ТАБИҒАТ САҚШЫЛАРЫНЫҢ ТИЯНАҚТЫ ІСТЕРІ — Төрттаған
Вторник, 1 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТАБИҒАТ САҚШЫЛАРЫНЫҢ ТИЯНАҚТЫ ІСТЕРІ

11.12.2022
Жаңалықтар
0

Кәсіпкерліктің заңды мүдделерін қорғау, оның ішінде олардың жұмысына заңсыз кедергілерді жою прокуратура органдарының міндеті болып табылады. Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасымен  аталған бағытта бірқатар жұмыстар атқарылды. Осы ретте біз облыстық Мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры Мықтыбек Талғатпен сұхбаттасқан едік.

Талғат мырза, өзіңіз басқарып отырған орган  табиғат қорғау  саласындағы заңсыздықтарды  анықтауда  қандай жұмыстар атқарып жатыр?

READ ALSO

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

– Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігінің өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғау туралы Заңына енгізілген өзгерістерді басшылыққа алып, кәсіпкерлік субъектілеріне тау-кен жұмыстарының жоспарына келісім беруден бас тартқан. Тиісінше облыстық Инвестиция және экспорт басқармасы тау-кен жұмыстарының жоспары уәкілетті органмен келісілмегендіктен, осы кәсіпкерлік субъектілеріне жер қойнауын өндіруге лицензия беру туралы өтініштерін қанағаттандырусыз қалдырған. Нәтижесінде прокуратурамен заң бұзушылықты жою туралы ұсынуы негізінде 50 кәсіпкерлік субьектілерінің құқықтарын қалпына келтірді. Мағыналас, Отырар орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі орман қоры жерлерін жалға алып, мал шаруашылығымен айналысып жатқан 22 кәсіпкерге жаңа орман орналастыру жобасы бойынша жерлері қорық аймағының шекарасы болып айқындалуына байланысты мал жаюға тыйым салған.

Прокуратурамен жүргізілген талдау нәтижесі бойынша кәсіпкерлерге негізсіз берілген мал жаюға тыйым салу туралы хабарламалардың күші жойылып, кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды. Прокурорлық қадағалау актілерін қарау нәтижесінде 109,6 млн теңге мемлекет пайдасына өндірілді. Облыс прокуратурасымен бекітілген 3-4 тоқсандарға арналған жоспарға сәйкес заңсыз жер қойнауын пайдалану және мемлекеттік ұлттық табиғи парктерінде туризм мақсатында берілген жерлердің заңдылығына талдау жүргізілді. Паркте 9 жер пайдаланушылармен түзілген келісімшарттардың талаптары сақталмауына байланысты бұзу туралы ұсыныс енгізілді.

— Өткен жылдармен салыстыра талдағанда, істеріңізде ілгерілеу бар ма?

– 2019-2021 жылдар аралығында жер қойнауын пайдаланушылармен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына 204,6 млн теңге төлемегені анықталып 1 ұсыныс енгізіліп, әзірге 37,9 млн теңге мемлекет пайдасына өндірілді.  Сондай-ақ 11-заңсыз жер қойнауын пайдалану фактілері анықталып, полиция органдарына тапсырылды. Жалпы, 2022 жылдың 9 айында, 18 (11) талдау жүргізіліп, 19 (9) ұсыныс енгізілді. Прокурорлық қадағалау актілерін қарау нәтижесінде 104 (162) тұлға түрлі (тәртіптік –44, әкімшілік – 60 жауапкершілікке тартылған), 109,6 (42,5) млн теңге мемлекет пайдасына өндірілді.

— Жер қойнауын пайдаланушылар, кәсіпкерлерлік субьектілерін қолдау бойынша қандай шаралар атқарылуда?

