МҰҒАЛІМ – МЕКТЕП ЖҮРЕГІ — Төрттаған
Среда, 21 мая, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

МҰҒАЛІМ – МЕКТЕП ЖҮРЕГІ

28.11.2023
Қоғам
0
МҰҒАЛІМ – МЕКТЕП ЖҮРЕГІ

READ ALSO

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті маман дайындау болып табылады. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі – мұғалім.

Ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақты ұстаз тәрбиелейді. Адамның адам болып қалыптасуына ата-анамен қатар, ұстаздың да рөлі маңызды. Болашағымыздың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді емес пе. Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да солдай ардақтауға міндеттіміз» деген. Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – мұғалім.

Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс – оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау – әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.   «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегендей, ел ертеңі болып табылатын ұландардың бойына білім мен өнерді, адамгершілік пен адалдықты, туралық пен шыншылдықты, рухани байлық пен ұлттық қасиеттерді сіңіріп, оларды тұлғалы азамат етіп қалыптастыруда өзіндік үлесін қосып жүрген ардақты ұстаздарымыздың бірі Түркістан қаласы, «Бауыржан Момышұлы атындағы №22 жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жанат Ханділлә Ділдәбекқызы. Жанат ұстазымыз 1971 жылдың 27 қазанында Түркістан қаласында дүниеге келген.  №9 Н.А.Некрасов атындағы орта мектепті аяқтағансоң, 1989-1994 жылдар аралығында С.Сейфуллин атындағы Ақмола мемлекеттік педагогикалық институтында оқып, орыс тілі мен әдебиет мұғалімі мамандығының үздік дипломын алған.

Өзінің еңбек  жолын 1994  жылдың тамыз айында Түркістан қаласы,  Абай атындағы орта мектебінде мамандығы бойынша жұмыс істеп, аталған мектепте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мектеп директоры қызметін де атқарған. 2011 жылдың қыркүйек айынан бастап аталмыш мектепте директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді.

Жоғары білікті маман Жанат Ділдәбекқызы жеткен жетістіктері мемлекет тарапынан бағаланып, көптеген марапаттауларға ие болған білікті ұстаз. 2016-2022 жылдар аралығында облыстық «Білім үздігі», «Білім шыңы», «Кәсіподаққа қызметі сіңген қызметкер» деп аталатын төс белгілерге ие болған. 2018-2020 жылдарда республикалық «Өрлеу» мұғалімдердің біліктілігін арттыру институтының құрмет грамоталары, облыстық «Үздік мұғалімдер»кітабына ену, Daryn.online білім беру платформасы мен Qaztest.kz олимпиада сайты бірлесіп өткізген І Республикалық  «Кемеңгер ұстаз» олимпиадасының І дәрежелі дипломдарын алған.

Жанат Ділдәбекқызы – инновациялық басқаруды меңгерген, ынтымақтасқан ортада бірлескен жұмысты істей алатын іскер басшы. Жұмыс барысында бойынан қайсарлық пен сезімталдық, өжеттілік пен кеңпейілдік айқын көрініп тұрады. Ұжымда, оқушылар арасында өзінің парасаттылығымен, білімділігімен беделге ие. Ұлағатты ұстаздық жолында әрбір шәкірттерінің жүрегіне жол табұға әріптестерін жетелей білетін көшбасшы ұстаз. Сонымен қатар, Жанат ұстаздың жолын қуған оқушылары бірнеше халықаралық, облыстық жарыстардың иегерлері, білім грантының иегерлері атанған. 2020 жылы Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің алғыс хаты, қалалық семинарларда Түркістан қаласы әкімдігінің білім бөлімінің мақтау қағаздары, Түркістан облысының адами әлуетті дамыту басқармасының Құрмет грамотасы, Қазақсан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында білімді қамтамасыз ету Комитетінің алғыс хаттарымен мараматталған. Жанат Ділдәбекқызы ұстаздық жолында оқушыларының танымдық қызығушылығын арттырып, оқушылардың ой – өрісін, дүниетанымын кеңейтуді басты мақсат тұтқан. Алған білім негізін дамыта отырып оқушының шығармашылық деңгейін шыңдап, жетістіктерге жетуіне әрдайым көмектесуге дайын.

Қорыта айтқанда, әр мұғалімнің алдындағы мұраты – өз ісін жетік біліп қана қоймай, әр оқушыны шығармашылық тұлғаға жетелеуі. Әр баланың қабілетін, талантын ашу, өзіне өзінің сенімін нығайтып, өзіне-өзінің жол ашуына түрткі жасау – міне бүгінгі білім беру, тәрбие ісінің басты міндеті болып табылады.

Ш. ҒАЙБУЛЛА.

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

АНТЫНА АДАЛ АБЗАЛ ЖАН

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

МҰҒАЛІМ – ҮНЕМІ ІЗДЕНІСТІ ТАЛАП ЕТЕТІН МАМАНДЫҚ

Оқи отырыңызМақалалар

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

11.04.2025
6
Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды
Жаңалықтар

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

11.04.2025
10
Қоғам

Түркістанда сотты болған азаматтардың қайта қылмыс жасауының алдын алу бойынша форум өтті

15.03.2025
4
Жалған қоңырауларды қалай болдырмауға болады?
Қоғам

Алаяқтар әрекеті толастар емес

22.02.2025
4
Интернет-алаяқтыққа жол жоқ!
Қоғам

Интернет-алаяқтыққа жол жоқ!

21.02.2025
9
Түркістан облысында полиция колледж студенттеріне интернет-алаяқтықтан сақтану жолдару туралы айтты
Қоғам

Түркістан облысында полиция колледж студенттеріне интернет-алаяқтықтан сақтану жолдару туралы айтты

21.02.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
429

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
352
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
212
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
157
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
154

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.