Қазақстан мен Моңғолия зейнетақы саласында ынтымақтастық орнатуда — Төрттаған
Понедельник, 15 июня, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстан мен Моңғолия зейнетақы саласында ынтымақтастық орнатуда

20.05.2026
Жаңалықтар
0
 

Қазақстан мен Моңғолия зейнетақы саласында ынтымақтастық орнатуда

 

2026 жылғы 1 сәуірден бастап Қазақстан мен Моңғолия үкіметтері арасындағы зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы келісім (бұдан әрі – Келісім) күшіне енді. Келісім екі ел азаматтарының зейнетақы құқықтарын қорғауға бағытталған.

Келісім Қазақстан немесе Моңғолия аумағында тұрақты тұратын және осы елдердің бірінің аумағында еңбек өтілі бар азаматтарға қолданылады. Аталған еңбек өтілі тұратын мемлекетінің заңнамасына сәйкес зейнетақы тағайындау кезінде ескерілетін болады.

Келісім аясында келесі төлем түрлері тағайындалады:

·         Қазақстанда – республикалық бюджет есебінен жасына байланысты зейнетақы төлемдері, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) төленетін зейнетақы төлемдері (жинақтаушы зейнетақы);

·         Моңғолияда – сақтандыру зейнетақы қорынан жасына байланысты зейнетақылар. Зиянды және ауыр еңбек жағдайларында жұмыс істеген адамдарға тағайындалатын мерзімінен бұрын төленетін зейнетақылар бұл Келісімге кірмейді (бұл жағдайда төлемдер Моңғолияның әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес сақтандыру зейнетақы қорынан жүзеге асырылады).

 

Қазақстанда бюджет қаражаты есебінен жасына байланысты зейнетақыны және Моңғолияда жасына байланысты зейнетақыны тағайындауға өтініш, қажетті құжаттарымен бірге, өтініш беруші тұратын елдің құзыретті органына тапсырылады.

Бұл ретте Моңғолия азаматтары БЖЗҚ-дан жинақтаушы зейнетақы төлемдерін алу үшін өтінішті қажетті құжаттарымен бірге екі елдің бірінің құзыретті органына ұсына алады.

 

Келісімді іске асыруға уәкілетті органдар:

– Қазақстанда – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;

– Моңғолияда – Моңғолияның Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі.

 

Қазақстан тарапынан Келісімді іске асыратын құзыретті органдар:

·         БЖЗҚ – жинақтаушы зейнетақы мәселелерімен айналысады. Оның функцияларына БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар Моңғолия азаматтарынан немесе олардың өкілдерінен өтініштер мен құжаттарды қабылдау, мәліметтер мен құжаттарды өңдеу, жинақтаушы зейнетақыны тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдау, сондай-ақ төлемдерді жүзеге асыру кіреді;

·         Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті (Комитет) – зейнетақы тағайындау кезінде еңбек өтілін растауды және тиісті сұраулар жіберуді жүзеге асырады. Егер Моңғолия азаматына Қазақстанда зейнетақы тағайындалса, қажет болған жағдайда оның Моңғолия аумағында жинаған еңбек өтілін растау үшін Моңғолияның құзыретті органына сұрау жолданады. Өз кезегінде, Комитет Моңғолия тарапының сұрауы бойынша Қазақстан азаматтарына Моңғолияда зейнетақы тағайындалса, олардың еңбек өтілі туралы ақпарат ұсынады.

 

Моңғолия азаматтарына БЖЗҚ-дан жинақтаушы зейнетақы төлемдері:

·         алушы Қазақстан заңнамасына сәйкес зейнеткерлік жасқа (ерлер үшін – 63 жас, әйелдер үшін – 2026 жылы 61 жас) толып, Қазақстаннан Моңғолияға тұрақты тұруға (ТТЖ) кеткен жағдайда және «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер базасында оның ТТЖ-ға кеткені туралы белгі болған кезде (зейнетақы жинақтарын ТТЖ-ға кетуіне байланысты біржолғы төлеу қарастырылмаған);

·         ай сайын алушының шотына Моңғолияның ұлттық валютасы – төгрөгпен аудару арқылы жүзеге асырылады.

 

Қазақстан мен Моңғолия арасындағы осы Келісімнің қабылдануы зейнетақы саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам болып табылады. Ол екі елде еңбек еткен азаматтардың зейнетақы құқықтарының сақталуын қамтамасыз етіп, зейнетақы тағайындау үдерісін анағұрлым ыңғайлы әрі ашық етеді. Келісімді іске асыру азаматтарға шетелде жинақтаған еңбек өтілін есепке алуға және тұратын елдің заңнамасына сәйкес зейнетақы төлемдерін алуға мүмкіндік береді. Бұл, әсіресе, халықтың еңбек көші-қоны артып отырған жағдайда аса маңызды.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

 

 

 

 

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ ҰЙЫМЫНЫҢ БЕЙРЕСМИ САММИТІН ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ҮЛЕС ҚОСҚАН МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ САЛАСЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ САРАЛАНДЫ

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Казахстан и Монголия устанавливают сотрудничество в пенсионной сфере

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІНЕ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІККЕ ҚАТЫСТЫ ШАРАЛАР КҮШЕЙТІЛЕДІ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ ҰЙЫМЫНЫҢ БЕЙРЕСМИ САММИТІН ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ҮЛЕС ҚОСҚАН МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ ҰЙЫМЫНЫҢ БЕЙРЕСМИ САММИТІН ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ҮЛЕС ҚОСҚАН МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

05.06.2026
3
ТҮРКІСТАНДА МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ САЛАСЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ САРАЛАНДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ САЛАСЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ САРАЛАНДЫ

05.06.2026
4
Жаңалықтар

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА ЖОБАЛАРДЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫ БАҚЫЛАУДА

05.06.2026
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 4 АЙДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЖАЛПЫ ӨНІМ КӨЛЕМІ 206 МЛРД ТЕҢГЕНІ ҚҰРАП, ӨСІМ 111,3 ПАЙЫЗҒА ЖЕТТІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 4 АЙДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЖАЛПЫ ӨНІМ КӨЛЕМІ 206 МЛРД ТЕҢГЕНІ ҚҰРАП, ӨСІМ 111,3 ПАЙЫЗҒА ЖЕТТІ

05.06.2026
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 794 ЕЛДІ МЕКЕН БАС ЖОСПАРМЕН ҚАМТЫЛҒАН
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 794 ЕЛДІ МЕКЕН БАС ЖОСПАРМЕН ҚАМТЫЛҒАН

04.06.2026
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 35 МЫҢНАН АСА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 35 МЫҢНАН АСА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ

03.06.2026
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
462

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
398
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
332
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
292
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
218

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.