қол жұмсау арқылы проблемаларын өзімен бірге алып кетіп, отбасына жеңілдік жасаймын деп ойлайды.
Батылдығы мен күшін көрсету — батыл және күшті адам ғана өз-өзіне қол жұмсауға қабілетті деген ұғым қалыптасқан.
Суицидтік мінез-құлық – суицидтік белсенділіктің-ойдың, талпыныстың, қастандықтың, суицидттік әрекеттер мен өзіне қасірет келтірудің пайда болуы.
Суицидтік мінез-құлық өз мөлшерінде де психоауытқуларсыз, психопаттық мінез-құлықта да өзіне назар аудару мінез-құлқында да кездеседі, соңғысы аса аффективті немесе мінез-құлықтың ауытқу (патохарактерологиялық реакция) кезінде девиантты іс-әрекет формаларының бірі болып табылады.
Суицидтік мінез-құлық төмендегідей типтерге бөлінеді.
Демонстративтік (жасанды) мінез-құлық
Аталған суицидттік мінез-құлық негізінде жасөспірімнің жеке басына және өз проблемаларына ересектердің назарын аударту, өмірінде кездескен ауыр жағдаяттармен күресуге дәрменсіздігін көрсету жатады. Бұл айналасындағылардан өзіне көмек сұраудың бір түрі. Әдетте, мұндай демонстративтік суицидттік мінез-құлық өзіне қасірет келтіру немесе өз өмірін қию мақсатында емес, тек айналасындағыларды қорқыту (мысалы, «Менің атымҚожа» повесіндегі Сұлтанның әрекеті, Қожаның ойлары, т.б.), жасөспірімдік проблемалардың күрделі екендігін білдіру, ересектердің өздеріне деген
көзқарастарының дұрыс еместігін дәлелдеу үшін жасалады. Суицидтік әрекет кезінде көрсетілетін мінез-құлық көбінесе қан тамырын кесу, залалсыз дәрілерді қабылдау, асылуға талпынғандығын көрсету түрінде байқалады.
Аффективті (қатты ашу-ыза) суицидті мінез-құлық Кенеттен пайда болған эмоциялардың әсері негізінде жасалған суицидтік әрекеттер аффективті (қатты ашу-ыза) типке жатады. Мұндай кезде жасөспірім
өз әрекеттерін жоспарламай, қызуқандылықпен қимылдайды. Әдетте, ашу-ыза сияқты теріс эмоциялар жетегіндегі жасөспірім асығыс суицидтік әрекеттер жасайды. Аффективті суицидтік мінез-құлық кезінде жасөспірім асылады немесе улы токсинді препараттарды қабылдайды.
Шынайы суицидтік мінез-құлық
Шынайы суицидтік мінез-құлық ойластырылған, жоспарлы әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Жасөспірім суицидтік әрекет жасауға дайындалады.
Суицидтік әрекеттердің мұндай типі кезінде жасөспірімдер, әдетте, туыстары мен достарының бәрімен қоштасып, өз өмірін қию себептері түсіндіріліп жазылған хат тастап кетеді. Мұндай әрекеттер түбегейлі ойластырылып жасалғандықтан, өліммен аяқталады. Шынай суицидтік мінез-құлық кезінде жасөспірімдер көбінесе асылады немесе жоғарыдан секіреді.
Өзіне-өзі қол жұмсау – түбегейлі қадам, сондықтан оны орындау туралы шешім бірден қабылданбайды. Оның алдында көбіне ұзақ немесе қысқа мерзімдік қобалжу, ренжу, түңілу, пайда болған кері жағдаятпен күресу және оны шешу жолдарын іздеуге талпыну кезеңі жүреді.
Білім беру ұйымдарының психологтары аутодеструктивті мінез-құлық бойынша ерекше назардағы балалармен (аутодеструктивті мінез-құлық өлшемдері бойынша анықталған «тәуекел топ») жұмысты әлеуметтік педагогтармен, инспектормен, сынып жетекшілерімен, медбикемен, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарымен өзара бірлесіп атқарады.
Педагогтармен жұмыстың негізгі міндеті – балаға қатысты  толеранттылықты қалыптастыру, балалармен және ата-аналармен өзара қарымқатынаста психологиялық құзыреттілігін көтеру.
Білім алушылардың арасындағы аутодеструктивті әрекеттер, соның ішінде өз-өзіне қол жұмсау проблемасы жыл мезгілдеріне байланысты жиілене түсетіндігі медицина және психология ғылымдарында дәлелденген. Суицидттік әрекеттерге барудың көп факторлары бар, ең көбірек кездесетін факторлардың бірі көктем, күз уақыттарында адам ағзасындағы барлық дерттер қозатын мезгіл, соның ішінде психикалық аурулар да сыр беретін уақытта болуы мүмкін. Сондықтан да, жоғарыда көрсетілген жыл мезгілдерінде білім алушылар мен педагогтардың арасында профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізуді білім беру ұйымдарының педагогпсихологтары міндетті түрде жоспарға енгізуі керек.

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Жетісай: Жылы суда “Мен өмірді таңдаймын!” тақырыбында оқушылармен кездесу өткізілді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қалта телефоныңыз ұрланса, не істеу керек?

Оқи отырыңызМақалалар

«Мерейлі отбасы-2025»: Шымкентте қалалық комиссия отырысы өтті
Жаңалықтар

«Мерейлі отбасы-2025»: Шымкентте қалалық комиссия отырысы өтті

22.07.2025
4
ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Жаңалықтар

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

03.07.2025
4
КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ
Жаңалықтар

КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

03.07.2025
6
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ

02.07.2025
4
ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
5
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
168
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
162

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.