МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ — Төрттаған
Воскресенье, 29 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
Жаңалықтар
0
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

READ ALSO

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

Мақтаарал ауданында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті. Тілшілер қосыны әуелі Ж.Нұрлыбаев ауылдық округіне қарасты Өнімкер елді мекенінде болып, газ беру жұмыстарымен танысты. Аудан бойынша 5 елді мекен газға қосылып, ауыл тұрғындарының көптен күткен қуанышына куә болды. Оның ішінде Ж.Нұрлыбаев ауылдық округіне қарасты Ырысты, Қарақыр, Өнімкер елді мекендері және Жаңажол ауылдық округіне қарасты Арайлы, Достық елді мекендері бар.
Соңғы жылдары өңірде жаңа мәдениет үйлері мен кітапханалар бой көтеріп, тұрғындардың рухани-мәдени сұранысын қамтамасыз етуге айрықша көңіл бөлінуде. Мәселен, биылдың өзінде ауданда «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 2 мәдениет үйі мен кітапхананың құрылысы жүріп жатыр. БАҚ өкілдері аталған жұмыстармен танысу үшін Ж.Нұрлыбаев ауылдық округіне қарасты Ынталы елді мекенінде болды.
Ж.Нұрлыбаев ауылдық округіндегі Ынталы елді мекенінде орналасқан мәдениет үйі мен кітапхана құрылысы 2025 жылдың қазан айында аяқталады деп күтілуде. Құрылысқа бөлінген жалпы қаржы көлемі – 794 млн теңге.
Журналистер сапар аясында Мақтаарал ауылдық округіне қарасты Игілік елдімекенінде орналасқан «Агрогруз» ЖШС-ң жұмысымен танысты. Ауыл шаруашылығы саласында жүзеге асып жатқан бұл инвестициялық жоба бүгінде құрылыстың аяқталу кезеңінде тұр. Нысан қажетті инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етіліп, заманауи технологиялармен жабдықталған. Жалпы құны 150 миллион теңге көлеміндегі инвестиция тартылған бұл жоба шетел нарығына бақша өнімдерін экспорттауға бағытталған. Жоспар бойынша серіктестік жылына 6 мың тоннаға дейін қауын-қарбыз және өзге де бақша өнімдерін экспортқа шығаруға қауқарлы.
Аудан аумағында егін шаруашылығында еңбек өнімділігін 2-3 есеге арттыру мақсатында заманауи су үнемдеу технологияларын енгізу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Тілшілер аталған жұмыстармен танысу мақсатында Мақтаарал ауылдық округі Өркениет елді мекенінде болды. 2025 жылы 8 мың гектар жерге су үнемдеу технологияларын енгізу жоспары бекітілсе, бүгінгі таңда 182 жоба іске асырылып, 3,4 мың гектар жерге тамшылатып суғару технологиясы енгізілген. Оның ішінде 988,7 гектар — мақта дақылы, 1 800 гектар — бақша дақылдары, 520 гектар — қырыққабат, 35 гектар — күріш дақылы бар.
Сонымен қатар, БАҚ өкілдері Атакент кентінде құрылысы жүріп жатқан 1500 орындық мектептің жұмысымен танысты. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан мектеп құрылысы 2023 жылы басталған, биыл жаңа оқу жылында пайдалануға беру көзделуде. 4 гектар аумақты алып жатқан мектеп ғимаратының жалпы көлемі – 14 710 шаршы метр. Нысанның инженерлік инфрақұрылымы толығымен жүргізілген. Қазіргі уақытта ішкі әрлеу және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Мектепте оқушылардың сапалы білім алуы үшін, қауіпсіздігі мен қолайлылығы үшін барлық жағдай қарастырылған.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ОБЛЫСТЫҚ ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНАН ҚҰРЫЛҒАН «ЫНТЫМАҚ-ТҮРКІСТАН» КЛУБЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

БАҚЫТТЫ БАЛАЛАР БЕЙБІТ ЕЛДІҢ ТІРЕГІ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

26.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

24.06.2025
3
ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ
Жаңалықтар

ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ

23.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

23.06.2025
3
ТҮРКІСТАН: МЕКТЕПТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЗЕРДЕЛЕНІП, ЛАГЕРЬЛЕРДІҢ ДАЙЫНДЫҒЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: МЕКТЕПТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЗЕРДЕЛЕНІП, ЛАГЕРЬЛЕРДІҢ ДАЙЫНДЫҒЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

23.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӨҢІРЛІК ЛОГОТИПІН ӘЗІРЛЕУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӨҢІРЛІК ЛОГОТИПІН ӘЗІРЛЕУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

23.06.2025
3

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
166
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
160

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.