Классикалық «қаржы пирамидасы» — бұл табыс алудың алаяқтық схемасы. Сізге өте жоғары пайыздық мөлшерлемелермен инвестициялау ұсынылады, олар кепілдендірілген табыс береді және жобаға достарын белсенді тартуды сұрайды. Абай болыңыз, табысты инвестициялық компания қаржылық пирамидаға айналуы мүмкін. Қаржы пирамидасының ерекшелігі — тез және оңай ақша табу туралы уәде.
Қаржы пирамидалары көбінесе өздерін инвестициялық кәсіпорын ретінде көрсетеді. Олар, мысалы, акциялар мен облигацияларды сатып алуды ұсынады, жоғары өнімді құрылысқа, алтын өндіруге немесе ультра тиімді өндіріске инвестиция салуға уәде береді. Олар жарнама науқанында қатты және тартымды ұрандарды ұсынады: Интернет компаниясы, инновациялық жоба, криптавалюталар, тұрғын үй кооперативтері, алтын, әлеуметтік желілер. Сондықтан қаржылық пирамидалар жаңарып отыруға тырысады.
Заманауи пирамидалардың өмір сүру ұзақтығы ұйымдастыру көлеміне және бағдарламаларға байланысты. Көлемі мен ерекшелігіне байланысты, ол 3 күннен 16 жылға дейін жүзеге асыра алады. Мысалы, пирамида түріндегі әйгілі Madoff Investment Securities (АҚШ) инвестициялық компаниясы 48 жылға созылды (1960-2008).
Қаржы пирамидаларының негізгі түрлері:
- Көп деңгейлі пирамидалар — бұл құрылымның құрылуының және жұмыс істеуінің негізгі тетігі: әрбір келген адам бастапқы төлем жасайды, ол иерархиядағы жоғары сатыдағы мүшелер арасында таратылады.Өз кезегінде, жаңадан бастаушы ақша табу үшін жарналары да осылай бөлінетін бірнеше адамды шақыруы керек.Осылайша, жаңа мүшелер ағымы аяқталғанша жалғасады.
● Понци типіне сай негізделген пирамидалар — бұл құрылымдарға ХХ ғасырдың басында осындай пирамиданың авторы және ұйымдастырушысы болған Чарльз Понцидің есімі берілді. Көп деңгейлі схемадан айырмашылығы, бұл жағдайда жаңа мүшелерді тарту қажет емес, тек ауқымды жарна үшін бастапқы жарна ғана қажет. Барлық қатысушыларға белгілі бір уақыт өткеннен кейін жоғары табыс алуға кепілдік беріледі.
Алғашқы клиенттер ұйымдастырушының жеке қаражатынан жоғары пайда алады, содан кейін өзара ақпараттандыру қағидасы іске қосылады және олардың үлгісінен жаңа инвесторлар пайда болады. Жаңадан алынған қаражат ескі инвесторларға төлем жасауға жұмсалады. Бұл цикл ұйымдастырушы кенеттен өз клиенттерінің барлық ақшалары белгісіз бағытта кенеттен жоғалып кеткенше біраз уақытқа созылады.
- Желілік маркетинг қағидатына негізделген пирамидалар — бұл схеманы іске асырудың негізгі тетігі компанияның тауарларды / қызметтерді сатуы болып табылады. Бұл жағдайда өнім жасуша болып табылады және көбінесе оның құны асыра бағаланады. Жиі бұл өнімдер: сағаттар, косметика, тұрмыстық химия, және т.б. болып табылады.
- Мессенджерлеріне шақырту сілтемелері арқылы қағидатына негізделген пирамидалар — WhatApp, Telegram және т.б. мессенджерлерде онлайн-топтарда ғана жүзеге асырылады. Топ құрылады, ол үшін сіз белгілі бір соманы төлеуіңіз қажет. Қосылғаннан кейін қосымша 2-4 адамды шақыру қажет, 200% -дан 400%-ға дейін сыйақы беріледі. Шақырылған қатысушылар саны шектелмейді.
Интернет-банкингті қолдану кезінде алаяқтардың айла-тәсілдерінен қалай қорғануға болады:
Біріншіден, банк карталарының дерегін сақтаңыз. Жеке деректеріңізді ешкімге жібермеңіз. Қандай да бір белгісіз адам хабарласса ешкімге SMS-код жібермеңіз.
Екіншіден, алғы төлем жіберер алдында тауардың бар-жоғын тексеріңіз. Банк картаңызды ешкімге бермеңіз. Себебі бір затты не тауарды сатып алу алдында тауардың бар-жоғына көз жеткізіңіз. Интернет-алаяқтық бойынша көбіне алданатындар зейнеттегі адамдар екен. Себебі олардың қаржы сауаттылығы төмен.