– ҚР төтенше жағдайлар министрлігінің өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғау туралы Заңына енгізілген өзгерістерді басшылыққа алып, кәсіпкерлік субъектілеріне тау-кен жұмыстарының жоспарына келісім беруден бас тартқан. Тиісінше облыстық Инвестиция және экспорт басқармасы тау-кен жұмыстарының жоспары уәкілетті органмен келісілмегендіктен, осы кәсіпкерлік субъектілеріне жер қойнауын өндіруге лицензия беру туралы өтініштерін қанағаттандырусыз қалдырған. Алайда, Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Кодексінің талабына сәйкес, тау-кен жұмыстарының жоспары өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органмен келісілуі тиіс.Осыған байланысты Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының заң бұзушылықты жою туралы ұсынымы негізінде 27 кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыстарын бастауына кедергі жойылып, тау-кен жұмыстарының жоспарына келісім мен лицензиялар берілді.

Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы саралау жүргізіп, мемлекеттiк қорық аймағының паспорты бекітілмегені және мал жаюға тийым салуды белгілейтін ауыртпалықтар мен шектеулер жоқ екенін анықтады. Осыған байланысты, прокуратураның ұсынуымен кәсіпкерлерге негізсіз берілген мал жаюға тыйым салатын хабарламалардың күші жойылып, соңғылардың құқықтары қорғалды.

— Жер қойнауын пайдалану бойынша заңсыздықтар мен бұзушылықтарды анықтап, тиісті органдарға ұсынылуы қай деңгейде жүріп жатыр? Табиғат ресурстарын қорғауда органның  атқарған жұмыстары оны қорғауға қаншалықты сеп болуда?

– Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының жүргізген талдауы нәтижесінде 18 жер қойнауын пайдаланушы 2 944 323 текше метр пайдалы қазбаларды заңсыз өндіргені бойынша Экология департаментіне ұсыну енгізілді. Қоршаған ортаға келтірілген залалдың экономикалық бағасы есептелуде.12 құжат полиция органдарына тергеп-тексеру үшін жолданды.

Жүргізілген талдаудың нәтижесінде, 97 ҚТҚ полигонынан шығатын жерде қоқыс тасымалдайтын көліктердің дөңгелектерін зарарсыздандыруға арналған дезинфекциялаушы бетон ванна орнатылмағаны және 85 полигондардың аумақтары периметрі бойынша жеңіл қоршаумен қоршалмағаны анықталды. Енгізілген ұсынудың нәтижесінде 7 лауазымды тұлғаға 2 млн. әкімшілік айыппұл салынды, 13 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 19 келісімшарт және лицензияның қолданысы тоқтатылған жер қойнауын пайдаланушыларға жер қойнауын пайдаланудың салдарын жою жөніндегі міндеттерді мәжбүрлеп орындату шараларын қолданбағаны анықталып, Инвестиция және экспорт басқармасына заңдылықты бұзушылықтарды жою туралы ұсыну енгізілді. Қаралу нәтижесінде, Басқарма жер қойнауын пайдаланудың салдарын жою жөніндегі міндеттерді мәжбүрлеп орындату туралы сотқа 6 талап-арыздар жолдады. Қазіргі таңда қосымша талап арыз беру жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, облыс прокуратурасымен бекітілген 3-4 тоқсандарға арналған жоспарға сәйкес 2 рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, нәтижесімен заңмен тыйым салынған балық аулау құралымен (қытай торы) 1 тұлға ұсталды және орман қоры жерінде сексеуіл ағашын «Газ-53» маркалы жүк көлігіне 3 куб көлемінде артып жатқан тұлғалар ұсталып барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

— Әңгіме сұхбатыңыз үшін, рахмет. Жұмыстарыңызға  табыс тілейміз!

 

Сұхбаттасқан:

Ә.Бағманқызы.

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАНДЫ КӨГАЛДАНДЫРУДА МАМАНДАР НЕ ДЕЙДІ?

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

АЛТЫ МЫҢ ТҮП АҒАШ ОТЫРҒЫЗДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
3
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

26.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

24.06.2025
3
ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ
Жаңалықтар

ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ

23.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

23.06.2025
3

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.