Сізге өте жоғары пайызбен ақша салу ұсынылды ма? Кепілдік берілген кіріске уәде берді ма және бұл жобаға таныстарды белсенді түрде тартуды сұрай ма?
Ұйым қаржы пирамидасы болуы ықтимал, сақ болыңыз! Қаржы пирамидасының ерекшелігі жедел әрі жеңіл ақша болып табылады.
Есте ұстаңыз: қаржы пирамидасы қаржы ұйымдарына жатпайды және реттеушінің жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банктік шоттарын ашуға және жүргізуге арналған лицензиясына ие емес, тиісінше оның қызметін – Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бақыламайды.
Пирамида ғұмырының үш кезеңі:
Бірінші – қаржы пирамидасын құру. Әдетте, қатысушылар аздаған, сондай-ақ айтарлықтай көп сома енгізсе де ұйымдастырушылар бірінші қатысушыларға өз қаражатынан уәде етілген табысты төлейді.
Екінші – қаржы пирамидасын көпшілікке тарату. Құныққан салымшылар қатысушыларды, оның ішінде туыстары мен таныстарын бірінен соң бірін тарта бастайды. Сондай-ақ ұйымдастырушылар әйгілі блогерлерді, жұлдыздарды тарту арқылы әлеуметтік желілерде агрессивті жарнаманы пайдаланады. Бірақ бұл кезеңде жаңа қатысушыларға сыйақы жеке қаражат есебінен емес, жаңадан тартылған адамдардың есебінен төленеді.
Үшінші – пирамиданың сөзсіз құлдырауы. Ол белгілі бір қатысушылар саны мен қомақты сома жиналған кезде орын алады. Оңай әрі жедел қол жеткізуге болатын пайдаға сеніп келген адамдар сыйақыдан да, өз ақшасынан да қағылады. Сондай-ақ, оларды қандай да бір жолмен қорғау мүмкіндігі болмайды, өйткені Қазақстанда қаржы пирамидаларының қызметі заңсыз әрі тыйым салынған, демек пирамида ұйымдастырушылары қол қойған құжаттардың ешқайсысы заңды күшке ие болмайды.
Қаржы пирамидасының негізгі белгілері:
- Мыналарды қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей:
- бағалы қағаздар нарығындағы қызметті;
- банк қызметін, оның ішінде депозиттер тарту, кредиттер беру, аударымдар мен төлемдерді жүзеге асыру және т.б. бойынша;
- микрокредиттер беру жөніндегі қызметті;
- коллекторлық қызметті жүзеге асыруға Агенттік лицензиясының/есептік тіркеуінің болмауы.
- БАҚ-та, интернет-ресурстарда, оның ішінде әлеуметтік желілерде жоғары кірістілік, пассив кіріс алуды уәде ететін жаппай жарнама.
- Компания клиенттерден жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті нарықтан жоғары баға бойынша (үш айдан бөліп төлеу арқылы немесе ең төменгі пайыздық мөлшерлеме бойынша) сатып алуды ұсынады, сондай-ақ керісінше клиенттерге жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті нарықтан төмен баға бойынша (міндетті аванстық төлеммен) сатып алуды ұсынады.
- Компания бастапқы капиталды міндетті түрде салып, бірлескен кәсіпорынның/ компанияның қатысушысы болуды ұсынады.
- Белгілі бір сомаға тауарды/қызметті сатып алу және қосымша бірнеше тұлғаны тарту (бұл ретте бөлшек сауда жоқ) міндетті талап болып табылады.
- Ақша қолма-қол ақшамен, жеке тұлғаның карточкалық шотына не төлем ұйымдарының терминалдары арқылы электрондық әмиянға салынады.
- Компанияның, жеке тұлғаның немесе қоғамдық жобаның қызметі туралы нақты анықтама (бірегей қызмет туралы мәлімдеме) жоқ.
- Компанияның немесе жобаның қызметіне кейіннен қатысу үшін алдын ала (арнайы) жарналардың болуы.
- Нарықтық көрсеткіш деңгейінен едәуір жоғары кірістілік туралы жария уәде.
