Бүгінде халық арасындағы негізсіз ақпараттың тарауынан туындауы мүмкін қателіктің алдын алу үшін «fact checking» қабілетін меңгеру қаншалықты маңызды екенін талқыладық.
Е.МҰСАЕВ, блогер, қоғам белсендісі:
– Өз басым қандай тақырыпта сөз қозғасам да әуелі ақпараттың шынайылығын жан-жақты тексеріп аламын. Бұл ‒ жазудағы ең маңызды деталь. Жалпы, журналистің, блогердің басты қаруы – кез келген ақпаратқа күмәнмен қарау. Барлығына бейтараптылық және нақтылық керек. Өзі осы қағидаларды ұстанған жағдайда ғана кез келген медиа ресурстың репутациясы және оның аудиториясының сенім
і қалыптасады. Қоғам да міне осы қағиданы ұстану қажет. Алайда бұл да уақыт талап етеді. Неге дейсіз бе? Қараңыз.
і қалыптасады. Қоғам да міне осы қағиданы ұстану қажет. Алайда бұл да уақыт талап етеді. Неге дейсіз бе? Қараңыз.
Біздің ел ақпараттық кезеңге енді ғана аяқ басты. Оң-солымызды әлі де дұрыс ажырата алмай жүрміз. Ал Еуропа, Америка елдері ақпараттың ақ-қарасын ажыратуда бізден көші ілгері. Олар қаншама зерттеу мен тәжірибе жасады. Ақыр соңында жалған ақпаратпен күресудің оңтайлы әдісін тапқан. Алайда ол бізге әлі толықтай ене қойған жоқ. Ақпарат саласында жүрген мамандар білгенімен халық бұл жайында бейхабар. Дұрыс-бұрысы нақтыланбаған ақпараттар күн санап көбеюінің де сыры осында. Халық көп шоғырланған Facebook желісіндегі кейбір жалған ақпарат құлағыңа түрпідей тиеді. Арасында пиар да жасап, қара бастың қамы үшін өтірік ақпарат тарататындар да көп. Оны тамырымен жұлып алып тастау тағы мүмкін емес.
Жалпы, қисынсыз ақпараттың әсерінен болатын түрлі фактілермен күресу үшін заңды алға тарту керек меніңше. Ол былай. Халыққа қатты есеп-қисаппен не ұзын фактімен сөйлеудің аса бір қажеті жоқ. Оны көпшілік түсінбейді де. Сондықтан қарапайым тілмен кімде-кім дәйексіз ақпарат таратса, оның елге зардабы және заң аясында қандай шара қолданатынын қысқаша жазып, әлеуметтік желілерге тарату керек. Жалған ақпараттың осылай ғана алдын алуға болады . Әрине біздің жағдайда.
А.БІТІМБАЙ