ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ — Төрттаған
Воскресенье, 21 июня, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ

23.06.2025
Жаңалықтар
0
ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ ҰЙЫМЫНЫҢ БЕЙРЕСМИ САММИТІН ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ҮЛЕС ҚОСҚАН МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ САЛАСЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ САРАЛАНДЫ

«AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» Жастар қанаты жыл сайын еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған белсенді жастарға арналған республикалық саяси лагерь ұйымдастырып келеді. Бұл еліміздің қоғамдық-саяси өмірінде өз орнын табуға ұмтылған жастар үшін үлкен мектеп, тәжірибе алаңы. Өткен жылы бұл ауқымды іс-шара Түркістан облысының таулы аймағындағы «Тау самалы» демалыс орнында сәтті өткен болатын.
Биылғы республикалық жастар саяси лагері Шығыс Қазақстан облысында өтеді. Оған еліміздің барлық өңірінен 300-ден астам жас делегат қатысады деп жоспарланған. Түркістан облысынан іріктелген ең үздік 14 белсенді жас өңір намысын қорғап, елдің саяси белсенді жастарының сапында білім мен білігін жетілдіретін болады.
Саяси лагерь – тек демалыс орны емес, жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастыратын, кәсіби және тұлғалық дамуын арттыратын ерекше орта. Мұнда жастар партиялық жобалар мен бастамаларды жүзеге асыру, заманауи дағдыларды меңгеру, көшбасшылық қасиеттерін дамыту, тұлғалық өсу, командалық жұмыс, интеллектуалды пікір алмасу бағытында көптеген шараларға қатысады. Сондай-ақ лагерь аясында түрлі тренингтер, семинарлар, тимбилдингтер, сондай-ақ еркін форматтағы диалог алаңында жастар арасында ашық пікір алмасуға, өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік беріледі.
Лагерьде интеллектуалдық және мәдени кештер, түрлі ойын-сауық бағдарламалары да қарастырылған. Әр өңірден келген делегаттар кешкілік уақытта өздерінің шығармашылық бағдарламаларын ұсынатын болады. Бұл – жастардың өзара достығын бекемдеп, рухани үндестігін арттыруға сеп болмақ.
Бүгін «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев лагерге жол тартатын жастармен арнайы кездесіп, оларды құттықтап, сәт-сапар тіледі. Кездесу барысында ол жастардың қоғамдағы рөлін, еліміздің болашағын қалыптастырудағы жауапкершілігін ерекше атап өтті.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жастардың даму жолына үнемі айрықша мән беріп келеді. Білімді, белсенді, елге жанашыр жас ұрпақ еліміздің болашағының кепілі. Бүгінгі жастар – ертеңгі көшбасшылар. Сіздер тек Жастар қанатының ғана емес, жалпы еліміздің әлеуметтік, экономикалық, мәдени даму бағыттарына қатысты тың идеялар мен бастамалар ұсынып, жаңа буынның көшін бастап келесіздер. Лагерь – сол жолдағы үлкен мүмкіндік. Сенім үдесінен шығатыныңызға кәміл сенеміз, – деді Алтынсары Дүйсенбекұлы.
Саяси лагерде Түркістандық делегаттар да өз идеяларымен, жобаларымен, ұсыныстарымен белсенділік танытып, өңір намысын абыроймен қорғайды деп күтілуде.
Айта кетейік, «Жастар рухының» басты мақсаттарының бірі қоғамдық-саяси өмірге жастардың араласуын арттыру, оларды мемлекетшілдікке, патриотизмге тәрбиелеу. Осы бағытта ұйымдастырылған лагерь – жастардың білімін, тәжірибесін жетілдіріп қана қоймай, елге қызмет етуге деген ынтасын арттыратын бірегей жоба.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

АДАЛДЫҚ – АТАДАН ҚАЛҒАН АСЫЛ МҰРА

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ВАНДАЛИЗММЕН КҮРЕС ПЕН ТАРИХИ МҰРАНЫ САҚТАУ ЖАЙЫ САРАЛАНДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ ҰЙЫМЫНЫҢ БЕЙРЕСМИ САММИТІН ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ҮЛЕС ҚОСҚАН МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ ҰЙЫМЫНЫҢ БЕЙРЕСМИ САММИТІН ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ҮЛЕС ҚОСҚАН МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

05.06.2026
3
ТҮРКІСТАНДА МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ САЛАСЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ САРАЛАНДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ САЛАСЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ САРАЛАНДЫ

05.06.2026
4
Жаңалықтар

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА ЖОБАЛАРДЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫ БАҚЫЛАУДА

05.06.2026
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 4 АЙДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЖАЛПЫ ӨНІМ КӨЛЕМІ 206 МЛРД ТЕҢГЕНІ ҚҰРАП, ӨСІМ 111,3 ПАЙЫЗҒА ЖЕТТІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 4 АЙДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЖАЛПЫ ӨНІМ КӨЛЕМІ 206 МЛРД ТЕҢГЕНІ ҚҰРАП, ӨСІМ 111,3 ПАЙЫЗҒА ЖЕТТІ

05.06.2026
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 794 ЕЛДІ МЕКЕН БАС ЖОСПАРМЕН ҚАМТЫЛҒАН
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 794 ЕЛДІ МЕКЕН БАС ЖОСПАРМЕН ҚАМТЫЛҒАН

04.06.2026
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 35 МЫҢНАН АСА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 35 МЫҢНАН АСА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ

03.06.2026
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
462

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
398
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
332
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
292
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
218

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.