Сауран ауданы әкімі Мақсат Таңғатаров Жібек жолы ауылдық округінде болды. Онда тұрғындардың жиі көтеретін мәлелелердің шешу жолдарын қарастырды. Атап өтетін болсақ, ауылдық округтің Сауран және Ескі Сауран ауылдарын ауыз сумен қамтамасыз ету ең өткір мәселелердің бірі болатын. Осы бойынша аудан әкімі ауылдық округ әкіміне арнайы тапсырма беріп, тіршілік көзіне айналған ауыз су тапшылығы мәмелесінің оң шешілуіне ықпал жасады.
Нәтижесінде ұзақ уақыттан бері ащ ы суды пайдаланып келген ауылға, екі су құдықтары қазылды. Екі елді мекеннің тұғындары таза тұшы ауыз суға қол жеткізді.
-Тұрғындарды ауыз сумен қамтуды тиімді ұйымдасыру мақсатында ауыл ішінен екі жерден ауыз су құдықтары қазылды. Тұщы су көздерін анықтау және құдықтарды қазу кезінде аудан әкімдігінің арнай мамандары атсалысты. Аталған жұмыстар қорытындысымен қазіргі таңда екі құдық та халық игілігіне жұмыс жасап тұр, — деді аудан әкімі.
Ащы тіршілік нәрін тұтынған тұрғындар бұл машақаттан біржола арылды. Үздіксіз су жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында қазылған құдықтар ел игіліне пайдалануға берілді. Осы негізде ауданымызда тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту мақсатында басқада жүйелі істер жүзеге асырылуда.
Сонымен бірге, Көне тарихтың теңдессіз ескерткіші, ортағасырларда гүлденген шаһар болған Сауран қалашығына аудан әкімі Мақсат Таңғатаров арнайы барды. Жібек жолы ауылдық округі әкімі Мейрамбек Әшірбеков пен Сауран аудандық мәслихат депутаты Арыслан Раматуллаевта бұл сапарға қатысты. Аудан әкімі тарихи жәдігерлерді сақтау бағытынды бірқатар тапсырмаларын берді.
Сауран қалашығы солтүстіктен оңтүстікке қарай 850 метр, шығыстан батысқа қарай 660 метр созылып жатқан қорған қамалмен қоршалған. Қамалдың сақталған қабырғаларының биіктігі кей жерлерде 3- 6 метрге дейін жетеді. Оған солтүстік және шығыс беттегі екі қақпа арқылы енуге болады. Қаланың қақпалары мен бұрыштарына 7 қорғаныс мұнарасы тұрғызылған, қорған қамалының ұзындығы – 2360метр. Қамал қабырғалары 2-3 метрлік едені кесектен және пахсадан тұрғызылған. Ең биік мұнарасы солтүстік бұрышында биіктігі 6метр. Қамалдың сыртында тереңдігі 1-3 метр, ені 15-20 метр болатын ор іздері сақталған.
Жүзжылдықтар бұрын ортағасырлық саясаттың «жүрегі», маңызды әкімшілік орталық болған қоныс атауы Х ғасырдан бергі кезеңдермен белгіленетін тарихи жазбаларда кездеседі. Көне деректер де Сауранның өркендеп дамыған шаһар, ғаламат қамал болғандығын растайды. Кезінде қаланың абаттандырылуы мен қорғанысына көп күш жұмсалған, қолөнер ісі қарқынды жүргізілген. Көне шаһарда жалпы ұзындығы 110 шақырымға жететін жерасты су құбырлары жүйесі салынғандығы да таңқалдырарлық дерек.
Қазіргі таңда аудан тарапынан ХІІІ-ХVІІІ ғасырларға тән Сауран қалашығын насихаттау бағытында жұмыстар атқарылып, туристерді көптеп тартуға ықпал ету бойынша жұмыстар жүргізілдуде. Айта кетсек, Сауран қалашығы — «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» РМҚК құрамындағы Республикалық маңызы бар ескерткіш.