МҰҒАЛІМ – ҮНЕМІ ІЗДЕНІСТІ ТАЛАП ЕТЕТІН МАМАНДЫҚ — Төрттаған
Среда, 2 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

МҰҒАЛІМ – ҮНЕМІ ІЗДЕНІСТІ ТАЛАП ЕТЕТІН МАМАНДЫҚ

28.11.2023
Қоғам
0
МҰҒАЛІМ – ҮНЕМІ ІЗДЕНІСТІ ТАЛАП ЕТЕТІН МАМАНДЫҚ

Ерғазы Дәулет Мақсатбекұлы Ж.Тәшенов атындағы N23 IT-мектеп-лицейінде ағылшын тілі пәні мұғалімі болып жұмыс істеп жүрген жас маман. Жас ұстаз болса да мектеп және қоғам жұмысына белсене қатысып, нәтижелі еңбегімен ұжымда елене бастады.

Ол алдыңғы жылдары ағылшын тілінен Республикалық ғылыми жоба сайысына оқушы дайындап, қалалық кезеңінен 1-орынға ие болса, былтырғы жылы облыстық ғылыми жобадан дайындаған шәкірті 11 «б» сынып оқушысы Дариға Айсекенова 2-орынға ие болды. Сонымен қатар «Дарынды ұрпақ-ел болашағы» жобасы аясында белсенді қатысып жобасы сәтті өтіпті. Оқушыларымен бірге «Ұлы дала баласы» ұлттық білім сайыстарының облыстық кезеңінде 1-дәрежелі дипломмен марапатталды.

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА «ASYL MURA» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Жас маман Дәулет Ерғазы студент кезінен-ақ, шәкірт дайындау жұмысына қатыса бастаған. Өзінің айтуынша «2-курста сабағы жақсы мұны «Яссы білім» білім беру орталығына ағылшын курсын жүргізуге жұмысқа шақырыпты. «Орталықта ағылшын тілін оқытуда біршама тәжірибе жинадым. Ол жерде қағазбастылық, ұстаздың уақытын алатын басқадай шаруалар болмайды. Тек алдыңдағы баламен уақытпен санаспай жұмыс істеу керек. Себебі, мұнда нәтижеге жету басты меже. Орталық директоры Тұрсынбай ағадан үйренгенім көп болды. Сол күндері ұстаздық менің сүйікті ісім екенін түсіндім. Мектепке жұмысқа тұрғанда менде біршама тәжірибе болды. Сондықтан болар, менде адаптация деген болған жоқ, мектепке кірген бойда оқушылармен тез тіл табысып, сабаққа кірісіп кеттік. Алайда, «Оқу инемен құдық қазғандай» деп дана халқымыз айтқандай, нәтижеге, жетістікке жету тиянақты, ыждағатты жұмысты талап етеді», – дейді ол.

Кейіпкеріміз мұғалімдік мамандық, педагог мәртебесі туралы ойларымен бөлісті. «Мұғалім мәртебелі мамандық. Бүгінде, оқушылардың ойлау қабілеті қатты дамыған.Технологияны жетік меңгерген. Олардың білмейтіні жоқ. Оқушылар гаджеттермен және ақпарат технологиясын жақсы меңгергені соншалық, олар кейде ұстазды он орап алуы мүмкін. Сол себепті, соңғы уақытта аға буын мұғалімдеріміз де өз оқушыларымен тіл табысуы үшін, баламен жақсы жұмыс істей алуы үшін өзгеріп, өздерін дамытып отыратын болды. Демек, мұғалім өмір бойы оқитын, ізденісте жүретін интеллектуал адам. Ұстаз отбасымен қатар, оқушыларын да өз баласынан кем көрмей, ұдайы көңіл бөліп, сапалы білім, саналы тәрбие беретін жан деп білемін. Сондықтан, мұғалім мамандығы абыройлы мамандықтар қатарында деп есептеймін. Нағыз педагог, өз оқушысының жан дүниесіне үңіле білген ұстаз деп ұғу керек. Бір сыныпта 20 оқушы болса, 20 түрлі мінез 20 түрлі пікір болады. Кейбір әріптестер оқушыларды, «оқымайды, ынтасы жоқ» деп, кінәлап жатады. Меніңше, ол мұғалімнің педагогтің шеберлігіне байланысты. Өз ұстанымым «оқымайтын бала жоқ, оқыта алмайтын мұғалім болу мүмкін». Өз басым осы қағиданы басшылыққа алып, жұмыс істеймін».

Жас педагог Дәулеттің айтуынша, ағылшын тілін оқуға балалардың құштарлығы өте зор көрінеді. «Жаңа сөздер ережелерді үйрене отырып, соған қарай listening, reading ,speaking бөлімдерін, яғни тыңдалым оқылым және сөйлеуді дамытады. Жоғарыда айтып кеткенімдей мұғалім баланың ынтасын оята білу керек. Жалпы, қазіргі таңда тілді үйрену, ағылшын тілін білу туралы қоғамда насихат басым болғандықтан шығар, төменгі сынып балаларының өздері қызығушылық танытып жүр. Әрбір отбасында, үйде балалардың ата-аналары тарапынан да шет тілін үйренуге қатты мән беріліп жатыр. Содан да болар, қаламызда тіл курстары 2-3 жыл бұрынғы кезге қарағанда саны әлде неше есе көбейді», – дейді жас педагог.

Дәулет Мақсатбекұлымен әңгіме барысында болашақ ой-жоспарларымен бөлісуін сұрағанбыз. «Алла қаласа, алдағы уақытта білім саласынын дамытуға өз үлесімді қоссам деймін. Тіл курстарын дамытып, дайындаған шәкірттерім ҰБТ-дан жоғары нәтижеге жетіп, оқушыларымның көбінің грант иегері болуына көмегімді тигізсем деймін. Өзім қызмет ететін IT-мектеп-лицейін қаламыздағы ең үздік мектептердің қатарында көрінуіне атсалысу парызым деп білемін. Жас өскін, өсіп келе жатқан балаларымызды ағылшын тілін үйретуде оңай, түсінікті тілде жеткізетін жеке әдістемемді қалыптастырып, жаңа деңгейге көтергім келеді, болашақта», – деп ағынан жарылды. Біз жас ұстазға сәттілік серігің болсын, – деген тілегімізді білдірдік.

Ә.ТӘШІМ.

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

МҰҒАЛІМ – МЕКТЕП ЖҮРЕГІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ORDABASY: АУДАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК — ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІ ЖОСПАРҒА САЙ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА  «ASYL MURA» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА «ASYL MURA» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

30.06.2025
2
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ
Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

28.06.2025
2
САРЫАҒАШ: АУДАН ӘКІМІ БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Қоғам

САРЫАҒАШ: АУДАН ӘКІМІ БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

27.06.2025
3
ШАРДАРАДА АУДАН ӘКІМІ АҚПАРАТ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КƏСІБИ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Қоғам

ШАРДАРАДА АУДАН ӘКІМІ АҚПАРАТ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КƏСІБИ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

27.06.2025
2
КЕНТАУДА МЕДИАНЫҢ МИССИЯСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қоғам

КЕНТАУДА МЕДИАНЫҢ МИССИЯСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

27.06.2025
2
БАҚЫТТЫ БАЛАЛАР БЕЙБІТ ЕЛДІҢ ТІРЕГІ
Қоғам

БАҚЫТТЫ БАЛАЛАР БЕЙБІТ ЕЛДІҢ ТІРЕГІ

27.06.2025
2

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.