Сергектігі – спорттан, шеберлігі – бейнеттен — Төрттаған
Воскресенье, 15 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Сергектігі – спорттан, шеберлігі – бейнеттен

29.04.2023
Жаңалықтар
0
Сергектігі – спорттан, шеберлігі – бейнеттен

READ ALSO

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАН: ҚУАҢШЫЛЫҚТАН ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауларының бірінде «Еңбек адамы қадірленсін» дегенді айтты. Президенттің сөзін нақтылай түссек, ол былай деген болатын: «Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман – ең сыйлы адам болуы тиіс. Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады».
Еңбек адамы деген – жер қазып, егін салып, кірпіш қалап жатқан қарапайым жұмысшы ғана емес. Әрине, олардың еңбегін ешкім жоққа шығармайды.
Кезінде жасыл алаңда жасындай жарқыраған кәнігі аяқдоп шебері Пазылбек Диханбаев ағаны көшеде кездейсоқ жолықтырып қалдым. Қыс мезгілінің қытымыр суығын елемей, жеңіл киініпті. Қараторы жүзінде ерекше жылы шуақ бар. Қашанғы жылдам қимылдайтын әрекетімен қолымды қыса түсті.
Ол 1949 жылы 7 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы, Бөген (қазіргі Ордабасы) ауданы, Алтынтөбе ауылында дүниеге келген. Әке-шешесінен жастай айырылған ол тағдыр тәлкегімен нағашы әжесі Сырғаның қолында өсіп, тәрбиеленеді. Балалық шағында футбол ойнағанды ұнатқан.
Он беске толар  жылы «XXI партсъезд» ұжымшарының құрама командасында, «Тұрлан» геологиялық барлау экспедиция командасының маңдайалды ойыншысы болады. Содан көп ұзамай оған бапкерлер «құда түсіп», өздеріне шақыра бастайды. Мұндай ұсыныс көрші Өзбекстаннан да келіп түскен. 1967 жылғы көктемде оны олар Одаққа әйгілі «Пахтакор» командасының қосалқы құрамына шақырады. Бұл ұсынысты ол қуана қабылдайды. Жарты жылдай команда сапында болып, жаттығу жұмыстарын жалғастырады. Сол кездегі Кеңес Одағына есімдері кеңінен таныс футбол жұлдыздары Г.Красницкий, Б.Абдураймовпен бірге доп тепкенін күні бүгінге дейін мақтаныш тұтады. Әйтсе де, оның бұл бақытты сәттері көпке ұзай қойған жоқ. Отбасылық жағдайға байланысты туысқандары оны күтпеген жерден елге алып қайтады.
      Шымкентке келіп, автобус паркіне слесарь болып жұмысқа тұрған. Пазылбек осындағы құрама командаға қабылданады. 1971 жылы облыс құрама командасының сапында «Қайрат» командасымен жолдастық кездесу өткізгені әлі есінде. Сонда ғой бірінші таймда алғашқы голды Пазылбек салып еді. Алайда, күштінің аты қашан да күшті ғой, «Қайрат» екінші таймда айқын басымдылық танытты. Әйтсе де, атақты командаға гол соққаны ұмытылар ма?
Пазылбек 1978 жылы бақшалы Түлкібас ауданына қоныс аударады. №1804 жылжымалы-механикаландырылған құрылыс колоннасына құрылысшы болып орналасып, ауданның өркендеуіне едәуір үлес қосты. Іскерлігі мен ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында  бригадирлікке дейін көтерілді. Осы аралықта Түлкібас астық комбинаты, Жабағылы құс фабрикасы секілді алып құрылыстарды салуға атсалысты. Бұдан тыс елді мекендерге мектеп, балабақша, аурухана, тұрғын үйлер пайдалануға берілді. Құрылыс саласындағы адал еңбегі көптеген марапаттармен, бағалы сыйлықтармен бағаланды. Жарыстың  талай мәрте жеңімпазы атанып, суреті Құрмет тақтасынан түспеді.