Үшіншіден, интернетте алаяқтар туралы ақпаратты таратыңыз. Интернет-алаяқтықты жоюдың ең басты жолы — ол алаяқтар туралы ақпарат тарату. Баласы ата-анасына қандай да бір алаяқтың жолы пайда болғанын түсіндіріп отырса, оқушыларға түсіндірілсе қаржы сауаттылығы артып, мұндай жағдайлар кем дегенде 50 пайызға азаяр еді дейді мамандар.
Ақшадан айрылып қалмай тұрып жасалатын жеті тексеру тәсілі:
- Компанияның беделін және ол берген ақпараттың дәйектілігін зерделеңіз. Депозиттерді тартуға құқығы бар барлық қаржы ұйымдарының ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінен берілген қаржы реттеушісінің лицензиясы болуға тиіс.
Егер Сізде қаржы пирамидасымен байланысқаныңыз туралы күдік пайда болса, Сіз дереу құқық қорғау органдарына және қаржы реттеушісіне жүгінуіңіз қажет.
- Компанияның иелері мен басшылығы туралы ақпаратпен танысыңыз, сондай-ақ оның қайда тіркелгенін біліңіз. Басшылық туралы деректер құпияландырылса, ал компанияның өзі белгілі бір оффшорлық аймақта тіркелген болса, онда оған өз жинақтарыңызды орналастырмас бұрын ойлану керек. Компанияны оффшорлық аймақтарда тіркеу рәсімі барынша жеңілдетілген, ал шынайы иесінің атын немесе осы құрылымның басында кім тұрғанын білу – өте қиын. Сондықтан міндетті түрде компанияның барлық жарғылық және құрылтай құжаттарын ұсынуын сұраңыз.
Ең алдымен, компания лицензияланған ба және өз қандай нормативтік және рұқсат беру құжаттары негізінде өз қызметін жүзеге асыратынын біліңіз. Сондай-ақ оның неден және қанша тауып отырғанын түсіну үшін компанияның есебімен танысқан жақсы.
- Егер инвестициялардың жоғары кепілдендірілген кірістілігі уәде етілсе, сақ болыңыз. Алаяқтар психологияны жақсы біледі және адамның жылдам әрі оңай баюға деген қарапайым қалауын пайдаланады. Сондықтан пирамидалар жылдық 20, 50, 100% кірістілікті уәде етеді, өйткені бұл уәдені орындау ойларында жоқ.
Компания қызметінің ерекшелігі түсініксіз болса, салым жасауды қоя тұрыңыз. Ақшаны қайтарудағы нақты механизмнің болмауы да ойландыруы тиіс. Мысалы, Сізге қаражат белгілі бір сомаға жеткеннен кейін ғана қайтарылады десе. Сіздің салған қаражатыңызды басқаруға және қажет болған жағдайда алуға мүмкіндігіңіз болу керек. Мұндай мәліметтер әдетте шартта жазылады. Құжатқа қол қоймас бұрын онымен мұқият танысып шығу керек, түсініксіз тармақтар болған жағдайда, мамандармен кеңескен жөн.
Есте сақтаңыз, шақыру жарнамасы жоғары пайызбен салым жасауға себеп емес, уәделердің орындалуына күмәндануға себеп.
- Жаңа салымшыларды тартқаны үшін сыйақы ұсына ма? Бас тартыңыз — бұл сізді қаржы пирамидасына тартудың нақты белгісі.
- Қарыз шартын ұсына ма? Бұл пирамида құрушылардың ең көп тараған әдісі екенін біліңіз. Әдетте, мұндай қарыз шарты әртүрлі дәлсіздіктермен және ескертулермен жасалады, осылайша келісімшарт жасасқан компания «сүттен ақ, судан таза» шығуы мүмкін.
Сондықтан қаржылық қызметтерді тұтынушылар шарттың талаптарымен мұқият танысып, түсініксіз позициялар болған жағдайда тәуекелге бармауы және оларға өз ақшаларын бермеуі қажет.
- Компания сізді корпоративтік іс-шараларға, түрлі жүлделердің, сыйлықтардың, жолдамалардың ұтыс ойындарына қатысуға шақырады ма? Бас тартыңыз!
Бұл – пирамидаларға жаңа салымшыларды тартудың ең танымал әдістерінің бірі. Осылайша, бір жағынан, «табысты және пайдалы компания» бейнесі қалыптасады. Ал екінші жағынан, күмәнданған қатысушыларда «корпоративтік рух» нығаяды, бұл оларға заңды мәреге – күйреуге қарай бет алған пирамидадан кетуге мүмкіндік бермейді.
- Компания ақшаны қалай қабылдайтынына назар аударыңыз. Көптеген күмәнді компаниялар қолма-қол ақша қабылдайды не компанияның банктердегі арнайы есеп айырысу шоттарын және өз қызметінің сенімді бухгалтерлік есептілігін қолданбай, онлайн-төлемдер мен аударымдардың түрлі жүйелерін пайдаланады.