Кәсібін кеңейткен кәсіпкер — Төрттаған
Среда, 2 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Кәсібін кеңейткен кәсіпкер

28.04.2023
Жаңалықтар
0
Кәсібін кеңейткен кәсіпкер

READ ALSO

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Мемлекет басшысы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында – келер жылы 100 мың жасты жұмысқа орналастыру. Қазіргі жұмыссыз жүрген жастарды кәсіппен баулып, жұмыспен қамту – ұлттың болашағына жасалып жатқан үлкен қадам. Сондай-ақ, Жолдауда Мемлекет басшысы қарапайым еңбек адамдарына құрмет көрсету туралы айтты.
Осы орайда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік бағдарламаларды ұлттық жобаларға трансформациялау жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында түрлі бағытта жобалар кешені әзірленген болатын. Соның бірі — Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы. Аталған жоба кәсіпкерлік белсенділікті арттыруға, кәсіпкерлердің өсуін жеделдетуге, халықтың табысын арттыру, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау мақсатында, сонымен қоса бәсекелестікті дамытуға бағытталған.
Жиһаз жасау кәсібін бір жолға қойып, бүгінде үлкен кәсіпкерге айналған жандардың бірі — Шаян ауылының тұрғыны Ермек Пердебек деген азамат.
Жиһаз кеңсеге келбет, үйге сән береді. Үйді де, кеңсені де онсыз көзалдыңа елестету мүмкін емес. Әрбір үйден табылатын жиһаздың сан түрі жинақылық үшін таптырмас дүние екені белгілі.
Аталмыш кәсіпті игерген ағамызбен танысу үшін арнайы жұмыс орнына іздеп бардым. Ә, дегеннен ағамның еңбекқорлығын көріп, өз ризашылығымды жеткіздім. — Бір қараған адамға ағаш кәдімгі тақтай боп көрінеді, ал оның қиюын келістірсе, әдемі дүние пайда болады, — дейді осы жиһаз шебері Ермек Пердебек.
— Бұл кәсіпке қалай келдіңіз?
— 1996 жылы мектеп бітіріп, Алматы қаласына арман қуып бардым. Саудамен айналыстым. 2001 жылға дейін сауда саласында біраз тәжірибе жинадым. Ия, тағдыр сен ойлағандай оңай емес екен. Қайда апаратынын сенімен ақылдаспайтынын түсіндім. 2001 жылы ата-анам екеуі бірдей жол апатынан қайтыс болып, мен амалсыз ауылға қайттым. Артымда қалған інілерімнің тағдыры мені қатты алаңдатты. Осылайша күн көріс үшін бір кәсіптің керектігін ойлана жүріп, әкемнің кезінде үйреткен «ағаш ұсталығын» қолға алдым. Ұсталық — әкемнен қалған мұра, десем де қателеспеймін.
Әкем Шәйірбек кезінде аудандық жолушылар тасымалдау мекемесі мен механикаландырылған жылжымалы құрылыс колоннасында «ағаш ұстасы» болған. 1987 жылдан өмірінің соңына дейін, қазіргі Шаян лицей жалпы орта мектебінде «еңбек пәнінің мұғалімі» қызметін атқарған.
Бүгінгі таңда мектеп ішіндегі музейде әкемнің жасаған бұйымдары, қол өнері орын алған. Ол мен үшін мақтаныш. Менде 2001 жылы әкем істеген мектепте еңбек пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналастым. Осында 1 жылдан аса уақыт мұғалім болып істеп, одан әрі күнкөріс үшін жеке кәсіпті бастауыма тура келді. Үш інімді қасыма алып бұзылған, қараусыз қалған дуалдардың кесектерін тасып, кіші цех құрылысын бастадым. Осылайша алғашқы цехтың жұмысын іске қостық.
Бүгінгі күні сол кәсібіміз өрге домалап, үш ініме бас-көз болып, аяқтандырдым десем де болады. Үшеуі үш үйдің отағасы, бала-шағалы «Аллаға шүкір» деймін. Содан кейін, Тәуелсіздік көшесі бойынан үлкен — заманауи цех аштым. Цех құрылысын 2007 жылы бастап, 2022 жылы толықтай іске қостым.
Қазіргі таңда мұнда:
— Ағаш өңдеу;
— Жиһаз жасау (барлық түрлерін);
— Пластик түрлері (есік,терезе);
— Дәнекерлеу (арка, вората,) сынды қызметтерді атқарамыз.
Мен жалпы бір кәсіппен тоқталып қалған жан емеспін. Рысқұлов көшесінің бойындағы №3 ғимаратта дүкендерім бар. Бұл дүкенді әкемнің атымен «Шайырбек ата» деп қойдым. Дүкенде тұрмыстық техникалар мен жиһаздардың барлық түрлері бар.
Аталарымыз; «Жігітке — жеті өнер де аз» деген емес пе, Түркістан қаласына арнайы барып «кәуәп» дайындауды үйрендім. «Күлән апа» деп, анамның атынан «кәуәп» орталығын аштым. Барлық «кәуәп» түрлерін өзім дайындап, өзім пісіремін.
— Алға қойған мақсатыңыз?
— Негізгі мақсатымның бірі шәкірт тәрбиелеу. Бүгінде осы кәсіпті игерген Ақылбек пен Әділхан деген азаматтар Шымкент қаласында өз алдарына цехтарын ашып, кәсіптерін дөңгелетіп отыр. Ал, Ерқуат Астана қаласында цех ашып, ол да кәсібін кеңейтіп жатыр. Осындағы жиһаз цехын басқарып отырған Нүртілек те менің шәкіртім. Бұлар осы саланы толықтай меңгеріп алды, әрі осы кәсіптің пайдасын көріп отырғандар десем артық айтпаған болар едім.
— Алдағы жоспарыңызбен бөліссеңіз.
— Жоспар көп, әрине. Соның ішінде ең өзектісі алдағы кезде ағаштан жасалған бұйымдар цехын ашсам деген ойым бар. Яғни, ағаш бұйымдарының қазіргі таңда қайта қолданысқа еніп жатқаны белгілі, осы тұста ағаш астаулар мен ат әбзелдерін қоса жасауды жоспарлап жүрмін.
Ерғали МЕҢЛІБАЕВ.
Шаян ауылы.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАСЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «БИЗНЕСКЕ ЖОЛ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1060 КӘСІПКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Сергектігі – спорттан, шеберлігі – бейнеттен

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
3
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

26.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

24.06.2025
3
ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ
Жаңалықтар

ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ

23.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

23.06.2025
3

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.