Бірақ, Пазылбек түсінде де футбол көріп жүрді. Қолы қалт еткенде футбол жарыстарын тамашалайтын. Жанкүйер ретінде талай ойын көрді. Футболға деген қызығушылығы сондай, «Ордабасы» ойнаған күні міндетті түрде Шымкенттен табылатын. Кейде Таразға, Алматыға,  Қызылордаға «Ордабасыға» жанкүйер болып барып жүрді. Оған бармаса ішкен асы бойына сіңбейді. Жұбайы Назым кейде «не болды сонша, бала болып кеттің бе? Үйде теледидарға қарап тыныш отырмайсың ба?» деп ұрсып та алушы еді. Бірақ, оны тыңдайтын Пазылбек пе? Доптың дүбірін есітсе болды, шыдай алмайды. Өзі құрылыстан қолы тимейтіндіктен, ұлы Айбекті футбол командасына берді. Айбек Өскеменнің «Восток» командасының сапында ойнады.
Пазылбек құрылыс саласында еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан соң да үйде қол қусырып отыра алмады. Осы екі ортада жұбайы Назым қайтыс болды. Сосын іштегі мұңды ұмыту үшін базарға шықты. Қазір Т.Рысқұлов ауылындағы орталық базарда ұлттық нақышта тігілген, ою-өрнегі мол  көрпе, жастық, көрпеше, матрас, жеңіл жамылғы, тағы басқа да бұйымдар сатады. Алғашқында сауда жасауға икемделе алмады. Бірақ, уақыт өте келе бәріне де төселіп кетті. Қазір оның сауда саласында жүргеніне он жылдан асып барады. Оған бұл жұмысы ұнайды. Күніне бірнеше тұтынушы келеді. Олардың талап-тілектерін қанағаттандыруға тырысады. Тұтынушылардың көбімен етене араласып та кетті.
Қазір Пазылбек ағаға жаңадан шаңырақ көтерген жастар көп келеді. Жас шаңыраққа жасау, жабдық керек. Қаражат жағынан қысылып келген таныс кісілер болса қарызға да тарататын кездері бар. Сондықтан оны тұтынушылар да құрмет тұтады.
Пазылбек Диханбаев қарт та болса қажырлы. Жастайынан әдет еткен жаттығуларын әлі де тастамаған.
Меніңше, нағыз еңбек адамы осылай болса керек-ті. Оның жасы жетпістен асса да сергек жүреді. Салауатты өмірі спорт пен еңбекті егіз көріп, тастамауында деп түсіндім.
О.КӨМЕКОВ.
Түлкібас ауданы.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Кәсібін кеңейткен кәсіпкер

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

14.06.2025
3
ТҮРКІСТАН:  ҚУАҢШЫЛЫҚТАН ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ҚУАҢШЫЛЫҚТАН ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

14.06.2025
3
ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ, ҚАЗЫҒҰРТ, ТӨЛЕБИ АУДАНДАРЫНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ, ҚАЗЫҒҰРТ, ТӨЛЕБИ АУДАНДАРЫНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ

14.06.2025
3
Қытай тарапынан Түркістан облысына деген қызығушылық жоғары
Жаңалықтар

Қытай тарапынан Түркістан облысына деген қызығушылық жоғары

14.06.2025
3
ТҮРКІСТАН-ЦИНДАО БАҒЫТЫ: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР МЕН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СЕРПІН
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН-ЦИНДАО БАҒЫТЫ: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР МЕН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СЕРПІН

14.06.2025
3
МАҚТА МУЗЕЙІНДЕ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҒЫ ЖЫЛЫНА ОРАЙ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Жаңалықтар

МАҚТА МУЗЕЙІНДЕ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҒЫ ЖЫЛЫНА ОРАЙ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

13.06.2025
3

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
355
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
165
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
157

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.