Алаяқтарының арбауына түсіп қалғандардың қарасы азаяр емес — Төрттаған
Среда, 16 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Алаяқтарының арбауына түсіп қалғандардың қарасы азаяр емес

06.07.2024
Қоғам
0
Алаяқтық жыл өткен сайын кең тарап келеді

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

Соңғы кездері «ұтыста жеңімпаз атандыңыз», «тұрғын үй жеңімпазы атандыңыз», «шет елге тегін саяхат», «несиені жауып береміз», «сіз ұтысқа ие болдыңыз», «ақшаңды екі еселендір» деген сынды уәдені үйіп-төгетін адамдар өзінің құрбанын оңай қақпанға түсіреді. Онсыз да қажып жүрген кейбір жандар мұндай батпанқұйрықтан қалай бас тартсын?! Тіпті бәзбіреулер әлгі алаяқтарға еш ойланбай сұраған қаражатын ұстата салады. Сақ болмасақ, айналамызда олар өріп жүр.
Жақында қаржы пирамидаларының жаңа тізімі шықты. Қанша жерден полиция басқармасы «Алаяққа алданбаңыз!» деп бейнеролик көрсетіп, жадынама таратқанымен, қаржылық алаяқтардың құрған схемасын анықтағанымен бәрібір қарапайым халық алаяқтықтың құрбаны болуын қояр емес. Қарап тұрсаңыз, көбі көзі ашық, оқыған адамдар. Бірақ ертегіге енген баладай алаяққа сеніп, миллиондаған қаржысынан қолдап айырылып қалатынына таң қаласыз. Біреуді сөгіп, табалаудан аулақпыз, әрине. Себебі әккі алаяқтар адамның сеніміне кіріп, өзгенің мүлкін иеленуге келгенде өте шебер.
Қазір аттап бассаң, алданған адамға тап боласың. Әсіресе, интернет алаяқтарының торына түсіп қалғандардың қарасы қалың. Мұны алаяқтардың құрбанына айналған азаматтардың полиция бөліміне жиі шағымдануынан байқауға болады. Мәселен, былтыр Түркістан облысы бойынша 567 интернет алаяқтық қылмыс тіркелсе, биыл жыл басынан бері 100-ге жуық осындай қылмыс жасалған.
Цифрландыру өмірімізге дендеп енгелі адамдар онлайн саудаға бейімделе бастады. Ол үшін тауарды арнайы сайт арқылы іздеп, көрсетілген банктік есепшотқа ақша аударады. Ал, жеке деректерді, сондай- ақ банк карточкасының нөмірін қолға түсірген алаяқтар сол кісінің атын жамылып, ақпараттық шабуыл жасайды. Енді бір адамдарға электронды поштадан түрлі сілтемелер келеді. Ақшаға құныққан адам оны өзінің пайдасына шешеді. Мұндай оқиғалар күнделікті өмірде жиі кездесіп жатады.
Соңғы бірер айдың көлемінде тіркелген бір ғана мысалға тоқталсақ. Жуырда Сайрам аудандық ішкі істер басқармасының кезекші бөліміне жергілікті тұрғын көмек сұрап келеді. Оның айтуынша, белгісіз біреулер телефонына хабарласып, «сим картасының» мерзімі өтіп кеткенін хабарлаған. Оған сенген адам нөмірін жаңарту үшін жіберілген кодты айтып береді. Артынша телефонына несие туралы түсініксіз сілтемелер келе бастайды.
Тексеру кезінде тұрғынның атынан белгісіз біреудің несие алуға әрекет жасап жатқаны анықталады. Тәртіп сақшылары тұрғынның ұялы телефонынан «eGov» мобильді қосымшасына кіріп, 6 ай мерзімге дейін несие алудан бас тарту туралы бөлігін белгілеп береді.
Бірер сағаттан кейін тағы бір тұрғын дәл осындай шағыммен келеді. Алайда, тексеру кезінде оның атынан белгісіз біреудің 1 миллион теңге несие алып қойғаны анықталады. Оның атынан тағы да бірнеше банкке несиеге өтінім тасталғанын байқаған полицейлер ер адамның телефонынан несие алудан бас тарту туралы функциясын бұғаттап береді.
Мұндай мысалдарды көптеп келтіре беруге болады. Жақында «арзан бағада жер алып беремін» деген 32 жастағы сарыағаштық тұрғын ұсталды. Кейін белгілі болғандай, ер адам бейтаныс әйелдің үй салу үшін жер іздеп жүргенін біліп, қосымша ақша тапқысы келген. Содан ол жәбірленушіні арзан бағада жер сатамын деп сендірген. Бұған бейтаныс әйел бірден келісіп, ер адамға алдын ала 3,3 миллион теңге береді. Күдікті ақшаны алғаннан кейін қоңырауларға жауап беруді мүлде тоқтатқан.
