БАСТЫ МАҚСАТ — ТҮРКІСТАНДА ЖАЙЛЫ КЛИМАТ ҚАЛЫПТАСТЫРУ — Төрттаған
Суббота, 14 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

БАСТЫ МАҚСАТ — ТҮРКІСТАНДА ЖАЙЛЫ КЛИМАТ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

10.12.2022
Жаңалықтар
0

Өткен жылы облыс әкімдігі тарапынан Түркістан қаласын газдандыру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берген болатын. Соның ішінде табиғи отын тарату мақсатындағы құрылыс жұмыстарын толық аяқтауды міндеттеген. Мұндай айта кетерлігі тұрғындарға қолайлы жағдай жасау және Түркістан қаласының экологиялық ахуалын қалыпқа келтіру.

Бұл жерде оқырманға түсінікті болуы үшін мәселеге нақты түсінік бере кету қажет. Әлгі газбен қамтуды толық аяқтау ісі тұрғындардың барлығының үйіне газ кіргізіп беру деген сөз емес. Мұнда газ құбырын әрбір үйдің алдына жеткізу міндеттелген. Қала әкімдігі облыс басшылығының тапсырмасын өз межесінде орындауды көздеп отыр. Оған толықтай негіз бар. Сонымен бірге, үйлердің де газ тұтынуы үшін насихат жұмыстары жүргізіліп, тұрғындардың өтініштері қабылдануда. Енді табиғи отынның рахатын көремін деушілер үйіне газ кіргізуге тыңғылықты әрекет етулері керек.

READ ALSO

МАҚТА МУЗЕЙІНДЕ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҒЫ ЖЫЛЫНА ОРАЙ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

КЕЛЕС АУДАНЫН КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШІ 71 ПАЙЫЗДАН АСТЫ

Түркістан қаласының қысы жайлы болғанымен жаздың күні ми қайнатар аптап ыстығы қасиетті мекенге келген жандар үшін ең өзекті мәселенің бірі. Иә, бұл түйіткілдің де шешімі бар. Облыс әкімдігі бастап, қала әкімдігі қостап Түркістанды жасыл қалаға айналдыру ісін жүйелі түрде жүргізуде. Сол мақсатта, бүгінгі таңда қала аумағында 97,9 гектар аумаққа «жасыл белдеу» қалыптасып, 3 миллонға жуық ағаш көшеттері отырғызылды. Оған қоса, бұрынғы ұңғыма және ирригациялық канал көздері қайта қалпына келтіріліп, кейбірі жаңадан салынуда. Нәтижесінде қазір Түркістан қаласының орталығынынан 4 канал салынды. Осы уақытта аталған каналдарға секундына 100 литр ағын су жіберілуде. Оның ішінде жасанды көлдердің де бар екенін айта кету қажет. Алдағы уақытта егілген ағаштар бой көтеріп, су көздері толықтай іске қосылғанда Түркістан қаласы жанға сая іздеген адамдардың таптырмас саялы мекеніне айналмақ.

Әрбір өркениетті қаланың басты ерекшелігі оның инфрақұрылымында. Осы ретте көне шаһарды гүлдендірмес бұрын әуелі инфрақұрылымды қалыптастыру ісі ең басты заңдылық. Біздің жоғарыда атап өткен құрылыс саласы, табиғи газ мәселесі де осы істің бір тармағы. Бірақ, өңірдегі өзекті мәселе болған соң арнайы тоқталдық. Қазіргі күні қалада 106,3 шақырымды құрайтын жалпы саны 81 көше күрделі, орта және ағымдағы жөндеуден өтуде. Сондай-ақ, қала аялдамалары да жаңа жобамен жасала бастады. Бұл жұмыста шаһар басшысы жазда ыстықтан, қыста суықтан қорған болуы үшін аялдамалардың жабық, ішінде теледидар, wifi болуын жүктеді. Нәтижесінде осы талаптар аясында алғаш «Әмір Темір» аялдамасы ел игілігіне берілді.

Жарықтандыру ісінде бұған дейін қала көшелерінің 18 пайызы ғана жарықтандырылған болса, бұл көрсеткіш бүгінгі күні 30 пайызға жетіп отыр. Сонымен бірге сарқынды су жүйелерімен қамтамасыз ету мақсатындағы жұмыстардың нәтижесінде жыл соңына дейін тұрғындардың 11,9 пайызы аталмыш жүйемен қамтылатын болады. Ауыз су мәселесінде де жоспарланған межеге қол жеткізілуде. Бұған қоса, І және ІІ мөлтек аудандардағы көпқабатты үйлерді жылумен қамтитын орталық жылу қазандығын көмірден көгілдір отынға ауыстыру туралы шешім қабылданып, алдағы жылу маусымында тұрғындар табиғи газ жүйесі арқылы жылу алатын болады.

