Қаржы пирамидасы туралы нені білуіміз қажет? — Төрттаған
Среда, 16 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Қаржы пирамидасы туралы нені білуіміз қажет?

06.07.2024
Қоғам
0
Қаржы пирамидасының шығу тарихын білесіз бе?

Сізге өте жоғары пайызбен ақша салу ұсынылды ма? Кепілдік берілген кіріске уәде берді ма және бұл жобаға таныстарды белсенді түрде тартуды сұрай ма?

Ұйым қаржы пирамидасы болуы ықтимал, сақ болыңыз! Қаржы пирамидасының ерекшелігі жедел әрі жеңіл ақша болып табылады.

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

Есте ұстаңыз: қаржы пирамидасы қаржы ұйымдарына жатпайды және реттеушінің жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банктік шоттарын ашуға және жүргізуге арналған лицензиясына ие емес, тиісінше оның қызметін  – Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бақыламайды.

Пирамида ғұмырының үш кезеңі:

Бірінші – қаржы пирамидасын құру. Әдетте, қатысушылар аздаған, сондай-ақ айтарлықтай көп сома енгізсе де ұйымдастырушылар бірінші қатысушыларға өз қаражатынан уәде етілген табысты төлейді.

Екінші – қаржы пирамидасын көпшілікке тарату. Құныққан салымшылар қатысушыларды, оның ішінде туыстары мен таныстарын бірінен соң бірін тарта бастайды. Сондай-ақ ұйымдастырушылар әйгілі блогерлерді, жұлдыздарды тарту арқылы әлеуметтік желілерде агрессивті жарнаманы пайдаланады. Бірақ бұл кезеңде жаңа қатысушыларға сыйақы жеке қаражат есебінен емес, жаңадан тартылған адамдардың есебінен төленеді.

Үшінші – пирамиданың сөзсіз құлдырауы. Ол белгілі бір қатысушылар саны мен қомақты сома жиналған кезде орын алады. Оңай әрі жедел қол жеткізуге болатын пайдаға сеніп келген адамдар сыйақыдан да, өз ақшасынан да қағылады. Сондай-ақ, оларды қандай да бір жолмен қорғау мүмкіндігі болмайды, өйткені Қазақстанда қаржы пирамидаларының қызметі заңсыз әрі тыйым салынған, демек пирамида ұйымдастырушылары қол қойған құжаттардың ешқайсысы заңды күшке ие болмайды.

Қаржы пирамидасының негізгі белгілері:

  1. Мыналарды қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей:
  •    бағалы қағаздар нарығындағы қызметті;
  •    банк қызметін, оның ішінде депозиттер тарту, кредиттер беру, аударымдар мен төлемдерді жүзеге асыру және т.б. бойынша;
  •    микрокредиттер беру жөніндегі қызметті;
  •    коллекторлық қызметті жүзеге асыруға Агенттік лицензиясының/есептік тіркеуінің болмауы.
  1. БАҚ-та, интернет-ресурстарда, оның ішінде әлеуметтік желілерде жоғары кірістілік, пассив кіріс алуды уәде ететін жаппай жарнама.
  2. Компания клиенттерден жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті нарықтан жоғары баға бойынша (үш айдан бөліп төлеу арқылы немесе ең төменгі пайыздық мөлшерлеме бойынша) сатып алуды ұсынады, сондай-ақ керісінше клиенттерге жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті нарықтан төмен баға бойынша (міндетті аванстық төлеммен) сатып алуды ұсынады.
  3. Компания бастапқы капиталды міндетті түрде салып, бірлескен кәсіпорынның/ компанияның қатысушысы  болуды ұсынады.
  4. Белгілі бір сомаға тауарды/қызметті сатып алу және қосымша бірнеше тұлғаны тарту (бұл ретте бөлшек сауда жоқ) міндетті талап болып табылады.
  5. Ақша қолма-қол ақшамен, жеке тұлғаның карточкалық шотына не төлем ұйымдарының терминалдары арқылы электрондық әмиянға салынады.
  6. Компанияның, жеке тұлғаның немесе қоғамдық жобаның қызметі туралы нақты анықтама (бірегей қызмет туралы мәлімдеме) жоқ.
  7. Компанияның немесе жобаның қызметіне кейіннен қатысу үшін алдын ала (арнайы) жарналардың болуы.
  8. Нарықтық көрсеткіш деңгейінен едәуір жоғары кірістілік туралы жария уәде.
  9. Кірістілікке кепілдік беру (банк салымдарын қоспағанда, бұған қаржы нарығында тыйым салынған).
  10. Атауда, нышандарында, жарнамаларда сөздер мен сөз тіркестерін немесе оларды белгілі компанияларға, брендтерге ұқсас ететін нышандарды пайдалану.
  11. Әртүрлі бағдарламаларға халықтан ақша қаражатын тарту, оның ішінде банктік кредитке балама ретінде болатын автомобильдер, пәтерлер, жер учаскелері, халық тұтынатын тауарлар және т.б. сатып алуға тарту.
  12. Шарт компанияда, жеке тұлғада немесе жария жобада ақша қаражатының инвесторы (салымшысы) алдында қандай да бір міндеттемелер болмайтындай етіп жасалады. Не шарт инвестордың (салымшының) шарттық қатынастар тоқтатылған және компания, жеке тұлға немесе жария жоба тарапынан міндеттемелер орындалмаған жағдайда да ақша қаражатын қайтаруы мүмкін емес болатындай етіп жасалады.
  13.  Анонимділік – компанияның немесе жобаның құрылтайшылары және басшылары (тегі, аты, әкесінің аты, өмірбаяны) туралы нақты ақпараттың болмауы, қаржылық есептіліктің болмауы
  14. Офистің болмауы немесе айрықша номиналдық офистің болуы, мысалы, заңды тұлғаны тіркеу орны бойынша немесе жеке тұлғаның тұрғылықты жері бойынша.
  15. Егер «қаржы пирамидасы» заңды тұлға нысанында ұйымдастырылса, компанияны офшорлық юрисдикцияда (Кипр, Сейшель аралдары, Белиз және т.б.) тіркеу
  16.     Нарықтық деңгейден айтарлықтай асатын, кепілдік берілген кірісті (мүліктік пайда) төлеуге уәде бере отырып, болмаған активтерге және (немесе) жобаларға инвестициялар.

