Жалған-алаяқ кредиторлар — Төрттаған
Четверг, 24 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Жалған-алаяқ кредиторлар

26.01.2025
Қоғам
0
Интернет-алаяқтар балаларды қандай тәсілдермен алдайды?

Жалған кредиторлар – әлі кең таралмаған алаяқтықтың жаңа тәсілдерінің бірі. Сондай-ақ, кейбір азаматтар «қара кредиторлар» немесе кредиттік делдалдар болып табылатын басқа схемаларға да тап болуда. Көп жағдайда  олар «жеңілдікті онлайн-кредиттерді», «төмен пайыздық мөлшерлемемен микроқарыздарды», «артық төлемсіз адал кредиттерді» ресімдеу бойынша қызметтерді ұсынады. Олар үшін қарыз алушының кредиттік тарихы нашар ма, оның табыс деңгейі қандай, ол ресми түрде жұмысқа орналасқан ба, оның зейнетақы аударымдары бар ма, маңызды емес. Мұндай алаяқтардың құрбандары – «тиімді» кредит, шұғыл және оңай қарызға ақша іздейтіндер.
Қолданыстағы кредиттері бар қарыз алушылар алаяқтардың басқа «тобына» тап болуы мүмкін – олар кредитті төлеу бойынша міндеттемелерді өздеріне алуды ұсынады. Ол үшін қарыз алушы қарыздың жалпы сомасының 10%-дан 40%-ға дейінгі бөлігін ғана төлеуі қажет. Мысалы, егер қарыз алушының кредит бойынша 300 мың теңге мөлшерінде берешегі болса, онда осы тұлғаларға тек 50 мың теңге ғана төлеп, ол қарыздың барлық сомасын өтейді деп болжануда. Алаяқтар мұны банктер мен МҚҰ-да байланыс бар екендігімен немесе өздері сол жерде жұмыс істейтіндігімен немесе тұрақты клиенттердің қарыздарын ішінара есептен шығару үшін әртүрлі акциялармен дәлелдейді.

Кредиттік делдалдар клиенттің ұялы телефонына кредиттің өтелгені туралы нөмірді ауыстырудың арнайы қызметтері арқылы хабарлама жібереді. Немесе олар мәселені одан әрі шешу үшін қажетті қосымша ақша сомасын сұрай алады: мерзімінен бұрын өтеу, сақтандыру, карточканы жеткізу және т.б. үшін комиссия төлеу. Бірақ іс жүзінде бұл жеке басын растау үшін кредит беру үшін қаржы ұйымдарының қашықтан қызметтері жіберетін код. Оны алаяқтарға беру арқылы сіз оларға мобильді банкингтің кілтін бересіз, яғни өз ақшаңызға жол ашып бересіз.

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

Кейде алаяқ-кредиторлар алдын ала төлем сұрамай-ақ сіздің шотыңызға ақша аударуы мүмкін. Бірақ егер сіз осы ақшаны пайдалансаңыз, мұнда да қауіп бар. Өйткені уақыт өте келе шын мәніндегі банктен, МҚҰ-дан немесе коллекторлардан борышты өтеу туралы талап «келуі» мүмкін. Алаяқтар сіздің атыңызға кредит ресімдеп үлгерді, ал ақшаны, оның бір бөлігін алып немесе ақша аударымын жасай отырып, сіз кредитті  пайдаланғаныңызды растайсыз.

Сонымен қатар, «қара кредиторлар» қарыз алушының жеке кредиттік  есебіндегі ақпаратты одан клиенттің қалауымен ақы төлеу мерзімін кешіктіру және басқа кемшіліктер туралы ақпаратты шамалы ғана төлем үшін тазартуды ұсына алады. Ол үшін алаяқтар төлем картасының деректемелерін қоса алғанда, өз құрбанының конфиденциалды деректерін сұратады. Қарыз алушылардың бейхабарлығын пайдалана отырып, алаяқтар кредиттік тарихтың бар болғаны 5 жыл сақталатынын және осы мерзімнен бұрын барлық қарыздар автоматты түрде жойылатынын айтып сендіреді. Қажетті мәліметтерді алып, алаяқтар барлық банктік шоттарға қол жеткізе алады және онлайн-банкингтің көмегімен өздерінің «клиентіне» ірі кредиттер ресімдейді.

Білу маңызды! Банктік қарыз немесе микрокредит ресімдеуге көмектесетін клиенттер мен ЕДБ, МҚҰ арасында ешқандай делдал болмайды! Бұл сіздің ақшаңызды алып, телефонды өшіріп, жоғалып кететін алаяқтар. Ешқашан алдын ала төлем жасау көзделетін қаржылық қызметтерге жүгінбеңіз. Ешкімге кредит ресімдегені үшін ақшалай сыйақы бермеңіз және бөтен адамдарға өзіңіз және картаңыз туралы ақпарат бермеңіз.

