АЛТЫ МЫҢ ТҮП АҒАШ ОТЫРҒЫЗДЫ — Төрттаған
Четверг, 19 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

АЛТЫ МЫҢ ТҮП АҒАШ ОТЫРҒЫЗДЫ

11.12.2022
Жаңалықтар
0

Тұтас әлем елдері індетпен күресіп, алдыңғы қатарда біздің елімізде аты жаман дертті ауыздықтауға барын салғаны белгілі. Осындай қиын сәттерде барша ел азаматтары бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып індеттің бетін қайтаруды күйттеп әр азамат жауапкершілікті терең сезінді десек жалған айтпаған болар едік.

Біздің кейіпкеріміз ел тағдыры таласқа түскен дауылды кезде де еліме не істеп берсем екен, туған өлкемнің өркендеуіне бір кісілік үлесімді қалай қоссам екен дейтін үлкен жүректі азамат. Түркістан жұртына етене таныс халықтың қалаулысы – «Жолаушы» ЖШС мекемесінің құрылтайшысы Рахым Тәңірбергенов. Жұмысын тоқтатып қойған жоқ. Төтенше жағдай талаптарын орындай отырып, игілікті жұмыстар атқарды.

READ ALSO

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАН: ҚУАҢШЫЛЫҚТАН ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Туған халқына дем берген «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» мақаласында кәсіпкерлерге де үндеу тастаған. Мол дәулет табуына себепкер болған халқы мен тәуелсіздік үшін қызмет ететін күн туды деген болатын. Бір жағынан аталған үндеуге тура келіп, енді бір қырынан Түркістанның ертеңі үшін көп жылдар бойы тер төгіп келе жатқан асыл азаматтың қолға алған бастамасы ағаш егу болып отыр.

Атап айтар болсақ, қаланың шыға беріс бөлігіндегі 9 гектар аумаққа 6000 түп ағаш отырғызған. Енді сол ағаштардың өніп-өсіп мәуелі бәйтерекке айналуы үшін суару мәселесі жан-жақты қарастырылған. Арнайы қазылған құдық суы жеткізіліп, күтіп-баптауды қамтамасыз ететін мамандар да жұмыс істеп жатыр. Күні ертең осы бір аумақ орманды алқапқа айналарына күмән жоқ.

Табиғат дүниесіне керемет көрік беріп тұрған ағаш атаулының адам денсаулығына пайдасы мол екендігін айта келіп, жайқалған жапырағымен, саялы көлеңкесімен шаһардың ауасына да әсері ерекше екенін тілге тиек етті. «Ағаш – баламыздың бесігі, үйіміздің есігі, ас табағың, қасығың» деген халық даналығы тұрғысынан және қасиетті хадистерде айтылуынша да ағаш отырғызудың адамзат баласы үшін маңызы зор, сауабы мол екендігі белгілі деген ойын ортаға салды. Сөз соңында қаламыздағы әр кәсіпкер болмаса жағдайы келетін әр азамат ағаш егуді қолға алса, қалада «Жасыл белдеу» қалыптастыру үшін тамаша көмек болар еді дейтін ұсынысын да жеткізді Рахым Көлбайұлы.

Өңір басшылығы Түркістанды дамыту бағытындағы көздеген басым бағыттарының бірі – «Жасыл белдеу» қалыптастыру болатын. Бұл шілденің күніндегі аптап ыстықты табиғи жолмен тежеу үшін ағаштар отырғызып, орманды алқап санын арттыру арқылы микроклимат қалыптастыру мақсатындағы қадам. Осы ретте облыс әкімінің бастамасымен қалыптасып жатқан «Жасыл белдеу» аймағына ат салысу деуге де болатын бұл бастама, туған өлке үшін бүгін не істеп бере алдым дейтін сұрақтың жауабы десек те болғандай.

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТАБИҒАТ САҚШЫЛАРЫНЫҢ ТИЯНАҚТЫ ІСТЕРІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

СӘУЛЕТІ КЕЛІСКЕН САЯБАҚТАРДЫҢ ҚАЛА ТАБИҒАТЫНА БЕРЕРІ КӨП

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

14.06.2025
5
ТҮРКІСТАН:  ҚУАҢШЫЛЫҚТАН ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ҚУАҢШЫЛЫҚТАН ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

14.06.2025
6
ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ, ҚАЗЫҒҰРТ, ТӨЛЕБИ АУДАНДАРЫНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ, ҚАЗЫҒҰРТ, ТӨЛЕБИ АУДАНДАРЫНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ

14.06.2025
6
Қытай тарапынан Түркістан облысына деген қызығушылық жоғары
Жаңалықтар

Қытай тарапынан Түркістан облысына деген қызығушылық жоғары

14.06.2025
4
ТҮРКІСТАН-ЦИНДАО БАҒЫТЫ: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР МЕН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СЕРПІН
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН-ЦИНДАО БАҒЫТЫ: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР МЕН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СЕРПІН

14.06.2025
6
МАҚТА МУЗЕЙІНДЕ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҒЫ ЖЫЛЫНА ОРАЙ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Жаңалықтар

МАҚТА МУЗЕЙІНДЕ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҒЫ ЖЫЛЫНА ОРАЙ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

13.06.2025
6

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
165
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
158

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.