ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ҮЗДІК ДИЗАЙНЕРЛЕРІ БАС ҚОСТЫ — Төрттаған
Понедельник, 16 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Руханият

ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ҮЗДІК ДИЗАЙНЕРЛЕРІ БАС ҚОСТЫ

05.11.2023
Руханият
0
ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ҮЗДІК ДИЗАЙНЕРЛЕРІ БАС ҚОСТЫ

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА МАХМҰД ҚАШҚАРИДІҢ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК» ЕҢБЕГІНІҢ 950 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА АЛАШ АРДАҚТЫЛАРЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ

Түркістан қаласындағы «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінде «Түркі әлемінің Этносәні» VI Халықаралық фестивалі өтті. Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен, ТҮРКСОЙ ұйымының бастамасымен, «Qazaq Oner» ұлттық ассоциациясы, «Open Travel Advisory» ЖШС, Түркістан облыстық мәдениет және туризм басқармасы және «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы ЖШС-нің ұйымдастыруымен өтіп жатқан фестивальге 9 елдің қолөнершілері мен дизайнерлері қатысып жатыр. Этносән апталығы 20 қыркүйек күні Өзбекстанның Ферғана қаласында басталып, Түркістан қаласында жалғасын тапты.
Түркі халықтарының рухани жақындасуы және мәдени байланыстарды нығайту мақсатында құрылған жобаға ТҮРКСОЙ басшылығымен қатар, Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Түркия, Моңғолия, Тыва Республикасы, Татарстан, Саха Республикасынан (Якутия) этнодизайнерлер, сондай-ақ Қазақстанның барлық өңірінен қолөнершілер, суретшілер мен креативті индустрия өкілдері арнайы келді.
«Конгресс Холл» көпсалалы кешенінде күні бойы қазақстандық қолөнершілер жәрмеңкесінде ұлттық нақыштағы киім-кешектер, ұлттық аспаптар, зергерлік бұйымдар, ыдыс-аяқтар мен түрлі ерекше тоқыма заттары ұсынылды. Жәрмеңке 26 қыркүйек күні де жалғасады. Сондай-ақ дизайнерлердің қатысуымен Түркістан қаласының көрікті жерлерінде фотосессия жасалды.
Фестиваль барысында түркітілдес елдердің 20 дизайнері «Сәндегі этникалық стильді дамыту перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстелде талқылау жүргізді. «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы ЖШС-нің директоры Серік Сандыбаев қолөнершілер мен дизайнерлерге қолдау көрсетілетінін атап өтті. Жиында этникалық саясаттың түрлі аспектілері мен этностар арасындағы қарым-қатынасты нығайту мәселелері сөз болды. Ақпарат және тәжірибе алмасуға ықпал ететін ортақ жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру жайы да қаралды.
Ертең, 26 қыркүйек күні сағат 09.00-ден бастап аталған ғимаратта Қазақстанның әр өңірінен келген жетігеншілер «Жетіген – көне қазақ музыкалық аспабын дамыту» тақырыбында авторлық шеберлік сағатын өткізеді. Ал Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде сағат 11.00-13.00 аралығында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, педагог, профессор Айгүл Қосанованың «Ән-ғұмыр» атты авторлық шеберлік сағатына қатысуға мүмкіндік бар. Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Халықаралық дизайнерлер одағының мүшесі, халықаралық «Тұран» сыйлығының лауреаты, суретші Әсет Жақыпбектің жетекшілігімен өтетін конкурстық пленэрде Түркістан көріністері бейнеленеді. «Түркі әлемінің этносәні» VI Халықаралық фестивалі дефилемен қорытындыланады.
Айта кетейік, «Түркі әлемінің ЮНЕСКО-сы» атанған халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы 1993 жылы Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан және Түркия Республикасының мәдениет министрлері арасындағы келісім нәтижесінде құрылды. Кейіннен ТҮРКСОЙ-дың құрамына бірнеше ел енді. Биыл аталған ұйымның 30 жылдығы кең көлемде аталып өтуде.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫНДА БЕНЕФИС ШОУ ӨТТІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

АЛАШ ҚАЙРАТКЕРІНЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНАТЫЛДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА МАХМҰД ҚАШҚАРИДІҢ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК» ЕҢБЕГІНІҢ 950 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ
Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА МАХМҰД ҚАШҚАРИДІҢ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК» ЕҢБЕГІНІҢ 950 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ

10.06.2025
4
ТҮРКІСТАНДА АЛАШ АРДАҚТЫЛАРЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ
Руханият

ТҮРКІСТАНДА АЛАШ АРДАҚТЫЛАРЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ

13.09.2024
14
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?
Руханият

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

07.12.2023
98
САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?
Руханият

САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

07.12.2023
31
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ
Руханият

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
165
ТҮРКІСТАН: «ЖАҚСЫ ДӘСТҮР УАҚЫТТЫ ЖАТСЫНБАЙДЫ»
Руханият

ТҮРКІСТАН: «ЖАҚСЫ ДӘСТҮР УАҚЫТТЫ ЖАТСЫНБАЙДЫ»

07.12.2023
31

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
355
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
165
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
157

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.