СӘУЛЕТІ КЕЛІСКЕН САЯБАҚТАРДЫҢ ҚАЛА ТАБИҒАТЫНА БЕРЕРІ КӨП — Төрттаған
Суббота, 14 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

СӘУЛЕТІ КЕЛІСКЕН САЯБАҚТАРДЫҢ ҚАЛА ТАБИҒАТЫНА БЕРЕРІ КӨП

12.12.2022
Жаңалықтар
0

Түркістан қаласын дамыту барысында соңғы жылдары өте ауыр жұмыстар жүргізілді деуге толықтай негіз бар. Әсіресе әлеум халқын бір қауызға сыйдырған пандемияның тұсында Түркістан түрленіп керкеюін тоқтатқан жоқ. Әр нысанның алдында межелі уақытта біту дейтін үлкен жауапкершілік пен нақты жоспар тұрды.

Әсіресе шаһардың климаттық жағдайын қалпына келтіру барысында қарқынды жұмыстар жүргізілді және ол шаралар әлі де жалғасын тауып келеді. Соның ішінде қаланың жасыл желегін ұлғайтуға осы күні ерекше үлес қосып отырған атаулы құрылыстардың бірегейі саналатын «JIBEK JOLY» саябағы.

READ ALSO

КЕЛЕС АУДАНЫН КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШІ 71 ПАЙЫЗДАН АСТЫ

ҚЫТАЙ САПАРЫ АЯСЫНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА САРЫМСАҚТЫ ТЕРЕҢ ӨҢДЕУ ІСІН БАСТАУ БОЙЫНША КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗІЛДІ

Саябақ Шымкент қаласы бағытынан кіреберіс сол қанатта, нақтылап айтар болсақ, Бекзат Саттарханов даңғылының оң қанатына орын тепкен. Құрылыс жұмыстары бітуге аз қалған, ауқымды жоба 30 гектар аумақты алып жатыр. Оның ішінде 12.5 гектары аттракциондар саябағы ретінде жобаланған. 5 гектары аллея жұмысы болып табылса, қалған 12.5 гектары ландшафты серуендеу аймағы болып саналады.

Әлемдік тәжірибелерді көзде ұстай отырып шаңырақ көтеріп жатыр деуге болады. Көршілес Ресейдің Краснодар қаласында салынған «Краснодар» саябағы осының баламасы. Жер көлемі жағынан 22.7 гектар аумақты алып, толып жатқан ерекшеліктерімен әлем назарын аударыпты. Ал киелі қаладағы саябақта өзіндік өзгешелігімен, жаңашылдығымен тұрғындар көңілінен шығады деген сенімдеміз.

Тамаша демалыс орындардың біріне айналатын жобаның орналасу аумағын пайыздық көрсеткіш бойынша пайымдай кетейік. Бұл жерде 70%- ды құрайтын еркін серуендеу аймағы келушілерді бірден өзіне тартады. Барлық жағдай жіті қарастырылған. Көркі көз тартатын тамаша көріністер, отырып демалатын орындықтар, аркалар, алуан түс шығарып аспанға атылып тұратын субұрқақтар, ескі заманды есіңе түсіретін түйелі керуендер мүсіні секілді бар кереметтер орналасқан. Жарық бағаналары да ерекше түс алған. 25%-ын алып жатқан демалыс орнын да жаяу жүргіншілер жолы, теннис үстелі, футбол, баскетбол алаңдары, веложолдар салынған. Балалардың емін-еркін ойнап, сейілдеуін қамтамасыз ету бағытында түрлі-түсті ойын алаңшалары да бар. «Ертегілер әлемінде» деп аталатын арнаулы орын ойластырылған. Енді қалған 5% келушілер үшін автотұрақ қызметін атқарады. Сонымен бірге сусын, шай, кофе секілді ішіп-жем сатылатын кіші бутиктер жұмыс жүргізетін болады.

Саябаққа барушыларды бірден таңғалдыратыны аспанмен таласып тұрған еңселі есік болатыны күмəнсіз. Таңғала және қызыға аяқ басқандарды өзіне жетелейтін тағы бір орын орталық алаңдағы «Әлем шатыры» мұнарасы. Айналмалы тас жол арқылы төбесіне шыға қалсаңыз төңіректің төрт бұрышына көзіңіз жетеді. Ол бейне бақтың дүрбісі секілді. Қай жерге қандай нысандар орналасқан, қай төңіректен бастап қыдыруға болады деген сұрақтың бәріне жауап табылады.

Енді бір айта кететіні сумен қамтамасыз ету жүйесі толығымен автоматтандырылып, көгалдандыру жұмыстары да тыңғылықты орындалған. Әлемдік экологияда сирек кездесетін ағаштар, гүлдер, шыршалар егілген. Құмарыңнан қанғанша ойнауға болатын ойын алаңшалары, тамашалайтын нысандар жүйелі бой көтерген.