- Кірістілікке кепілдік беру (банк салымдарын қоспағанда, бұған қаржы нарығында тыйым салынған).
- Атауда, нышандарында, жарнамаларда сөздер мен сөз тіркестерін немесе оларды белгілі компанияларға, брендтерге ұқсас ететін нышандарды пайдалану.
- Әртүрлі бағдарламаларға халықтан ақша қаражатын тарту, оның ішінде банктік кредитке балама ретінде болатын автомобильдер, пәтерлер, жер учаскелері, халық тұтынатын тауарлар және т.б. сатып алуға тарту.
- Шарт компанияда, жеке тұлғада немесе жария жобада ақша қаражатының инвесторы (салымшысы) алдында қандай да бір міндеттемелер болмайтындай етіп жасалады. Не шарт инвестордың (салымшының) шарттық қатынастар тоқтатылған және компания, жеке тұлға немесе жария жоба тарапынан міндеттемелер орындалмаған жағдайда да ақша қаражатын қайтаруы мүмкін емес болатындай етіп жасалады.
- Анонимділік – компанияның немесе жобаның құрылтайшылары және басшылары (тегі, аты, әкесінің аты, өмірбаяны) туралы нақты ақпараттың болмауы, қаржылық есептіліктің болмауы
- Офистің болмауы немесе айрықша номиналдық офистің болуы, мысалы, заңды тұлғаны тіркеу орны бойынша немесе жеке тұлғаның тұрғылықты жері бойынша.
- Егер «қаржы пирамидасы» заңды тұлға нысанында ұйымдастырылса, компанияны офшорлық юрисдикцияда (Кипр, Сейшель аралдары, Белиз және т.б.) тіркеу
- Нарықтық деңгейден айтарлықтай асатын, кепілдік берілген кірісті (мүліктік пайда) төлеуге уәде бере отырып, болмаған активтерге және (немесе) жобаларға инвестициялар.
Егер сіз пирамида схемасына түсіп қалсаңыз не істеу керек?
Қаржы пирамидасына әдетте, ерікті түрде әрі құқықтық қызмет көрсетусіз кіріп жатады. Демек, ешкім салынған қаражаттың қайтарылатынына ешқандай да кепілдік бермейді. Сондықтан да, егер сізді тезірек шартқа қол қойып, ақша салғызуға асықтырса, арандатушылыққа берілмеңіз.
Егер сізде қаржы пирамидасына тап болғаныңызға қатысты күдік пайда болса:
- дереу тұрғылықты жеріңіз бойынша құқық қорғау органдарына, ІІМ-ге;
- сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне және Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігіне жүгінуіңіз қажет. Қаржы реттеушісіне «Fingramota Online» мобильді қосымшасының «Қаржы пирамидалары және қаржылық алаяқтық» бөлімі арқылы немесе Call-орталықтың 1459 қысқа нөмірі бойынша (жұмыс уақыты: жұмыс күндері сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін) жүгінуге болады.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми сайтында кепілдік берілген кірісті төлеуге (мүліктік пайда) уәде ететін, оның ішінде әрекеттеріне ҚНРДА-ға азаматтардың шағымдары келіп түскен азаматтардан және ұйымдардан ақшаны тарту жөнінде қызмет белгілері бар тұлғалардың тізімі жарияланды.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында қаржы пирамидасы ретінде қызметі күдікті, сондай-ақ сот үкімі шығарылып қойған ұйымдардың кеңейтілген тізбесі жарияланды.
Қаржы пирамидаларының қызметіне тыйым салу 30-дан астам елде қарастырылған. Оның ішінде Австрия, Ұлыбритания, Франция, Канада, Италия, Қытай, Біріккен Араб Әмірліктері.
Қазақстан мыналарды қамтамасыз етеді:
- қылмыстық жауапкершілік — қаржы пирамидасын құрғаны және (немесе) қызметін басқарғаны үшін (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217-бабына сәйкес);
- әкімшілік — қаржылық (инвестициялық) пирамида қызметі туралы жарнамаларды дайындау, тарату және орналастыру үшін («Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 150-бабына сәйкес).