Қала халқына жайлы әрі қолайлы жағдай жасау мақсатында демалыс орындарының жөні бөлек. Қазір тұрғындар үшін ыңғайлы жерлерге демалыс орындарының көптеп салынып жатқанын аңғару қиын емес. Бүгінде «Жеңіс» саябағы, Теміржол вокзалы, «Гүлдер» саябағы сынды бірнеше демалыс орны қайта жаңғыртылса, жаңадан 10-нан астам саябақ, аллея мен скверлер салынды. Онда ерекше үлгідегі, суды бу түрінде шашатын субұрқақтар орнатылды. Бұл жұмыстар біз атаған сандармен шектелмейді. Алдағы уақытта көрікті орындар мен саялы жайлар саны арта бермек. Айта кетерлігі, жайлы орынның жағдайына да баса мән беру қажет. Ел игілігі үшін жасалған дүниеге әрбір азамат жауапты. Сондықтан қаладағы жаңа нысандарға ұқыптылықпен қарап, жауапкершілікті терең сезінген абзал. Біздің ұқыптылығымыз қала көркіне қосқан мол үлесіміз болып табылмақ.

Түркістанды таза қалаға айналдыру бастамасы бір сәтке де назардан тыс қалған емес. Бұл бастамаға қала ақсақалдарынан бастап, жастарға дейін шама-шарқынша үлес қосуда. Осындай көптің ісін әкімдік тарапынан одан әрі жетілдіру мақсатында да елеулі жұмыстар атқарылды. Атап айтсақ, өткен жылдың қыркүйек айында италияндық тазалау техникалары алынып, аяқжол және веложол тазалығын қамтамасыз етуде. Ол шаңнан, қоқыстан тазалап, жуады. Одан бөлек, өткен жылы облыс орталығы жаңа техникалармен толықты. Қала тазалығы мен жол жөндеу жұмыстарына арналған заман талабына сай 34 арнайы көлік берілді. Бірнеше қоқысты сұрыптап салатын қоқыс жәшіктері қойылып, креативті үйлестіру үшін жоғары бөлігіне гүлдер қойылды. Бұған қоса, қаланы көріктендіру барысында орталық көшелер бойындағы үйлердің сырт келбетіне түйелер керуені бейнеленді.

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ӨҢІРДЕ ҚОҢЫРЖАЙ АУА РАЙЫ ОРНЫҒАДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«ТАЗА ТАБИҒАТ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БАСТАЛДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

МАҚТА МУЗЕЙІНДЕ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҒЫ ЖЫЛЫНА ОРАЙ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Жаңалықтар

МАҚТА МУЗЕЙІНДЕ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҒЫ ЖЫЛЫНА ОРАЙ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

13.06.2025
2
КЕЛЕС АУДАНЫН КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШІ 71 ПАЙЫЗДАН АСТЫ
Жаңалықтар

КЕЛЕС АУДАНЫН КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШІ 71 ПАЙЫЗДАН АСТЫ

12.06.2025
3
ҚЫТАЙ САПАРЫ АЯСЫНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА САРЫМСАҚТЫ ТЕРЕҢ ӨҢДЕУ ІСІН БАСТАУ БОЙЫНША КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗІЛДІ
Жаңалықтар

ҚЫТАЙ САПАРЫ АЯСЫНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА САРЫМСАҚТЫ ТЕРЕҢ ӨҢДЕУ ІСІН БАСТАУ БОЙЫНША КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗІЛДІ

12.06.2025
3
ТҮРКІСТАН: МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ БАНАН БАҒЫН АРАЛАП, ЕРЕКШЕ ОРЫНДАРҒА САЯХАТ ЖАСАУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ БАНАН БАҒЫН АРАЛАП, ЕРЕКШЕ ОРЫНДАРҒА САЯХАТ ЖАСАУДА

12.06.2025
3
СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ
Жаңалықтар

СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

12.06.2025
3
67 ЖАСТАҒЫ МАРОККОЛЫҚ САЯХАТШЫ МОТОЦИКЛМЕН БІРНЕШЕ ЕЛДІ АРАЛАП, ТҮРКІСТАНҒА ЖЕТТІ
Жаңалықтар

67 ЖАСТАҒЫ МАРОККОЛЫҚ САЯХАТШЫ МОТОЦИКЛМЕН БІРНЕШЕ ЕЛДІ АРАЛАП, ТҮРКІСТАНҒА ЖЕТТІ

12.06.2025
8

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
355
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
215
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
165
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
157

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.