Ынтымақ – ырыс қайнары — Төрттаған
Суббота, 7 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Ынтымақ – ырыс қайнары

09.11.2023
Қоғам
0
Ынтымақ – ырыс қайнары

READ ALSO

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

Әлеуметтік сала – өте жауапты сала. 2019 жылы қазан айында Төлеби ауданының сол кездегі әкімі Бауыржан Омарбеков: «Осы ауданның азаматысыз, ауданды жақсы танисыз. Өйткені, барлық мәселе саяси ахуалға байланысты. Сондықтан ынтымақ пен тұрақтылықты қамтамасыз ету – біздің басты міндетіміз» деп әлеуметтік саланың жұмысын үйлестіруді маған сеніп тапсырған болатын. Содан бері төрт жылдан астам уақыт өтті. Шүкір, жұмысты біршама жолға қойдық деп есептеймін.
Ауданға қарасты 13 қала және ауылдық округте орналасқан 55 елді мекенде бірнеше этнос өкілдерінен тұратын 121 961 халық мекендейді. Соның 85 мыңнан астамы  –  қазақ, 19,5 мыңдайы  –  өзбек, 6 603-і  –  орыс, 4 775-і  –  түрік, 1 796-сы  –  әзірбайжан, 1 733-і  –  күрді. Мұнан басқа жалпы саны мыңға толмайтын шешен, татар, украин, қырғыз, неміс, кәріс, парсы, ұйғыр, тәжік, башқұрт, грек ұлтының өкілдері де тұрады. Олардың барлығы  –  Қазақстан Республикасының азаматы. Демек, бәрінің құқықтары бірдей. Ауданда 6 мәдени орталық жұмыс істейді.  Бізде орыс-қазақ, қазақ-өзбек, қазақ-түрік сияқты аралас мектептер аз емес. Мектеп оқушыларының арасындағы тәртіпсіздіктің ақыры ұлтаралық араздыққа ұласып кетуі мүмкін. Аудан аумағында қоғамдық-саяси ахуалға орай жұмыс тобы құрылып, оның құрамына аудан әкімі, аудан прокуроры, аудандық ҰҚК-нің және АІІБ басшылары, дербес бөлімдер басшылары мен ауылдық округтер әкімдері енген. Топ құрамында 27 мүше бар. Кері байланыс орнату үшін чат ашылып, жұмыс істеуде. Қаңтар оқиғасы үлкен сабақ болды. Оқыс жағдай орын алған жағдайда халық алдына шығып сөйлейтін беделді азаматтардан  –  ауыл билері, ардагерлер, депутаттар, спорт шеберлері, белсенді жастар арасынан жалпы 125 адамнан тұратын спикерлердің тізімі жасақталған. Сондықтан мұндай келеңсіздіктің алдын алып, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізген тиімді екенін тәжірибе көрсетіп берді.
Мәселен, 2021 жылы ауданымызда түрлі этнос өкілдерінің қатысуымен тұрмыстық деңгейдегі 4  бұзақылық орын алса, былтыр 6 жағдай тіркелді. Оның бесеуі тұрмыстық сипаттағы құқықбұзушылық деп саналса, біреуі Ханарық елді мекеніндегі жер дауына қатысты орын алды. Облыс және аудан, тиісті деңгейдегі құқық қорғау органдары басшыларының, зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен шұғыл жиын ұйымдастырылып, жергілікті тұрғындар қылмыстық іс қозғалған 3 азаматтың атынан кешірім сұрап, бейнеүндеу жолдады.
Кейбір өзге ұлт өкілдері тұратын елді мекендегі мешіттерде имамдар жұмыс істейді. Ол қандай насихат жүргізіп жатыр? Саясаты қандай? Қандай ағымдағы дін? Бұл маңызды мәселе де біздің басты назарымызда. Олардың арасынан көшбасшылар сайланған. Сол азаматтармен ұдайы тығыз байланыс жасап отырамыз. Ынтымақ пен татулықты қамтамасыз етуге күш салудамыз. Бұл ретте бізге ауған соғысын және тәжік шекарасындағы ұрыс қимылдарына қатысқан кешегі сарбаздар, бүгінгі ардагерлер көмекке келеді.
Енді мәдениет саласына келетін болсақ, ауданда 2 мәдениет үйі және 15 клуб жүйелі жұмыс істейді. Мұнда  барлығы 47 үйірме бар. Мәдениет ошақтарының басым көпшілігіне табиғи газ кірген. 2-3 клуб қана қатты отынмен жылытылады. Аудандағы 31 кітапханда 426 205 кітап қоры бар. Олар заман талабына сай цифрландыруға көшіп жатыр. Соңғы жылдары елді мекендерде қалталы азаматтар саябақ салып, гүлзарлар ашып, оны халық игілігіне беруде. Мәселен, Сарқырама, Алғабас, Майбұлақ ауылдарындағы саябақтар ауданның теңгеріміне алынып, күтіп ұсталуда.
