«ТАЗА ТАБИҒАТ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БАСТАЛДЫ — Төрттаған
Четверг, 2 июля, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«ТАЗА ТАБИҒАТ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БАСТАЛДЫ

11.12.2022
Жаңалықтар
0

Өткен жылы тақырыбымызға сай «Таза табиғат» экологиялық жобасы басталғаны белгілі. Осы жоба биыл да өз жалғасын тауып кешенді шаралар қолға алынып келеді. Республика аумағында іске асырылып жатқан «Таза табиғат» экологиялық жобасы Түркістан қаласының аумағында өз жалғасын тапты және бұл шара жүйелі бақылауға алынған. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі және облыстық әкімдіктердің бірлескен шарасына экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі өкілдері мен жергілікті билік азаматтары арнайы қатысты. Жиын барысында бірнеше аймақта ағаш отырғызу, айналаны қоқыстан тазарту, су көздерін ашу акциялары өтті.
Қазіргі таңда Түркістан облысы бойынша 3 млн 131 мың га орман қоры жерлері бар, оның ішінде орманмен көмкерілген алқабы 1 млн 630 мың гектар. Айта кетерлігі, облыс аумағымен қатар Түркістан қаласының жағымды табиғатын қалыптастыру шарасы күн тәртібінен түспейді. Осыған байланысты Түркістан облысы әкімдігі мен министрлік бірлесе қабылдаған кешенді жоспарға сәйкес, 2025 жылға дейін өңір аумағында және соның ішінде басымдық берілген Түркістан қаласында жалпы аумағы 110210 гектарға 170 миллион түп көшет егілмек.
Шара жаңа әуежай жолындағы «DALA FRUIT» ЖШС-ның жеміс бауының жұмыстарымен танысып, отырғызылған өрік ағашының өнімділігін бақылаумен басталды. Бұған дейін алма ағашының бірнеше түрі егілген бауға биыл қара өріктің 10 түрінен 276 657 көшет отырғызу жоспарлануда. Сонымен қатар, дәл осы бауда қауын- қарбыз өсіріліп, сатылымға шығатын болады. Жиын Қожа Ахмет Ясауи кесенесі маңындағы Ботаникалық бақта жалғасын тапты. Оған Әзірбайжан, Башқұртстан, Қырғызстан, Мажарстан, Өзбекстан, Саха, Тәжікстан, Түркия елдерінен келген түрлі баспа және электронды БАҚ өкілдері қатысып, ағаштар отырғызды. Саябақтар, аллеялар абаттандырылып, сенбілік ұйымдастырылды.

«Түркі әлемінің бесігі болған киелі мекеннің гүлденуі ел абыройын арттырады. Көркейіп жатқан қалаға келген қонақтардың көзі алдымен айналаның тазалығы мен жасыл желекке түседі. Біз айналаны көгалдандыру мен тазартудан бастауды дәстүрге айналдыруымыз керек. Мұндай акциялар халықтың экологиялық мәдениетін, табиғатқа жанашырлықты арттырады. Қазақстанда экология проблемаларына бейжай қарамайтын, осындай шараларға белсенді қатысатын азаматтар санының көбеюі бәрімізді қуантады», – деді министр.
Түркістанды көгалдандыру үшін жергілікті климатқа жарайтын ең әдемі, ең шырайлы жыл он екі ай бойы гүлдеп тұратын талдар арнайы әкелінген. Түркістан облысы әкімінің бақылауымен шаһар басшылығының іске асырып жатқан Түркістан қаласын көгалдандыру үшін жасалынып жатқан жобалар өз нәтижесін береді деп сенеміз.

READ ALSO

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 8 ЖЫЛДА 200-ГЕ ЖУЫҚ БІЛІМ БЕРУ НЫСАНЫ ПАЙДАЛУҒА БЕРІЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ «ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН 6500-ГЕ ЖУЫҚ ЖАС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА ЖОЛДАНАДЫ

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

БАСТЫ МАҚСАТ — ТҮРКІСТАНДА ЖАЙЛЫ КЛИМАТ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАНДЫ КӨГАЛДАНДЫРУДА МАМАНДАР НЕ ДЕЙДІ?

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 8 ЖЫЛДА 200-ГЕ ЖУЫҚ БІЛІМ БЕРУ НЫСАНЫ ПАЙДАЛУҒА БЕРІЛДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 8 ЖЫЛДА 200-ГЕ ЖУЫҚ БІЛІМ БЕРУ НЫСАНЫ ПАЙДАЛУҒА БЕРІЛДІ

19.06.2026
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ «ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН 6500-ГЕ ЖУЫҚ ЖАС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА ЖОЛДАНАДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ «ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН 6500-ГЕ ЖУЫҚ ЖАС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА ЖОЛДАНАДЫ

18.06.2026
3
ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА 4 МЕКТЕПКЕ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА 4 МЕКТЕПКЕ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

18.06.2026
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӘЙЕЛДЕР АРАСЫНДА ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫ АЗАЙТУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӘЙЕЛДЕР АРАСЫНДА ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫ АЗАЙТУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

18.06.2026
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА 8 ЖЫЛДА 7,5 ТРЛН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА 8 ЖЫЛДА 7,5 ТРЛН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ

18.06.2026
4
ТҮРКІСТАНДА «АРМАНДАР ОРЫНДАЛАДЫ» ЖОБАСЫНЫҢ 4 ЖЫЛДЫҒЫ АТАЛЫП ӨТТІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «АРМАНДАР ОРЫНДАЛАДЫ» ЖОБАСЫНЫҢ 4 ЖЫЛДЫҒЫ АТАЛЫП ӨТТІ

18.06.2026
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
464

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
400
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
333
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
293
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
219

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.