«Жібек жолы» саябағының ашылу рәсімі болып өтті. Шараға қала әкімі Н.Тұрашбеков, мәслихат хатшысы М.Таңғатаров, қаланың зиялы қауым өкілдері, ардагерлер қатысып, саябақты аралады. Саябақтың ашылу рәсімінде қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Құлбайымбетов жиынға қатысқан барша түркістандықтар мен қонақтарды жаңа саябақтың ашылуымен құттықтады.
«Жібек жолы» саябағы өткен жылы қолданысқа беру жоспарланған. Алайда, пандемиялық ахуалдан қолданысқа беру кейінге шегерілген болатын. 30 гектар аумақты алып жатқан саябақта аттракциондар, жасанды көлдері мен жанға жайлы көрікті орындармен жабдықталған. «Әлем шатыры» деп аталатын биіктен саябақты тамашалап, төңіректің төрт бұрышынан көз жеткізуге болады. Жалпы аумағы 30 гектарды құрайды. 12,5 гектары балаларға арналған түрлі ойын аттракциондары, 5 гектары аллеяға бөлінсе, қалған 12,5 гектары серуендеу аймағы болып табылады.
Саябақта жердің 25 пайызы жаяу жүргіншілер жолына арналған. Сонымен қатар, дене шынықтыру үшін теннис үстелі, футбол, баскетбол алаңдары, веложолдар салынған. «Ертегілер әлемінде» деп аталатын арнаулы орын бар. Мұндағы негізгі ерекшеліктің тағы бірі Түркістан табиғатында сирек кездесетін түрлі ағаштар отырғызылып, гүлдермен көмкерілген.
Бұдан басқа Түркістан қаласында Президент саябағы ашылды. Шаһардың ауа райын жақсартып, көгалдандыруға оң серпін беретін саябақтың ашылу салтанатына ел ағалары, ақсақалдар, әкімдік өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Жалпы, аумағы 40 гектарға жуық жерде орналасқан Президент саябағында тұрғындар мен қала қонақтарының тынығуына қолайлы жағдай жасалған. Бұрын бұл жер бос алқап болатын. Мұндағы жасанды көлдің сыйымдылығы 100 мың текше метрге жуық. Тереңдігі – 4 метр. Мұнда қайықпен серуендеуге, су спортымен шұғылдануға мүмкіндік бар. Биыл көктемде осы су айдынында триатлоннан Қазақстан кубогы жолындағы жарыс өткізілді. Мамандар мен спортшылар Түркістандағы жасанды көлге оң пікірлерін білдірген болатын.

Аталмыш саябақтың көгалдандырылған аумағының көлемі – 25 гектарға жуық, 3500 шаршы метрі гүлмен көмкерілген екен. Аллея, субұрқақтары мен балалар ойын алаңшалары, орындықтары мен жүгіру және веложолы бар. Сонымен бірге, жаңа саябақта 7 мыңнан астам ағаш, 43 мың түптен астам гүл егілген. Әлемнің бірнеше мемлекетінен елімізде сирек кездесетін ағаш түрлері отырғызылып, жарықшамдар орнатылған. Әсем әрі көрікті саябаққа көпшілік қауым ыстық ықыластарын білдіріп, кереметтілігіне тәнті қалуда.

Осындай саябақтармен жасыл желекке оранған желілік саябақтар саны да артып келеді Түркістан қаласында. Оның барлығы бірінші кезекте қаланың экологиялық жағдайын қалыпқа келтіруге бағытталғанын айта кеткеніміз жөн.

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

АЛТЫ МЫҢ ТҮП АҒАШ ОТЫРҒЫЗДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАНДЫҚТАР БОКСТАН КОМАНДАЛЫҚ ЕСЕПТЕ ҮШІНШІ ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ

Оқи отырыңызМақалалар

КЕЛЕС АУДАНЫН КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШІ 71 ПАЙЫЗДАН АСТЫ
Жаңалықтар

КЕЛЕС АУДАНЫН КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШІ 71 ПАЙЫЗДАН АСТЫ

12.06.2025
3
ҚЫТАЙ САПАРЫ АЯСЫНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА САРЫМСАҚТЫ ТЕРЕҢ ӨҢДЕУ ІСІН БАСТАУ БОЙЫНША КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗІЛДІ
Жаңалықтар

ҚЫТАЙ САПАРЫ АЯСЫНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА САРЫМСАҚТЫ ТЕРЕҢ ӨҢДЕУ ІСІН БАСТАУ БОЙЫНША КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗІЛДІ

12.06.2025
3
ТҮРКІСТАН: МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ БАНАН БАҒЫН АРАЛАП, ЕРЕКШЕ ОРЫНДАРҒА САЯХАТ ЖАСАУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ БАНАН БАҒЫН АРАЛАП, ЕРЕКШЕ ОРЫНДАРҒА САЯХАТ ЖАСАУДА

12.06.2025
3
СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ
Жаңалықтар

СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

12.06.2025
3
67 ЖАСТАҒЫ МАРОККОЛЫҚ САЯХАТШЫ МОТОЦИКЛМЕН БІРНЕШЕ ЕЛДІ АРАЛАП, ТҮРКІСТАНҒА ЖЕТТІ
Жаңалықтар

67 ЖАСТАҒЫ МАРОККОЛЫҚ САЯХАТШЫ МОТОЦИКЛМЕН БІРНЕШЕ ЕЛДІ АРАЛАП, ТҮРКІСТАНҒА ЖЕТТІ

12.06.2025
8
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС  КҮШЕЙДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙДІ

12.06.2025
3

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
355
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
215
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
165
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
157

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.