Жұмыспен қамту мәселесі де өте өзекті екені рас. Бұл бағытта да жүйелі жұмыс жүргізілуде. Облыс бойынша атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) Төлеби ауданы аз алады. Демек, көптеген азаматтар тұрақты және уақытша  жұмыспен қамтылуда. Осы бағыттағы бағдарламалар бойынша толыққанды жұмыстар жүргізілуде. Өз кәсібін ашып, жұмысын жолға қойғысы келетін талапкерлерге гранттар берілуде. Оларды арнайы құрылған комиссия бизнес идеяларына қарап іріктейді. Бұрын егін егіп, мал асырайтын азаматтар көп еді. Соңғы кезде өнеркәсіп және қызмет көрсету саласына басымдық берілуде. «Алғашқы жұмыс орны», «Дипломмен – ауылға», «Күміс жас» сияқты жобалар сәтімен жүзеге асуда.
Туризм бағытында демалушыларға қызмет көрсетушілер қатары жылдан-жылға көбейіп келеді. Бұл – қуанышты жәйт. Қаладан келетін қонақтар ет, қазы-қарта, жал-жая,  құрт, сары май, ірімшік, саумал, қымыз, қаймақ, айран, сүт сияқты экологиялық жағынан таза, құнарлы тамақ жеп, ұлттық сусындар ішкісі келеді. Бұл ретте біздің әлеуетіміз жоғары. Потенциалды тиімді пайдалана білуіміз керек.  Сондықтан сервистік қызмет өз дәрежесінде ұйымдастырылуы тиіс.
Ауданымызда 126 жалпы білім беретін мекеме болса, оның ішінде 68 мектеп (екеуі жекеменшік), 54 балабақша (25 мемлекеттік, 29 жекеменшік), 4 мектептен тыс (аудандық оқушылар үйі, аудандық саз мектебі, қалалық саз мектебі, көркемсурет мектебі) ұйым жұмыс істейді. 67 мектеп автономды жылу жүйесімен жабдықталған. Бүгінгі таңда 52 мектеп «көгілдір отынды» пайдаланады. Мектептерде 11 мың оқушыға арнап ыстық тамақ ұйымдастырылған.
Биылғы 9 айда ауданда спортпен шұғылданушылар саны 50 400 адамға жетіп отыр. Яғни бұл – халықтың 41,6 пайызы деген сөз. Біздің аймақта 400 спорттық нысан жұмыс істейді. Соның ішінде «Жастық» стадионы, тау шаңғы базасы, 2 жүзу бассейні, «Бәйшешек» оқу-жаттығу орталығы, 68 спорт зал, 5 спорттық сауықтыру кешені, 8 мылтық ату тирі, 294 ашық спорт алаңы, 7 футбол  манежі, 163 бейімделген спорт зал бар. Аудан спортшылары облыс чемпионаттары мен ашық біріншіліктерге қатысып, 58 алтын, 53 күміс, 102 қола медальға қол жеткізсе, халықаралық жарыстардан 9 алтын, 11 күміс және 21 қола медаль олжалады. Азия біріншіліктері және Евразия ойындарында 2 алтын медальға ие болды. Осы уақыт аралығында әлем чемпионаттарында  аудан спортшылары 2 алтын медаль алды.
С.ДҮЙСЕБАЕВ,
Төлеби ауданы әкімінің орынбасары.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

САРЫАҒАШТЫҢ ӨНЕР КЕРУЕНІ КЕЛЕС АУДАНЫНДА

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ЖЕТІСАЙ ҚАЛАСЫНДА МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ МӘДЕНИ КҮНДЕРІ ӨТТІ

Оқи отырыңызМақалалар

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

11.04.2025
6
Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды
Жаңалықтар

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

11.04.2025
12
Қоғам

Түркістанда сотты болған азаматтардың қайта қылмыс жасауының алдын алу бойынша форум өтті

15.03.2025
4
Жалған қоңырауларды қалай болдырмауға болады?
Қоғам

Алаяқтар әрекеті толастар емес

22.02.2025
4
Интернет-алаяқтыққа жол жоқ!
Қоғам

Интернет-алаяқтыққа жол жоқ!

21.02.2025
9
Түркістан облысында полиция колледж студенттеріне интернет-алаяқтықтан сақтану жолдару туралы айтты
Қоғам

Түркістан облысында полиция колледж студенттеріне интернет-алаяқтықтан сақтану жолдару туралы айтты

21.02.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
355
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
215
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
163
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
157

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.