ORDABASY: АУДАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК — ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІ ЖОСПАРҒА САЙ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС — Төрттаған
Воскресенье, 15 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ORDABASY: АУДАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК — ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІ ЖОСПАРҒА САЙ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС

28.11.2023
Жаңалықтар
0
ORDABASY: АУДАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК — ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІ ЖОСПАРҒА САЙ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС

READ ALSO

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАН: ҚУАҢШЫЛЫҚТАН ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Бүгін Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен апталық аппараттық мәжіліс өтті.
Мәжілістің күн тәртібінде бюджет қаржысының атқарылуы және әлеуметтік — экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуы, Еңбек мобильділігі орталығының атқарған жұмысы, қатты тұрмыстық қалдықтарды тастайтын орындардың жағдайы және тасымалдау барысы туралы сала жауаптылары баяндама жасады.
Аудандық Экономика және қаржы бөлімінің басшысы Алтынай Сихымбаева бюджет қаржысының игерілуіне тоқталып, индикаторға кері әсер етіп отырған тамақ өнімдерін өндіруге негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі, құс етін өндіру, ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін ұлағайту, түйе басының, жұмырытқа өндірісінің төмендеуі бойынша нақты мәлімет беріп өтті.
Аудан басшысы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіште бюджет қаржысының уақытылы орындалуы төмен ауылдық округ әкімдеріне ескерту жасап, жыл соңына дейін межелі жоспарды толығымен орындауды міндеттеді.
Аппараттық жиында «Еңбек» мобильді орталығының атқарған жұмысы бойынша аталған орталық директоры Қарлыға Әбітаева баяндап өтті.
Орталық басшысы аудандағы жұмыспен қамту саласындағы атқарылған жұмыстармен қатар бірнеше өзекті мәселеге тоқталды. Мәселен, өңірлік жұмыспен қамту картасында бекітілген инфрақұрылымдық жобалардағы жұмыс орындарының ашылуын және жұмысқа орналасқан азаматтарға міндетті зейнетақы жарнасының тұрақты аударылуын қамтамасыз ету мәселесі де күн тәртібіне көтеріліп, «Жастар практикасы», «Алағашқы жұмыс орны» жобалары бойынша жылдық жоспарға сәйкес жастарды жұмыспен қамту шараларына жолдауды қамтамасыз ету бойынша да маңызды мәселені ортаға салды.
Өз кезегінде аудан әкімі жұмыссыздық деңгейін төмендету, тұрғындарды жұмыспен қамтуда мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдалану жағына баса мән беруді айтып өтті.
Апталық мәжілісте аудандық Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Арман Искаковтың ауылдардағы қоқыс полигондарының қазіргі жағдайы бойынша есебі тыңдалды.
Аудан әкіміне есепті баяндамасында бөлім басшысы аудан бойынша 57 елді мекеннің тек 22 елді мекенінде тұрмыстық қатты қалдықтарды тасымалдаумен айналысатын мердігер мекемелер бар екендігін айтты. Ал, қалған 35 елді мекенде бөлім тарапынан ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.
Ауыл-елді мекендердің тазалығы бойынша бөлім басшысының есебінен соң аудан әкімі Шұбар, Бөржар, Бадам, Қараспан сынды бірнеше ауылдарда тұрмыстық қатты қалдықтар уақытылы тазаланбай, белгіленген орындарға төгілмей жатқандығын айтып, ауыл әкімдерінің жұмысына сын-ескертпе жасады.
Сондай-ақ апталық мәжілісте жылу беру маусымының барысы, «Ауыл аманаты» жобасының іске асырылуы, азаматтарды әскер қатарына шақыру, мерзімді басылымдарға жазылу, облыс, аудан әкімінің жеке қабылдауында көтерілген мәселелердің орындалуы бойынша сала жауаптылары аудан әкіміне мәлімет берді.
Аудан әкімі Азат Әбдіғалиұлы жиын соңында жоғарыда аталған мәселелерді бірлесе отырып орындап, жыл қорытындысымен ауданды жақсы көрсеткішке жеткізу үшін жұмыс істеуге шақырды.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

МҰҒАЛІМ – ҮНЕМІ ІЗДЕНІСТІ ТАЛАП ЕТЕТІН МАМАНДЫҚ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ORDABASY: ЖАС СПОРТШЫЛАР ӘЛЕМДІК ДОДАДА ЕЛ НАМЫСЫН ҚОРҒАП, 12 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

14.06.2025
3
ТҮРКІСТАН:  ҚУАҢШЫЛЫҚТАН ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ҚУАҢШЫЛЫҚТАН ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

14.06.2025
3
ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ, ҚАЗЫҒҰРТ, ТӨЛЕБИ АУДАНДАРЫНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ, ҚАЗЫҒҰРТ, ТӨЛЕБИ АУДАНДАРЫНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ

14.06.2025
3
Қытай тарапынан Түркістан облысына деген қызығушылық жоғары
Жаңалықтар

Қытай тарапынан Түркістан облысына деген қызығушылық жоғары

14.06.2025
3
ТҮРКІСТАН-ЦИНДАО БАҒЫТЫ: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР МЕН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СЕРПІН
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН-ЦИНДАО БАҒЫТЫ: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР МЕН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СЕРПІН

14.06.2025
3
МАҚТА МУЗЕЙІНДЕ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҒЫ ЖЫЛЫНА ОРАЙ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Жаңалықтар

МАҚТА МУЗЕЙІНДЕ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҒЫ ЖЫЛЫНА ОРАЙ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

13.06.2025
3

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
355
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
165
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
157

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.