ТҮРКІСТАНДА «ҚОРҚЫТ ТУРАЛЫ АҢЫЗ» ПЛАСТИКАЛЫҚ СПЕКТАКЛІНІҢ ПРЕМЬЕРАСЫ ӨТТІ — Төрттаған
Суббота, 5 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

ТҮРКІСТАНДА «ҚОРҚЫТ ТУРАЛЫ АҢЫЗ» ПЛАСТИКАЛЫҚ СПЕКТАКЛІНІҢ ПРЕМЬЕРАСЫ ӨТТІ

Түркістан музыкалық драма театрында «Қорқыт туралы аңыз» пластикалық спектаклінің премьерасы болды. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен өнер және мәдениет майталмандары, зиялы қауым өкілдері және Түркістан қаласының өнерсүйер қауымы қатысты. Театр өнерінің туындысын тамашалауға Мәдениет және спорт вице - министрі Серік Жарасбаев, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев арнайы қатысып, жұртшылықты құттықтады. Түркістанды түркі әлемінің мәдени және рухани орталығына айналдыру жолында театрдың маңызы зор екенін айтып, өнер ұжымына алғыс айтты.

23.05.2022
Қоғам
0
ТҮРКІСТАНДА «ҚОРҚЫТ ТУРАЛЫ АҢЫЗ» ПЛАСТИКАЛЫҚ СПЕКТАКЛІНІҢ ПРЕМЬЕРАСЫ ӨТТІ

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА «ASYL MURA» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Түркістан музыкалық драма театрында «Қорқыт туралы аңыз» пластикалық спектаклінің премьерасы болды. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен өнер және мәдениет майталмандары, зиялы қауым өкілдері және Түркістан қаласының өнерсүйер қауымы қатысты. Театр өнерінің туындысын тамашалауға Мәдениет және спорт вице — министрі Серік Жарасбаев, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев арнайы қатысып, жұртшылықты құттықтады. Түркістанды түркі әлемінің мәдени және рухани орталығына айналдыру жолында театрдың маңызы зор екенін айтып, өнер ұжымына алғыс айтты.
Қойылымда кейіпкер сөзі көп емес, өйткені бұл – пластикалық спектакль. Өзгеше айтқанда, артистер оқиғаны, қойылым кейіпкерлерінің ішкі сезімдерін би қимылдары арқылы баяндайды.
Сахналаудың пластикалық формасы — Түркістан жұртына әлі таныс емес деуге болатын әлемдік тенденция. Бұдан бөлек, пластикалық театр адамдар түрлі тілде сөйлесетін қоғамға арналған, ал би қимылдарын аудармасыз түсінуге болады.
Жазушы-драматург Ермек Аманшаевтың либреттосы бойынша қойылған «Қорқыт туралы аңыз» атты пластикалық спектаклін белгілі ресейлік балетмейстер Константин Семенов сахналады. Композиторы – дарынды жас композитор Хамит Шанғалиев. Көркемдік жетекшісі – Айнұр Көпбасарова.
Қорқыт ата – түркі халықтарының ортақ рухани абызы, ойшыл, жырау, қобызшы. Қорқыт ата өмірде ізі, артында әдеби-музыкалық мұрасы қалған тарихи тұлға. «Қорқыт туралы аңыз» пластикалық спектаклінде Қорқыт алып қарағаштан ойып қобыз жасайды. Әлемді қобыз үнімен әлдилеген бабамыз, көрген түсінен шошып, өлімнен қашады. Жерұйық мекенді іздейді. «Қайда барса да, Қорқыттың көріне» кезігіп, ақыры туған жеріне — дүниенің кіндігі саналатын Сыр-Дарияға оралады.
«Қорқыт туралы аңыз» пластикалық спектаклінде рөлдерде ойнайтын кәсіби балет әртістері: Еламан Әбдіқалық, Еркінбек Әубәкіров, Ақылай Сыдығалиева, Алина Ормонбек, Рустам Шайхов, Гүлжанат Қаламғазина сынды өнерпаздар. Шынайы декорация, шебердің қолынан шыққан сахналық киімдер, реквизиттер арнайы дайындалуымен ерекшеленеді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: РЕФЕРЕНДУМДЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚОЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШТАБТЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: «РУХАНИ ҚАЗЫНА – 2022» ФЕСТИВАЛІ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА  «ASYL MURA» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА «ASYL MURA» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

30.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ
Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

28.06.2025
3
САРЫАҒАШ: АУДАН ӘКІМІ БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Қоғам

САРЫАҒАШ: АУДАН ӘКІМІ БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

27.06.2025
4
ШАРДАРАДА АУДАН ӘКІМІ АҚПАРАТ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КƏСІБИ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Қоғам

ШАРДАРАДА АУДАН ӘКІМІ АҚПАРАТ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КƏСІБИ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

27.06.2025
2
КЕНТАУДА МЕДИАНЫҢ МИССИЯСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қоғам

КЕНТАУДА МЕДИАНЫҢ МИССИЯСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

27.06.2025
2
БАҚЫТТЫ БАЛАЛАР БЕЙБІТ ЕЛДІҢ ТІРЕГІ
Қоғам

БАҚЫТТЫ БАЛАЛАР БЕЙБІТ ЕЛДІҢ ТІРЕГІ

27.06.2025
2

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.