Таяуда дәл осы Сарыағаш ауданында «тұрғын үй кезегін жылжытып беремін» деген 31 жастағы әйел құрықталды. Күдікті әйел жәбірленушіге «мемлекеттен берілетін тұрғын үй кезегін жылжытып беремін» деп сеніміне кіріп, алдын ала 100 мың теңге ақшасын алып, ізін суытқан. Тексеру кезінде күдікті әйелдің бұдан басқа осындай 6 алаяқтық жайтқа қатысы бары анықталды. Оларды да үй алып беремін деген жалған сөздерге сендіріп, алаяқтықты кәсіпке айналдырған. Қазір осы іске қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.
Жалпы, облыстағы алаяқтық қылмыстардың сипаты осындай. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, алаяқтардың тұзағына көбінесе жаңа технологиялар туралы, оның ішінде банк саласы туралы білмейтін қарт кісілер немесе қарапайым адамдар түсіп жатады. Өткен жылы интернет алаяқтар заңсыз несиелер ресімдеп, жәбірленушілерге 931 миллион теңгеден астам материалдық шығын келтірген.
Қалай десек те, интернет алаяқтық күн сайын өршіп барады. Оларға алданбаудың ең тиімді жолы – жеке ақпаратқа мұқият болу.
Алаяқтардың айласы таусылар емес. Қазіргі таңда алаяқтардың түрі өте көп. Олардың ішінде электрондық пошта, лотореялық, жарнамалық түрі кең тарағаны. Бұл амалдар арқылы алаяқ аңқау адамдарды құрығына түсіріп, атынан несие рәсімдеп немесе банк картасындағы қаржысын қалтасына басады. Олар алдау үшін түрлі айла-тәсілдер қолданады. Ығына жығылған жанның қолындағысын қағып кетуге дайын тұрады.
Олардың арбауына түсіп қалып жатқан адамдар аз емес. Торына кез келген адам түсіп қалуы мүмкін. Алданғандардың сөзін естісек, сенуге тұрарлық дүние еместей көрінеді. Әйтсе де олардың да өз жоспары, ойлаған «құрығы» болады.
Технология қаншалықты дамығанымен интернет алаяқтарын құрықтау қиынға соғады. ІТ саланы меңгерген алаяқ болса, оны анықтау тіпті қиын. Қазіргі заман ағымында кез келген адам сайт, қолданбалы желі аша алады. Неліктен және қандай мақсатпен ашатыны ешкімді алаңдатып жатпайды.
Жақында «бейтаныстан келген бейнеқоңырауға жауап бермеңіздер» деген аудиохабарлама таралып кетті. Бәзбіреулер осы қоңырауға жауап беремін деп қақпанға түсіп, алданып қалғанын айтады. Камераны қосқан кезде алаяқтар жауап берушінің жүзін «сканерлеп», оның атынан онлайн несие рәсімдейді-мыс. Бірақ мұның жалған ақпарат екенін Stopfake. kz растады. Айта кетейік, видео қоңырауларды пайдаланатын алаяқтар туралы мұндай хабарлама бұған дейін де тараған болатын. 2023 жылғы сәуірде қолданушылар мұндай әрекеттерден зардап шекті деп айтқан. Бұл ақпарат та жалған болып шықты.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Қаржы пирамидасы туралы нені білуіміз қажет?

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Интернет-алаяқтарының жолын кесуде бірқатар шаралар қолға алынуда

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

05.07.2025
3
ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!
Қоғам

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

04.07.2025
3
АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ
Қоғам

АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ

03.07.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

02.07.2025
3
Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды
Қоғам

Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды

01.07.2025
2
ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ
Қоғам

ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ

01.07.2025
2

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
162

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.