Егер сіз пирамида схемасына түсіп қалсаңыз не істеу керек?

Қаржы пирамидасына әдетте, ерікті түрде әрі құқықтық қызмет көрсетусіз кіріп жатады. Демек, ешкім салынған қаражаттың қайтарылатынына ешқандай да кепілдік бермейді. Сондықтан да, егер сізді тезірек шартқа қол қойып, ақша салғызуға асықтырса, арандатушылыққа берілмеңіз.

Егер сізде қаржы пирамидасына тап болғаныңызға қатысты күдік пайда болса:

  • дереу тұрғылықты жеріңіз бойынша құқық қорғау органдарына, ІІМ-ге;
  • сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне және Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігіне жүгінуіңіз қажет. Қаржы реттеушісіне «Fingramota Online» мобильді қосымшасының «Қаржы пирамидалары және қаржылық алаяқтық» бөлімі арқылы немесе Call-орталықтың 1459 қысқа нөмірі бойынша (жұмыс уақыты: жұмыс күндері сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін) жүгінуге болады.

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми сайтында кепілдік берілген кірісті төлеуге (мүліктік пайда) уәде ететін, оның ішінде әрекеттеріне ҚНРДА-ға азаматтардың шағымдары келіп түскен азаматтардан және ұйымдардан ақшаны тарту жөнінде қызмет белгілері бар тұлғалардың тізімі жарияланды.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында қаржы пирамидасы ретінде қызметі күдікті, сондай-ақ сот үкімі шығарылып қойған ұйымдардың кеңейтілген тізбесі жарияланды.

Қаржы пирамидасын құруға, жарнама қызметін таратуға жауапкершілік.

Қаржы пирамидаларының қызметіне тыйым салу 30-дан астам елде қарастырылған. Оның ішінде Австрия, Ұлыбритания, Франция, Канада, Италия, Қытай, Біріккен Араб Әмірліктері.

Қазақстан мыналарды қамтамасыз етеді:

  • қылмыстық жауапкершілік — қаржы пирамидасын құрғаны және (немесе) қызметін басқарғаны үшін (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217-бабына сәйкес);
  • әкімшілік — қаржылық (инвестициялық) пирамида қызметі туралы жарнамаларды дайындау, тарату және орналастыру үшін («Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 150-бабына сәйкес).
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Қаржы пирамидасының басты мақсаты — тез және оңай ақша табу

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Алаяқтарының арбауына түсіп қалғандардың қарасы азаяр емес

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

05.07.2025
3
ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!
Қоғам

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

04.07.2025
3
АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ
Қоғам

АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ

03.07.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

02.07.2025
3
Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды
Қоғам

Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды

01.07.2025
2
ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ
Қоғам

ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ

01.07.2025
2

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
162

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.