Сауран ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаевтың төрағалығымен тұрғындарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қамту бойынша жиналыс болып өтті. Жиынға дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері мен тиісті сала басшылары қатысты.
Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Мейірхан Қазиханов баяндама жасады. Баяндамашының мәлімдеуінше аудан әкімінің өкімімен медициналық сақтандыру жүйесінде халыққа медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жоғарылату мәселелері бойынша аудандық штаб құрылып, тиісті жұмыстар атқарылуда.
Сонымен қатар, ішкі саясат бөлімі тарапынан МӘМС бойынша арнайы брифингтер өткізіліп, жергілікті басылым беттерінде арнайы мақалалар жарияланған. Аталған мәселе бойынша штаб мүшелері мен қараша, желтоқсан айларында тұрақты түрде 3 рет отырысы өтіп, тиісті мекемелер мен ауылдық округ әкімдеріне хаттамалық тапсырмалар берілген. Бұдан бөлек, медициналық саласы, білім бөлімі және ауылдық округ әкімдік қызметкерлері тарапынан сақтандырылмаған тұрғындарды анықтау жұмыстары жүргізілген.
Ауылдық округ әкімдеріне медициналық мекемеден жолданған мәртебелерін анықталған МӘМС жүйесінде сақтандырылмағандар тізімі жұмысшы топпен жүргізу керектігі айтылды. Жеке кәсіпкер және шаруа қожалықтағы жалдамалы жұмысшыларды ресми тіркетіп, әлеуметтік төлемдерді тұрақты төлеу, тәртібін түсіндіру жұмыстарын жүргізу керектігін жеткізді.
Жиналысты қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев барлық тиісті бөлім басшыларына, ауылдық округ әкімдеріне күн тәртібінде қаралған мәселе бойынша нақты тапсырмалар беріліп, орындалуы тұрақты бақылауда болатынын жеткізді.