Кредиттік тарихқа келетін болсақ, шын мәнінде 2022 жылдан бастап кредиттік бюродан дербес кредиттік есепті сұратқан кезде соңғы 5 жылдағы ақпарат көрсетіледі (бұрын 10 жыл болған). Алайда, бұл, мысалы, 15-20 жыл бұрын жіберілген кешіктірулер жойылады дегенді білдірмейді. Олар кредиттік бюролар қарыз алушылардың, сондай-ақ банктердің, МҚҰ-ның, коллекторлық агенттіктердің және басқа да тұлғалардың сұрау салулары бойынша ұсынуға міндетті кредиттік есептің толық нұсқасында көрсетілетін болады. Есіңізде болсын, қаржы институттары мен басқа ұйымдар сіздің кредиттік тарихыңызды тек сіздің жазбаша келісіміңізбен сұрай алады. Кредиттік тарихыңызды үнемі тексеріп отырыңыз – тек осылай ғана сіз алаяқтық туралы біліп, сәйкесінше жедел әрекет ете аласыз.

Тек алаяқтар белгілі бір сомаға:

— кредиттік ұйымда қарызды ресімдеуді және алынған қаражаттың бір бөлігін кредит бойынша төлейтін делдалдарға беруді;
— сіздің барлық банктік қарыздарыңыз бен микрокредиттеріңіз бойынша барлық борыштарды есептен шығаруды;
— міндетті алдын ала төлеммен (аванспен) төмен пайызбен кепілсіз кредитті ресімдеуге көмек беруді ұсынады.

Алаяқтар адамдардың сенгіштігін пайдаланып, олардың атына қарыз ресімдейді.

Осындай жағдай сіздің басыңызға түспеуі үшін кредиттік алаяқтарды оңай анықтауға көмектесетін бес белгіден хабардар болыңыз. Бұл жөнінде толығырақ Fingramota.kz порталына сілтеме жасаған 4tagan.kz жазады.

Кредиттік алаяқтар: алдаудың бес белгісі

Кредит тарихын тексерусіз қарыз туралы уәде

Бұған дейін біз кредиттік тарихтың маңыздылығы және неге банктер мен МҚҰ оны әрдайым зерттейтінін түсіндірген едік. Жаман несие тарихы бар азаматтар жиі алаяқтардың құрбаны болады, себебі олар ақшаға мұқтаж болып, несиені жылдам және аз талаптармен рәсімдеуді қалайды. Сол себепті алаяқтар өздерінің «қызметтерін» ұсына отырып, мынадай сөздерді қолданады: «Несие тарихын тексермей несие мақұлдаймыз, артық сұрақ қоймаймыз» немесе «Қарызыңыз болса да, кепілдендірілген несие береміз»,- деп.

Алайда есте сақтаңыз: кредит берушілер сенімсіз адамға ақша беріп шығынға ұшырап қалмау үшін, әрқашан клиенттің несие тарихын тексереді, себебі олар тәуекелдерді бағалайды. Тексеру жүргізбеу – алаяқтардың сізден ақша алуға мүдделі екенінің айқын белгісі.

«Таңертең ақша, кешке орындықтар»

Кредиттік алаяқтар несие ресімдеу барысында «міндетті сақтандыру төлемін» немесе «алдын ала төлемді» сұрауы мүмкін. Жалған несие берушілер бұл ақшаны несие мақұлданған соң қайтарамыз немесе оны кредитті өтеу кезінде ескереміз деп сендіреді.

Алайда ешбір банк немесе МҚҰ несие беру үшін алдын-ала төлем талап етпейді. Егер керісінше болса – сіз кредиттік алаяқтардың құрбаны болдыңыз деген сөз. Олар алдын-ала төлемді алған соң байланысқа шықпай, сіздің нөміріңізді бұғаттап тастауы мүмкін.

Лицензияның болмауы

Егер сіз білмей, интернеттен «Жылдам несие» деп іздесеңіз, лицензиясы жоқ алаяқтарға тап болуыңыз мүмкін. Олар сізге қандай да бір құжат жіберуі мүмкін – әдетте ол сапасыз сканерленген көшірме болады. Мұндай құжатта мөрлер мен қолтаңбалар болуы ықтимал, бірақ ол жалған екенін ұмытпаңыз.

Қазақстандағы кез келген банк немесе МҚҰ өз қызметін жүзеге асыру үшін лицензияға ие болуы тиіс. Оның бар-жоғын тексеру оңай – Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сайтында лицензиясы бар қаржы ұйымдарының тізімі бар. Егер сіз жүгінген ұйым бұл тізімде жоқ болса, бұл – сізді алаяқтар алдап жатыр деген сөз. Қаншалықты тиімді ұсыныс сияқты көрінсе де, олардың қызметінен бас тартыңыз.

Кредиттік келісімнің түсініксіз шарттары

Көп жағдайда алаяқтар клиентке кредиттік келісіммен танысуға жеткілікті уақыт бермейді, «Бұл – стандартты келісімшарт» деп ақталады. Бірақ бұл шындыққа жанаспайды. Кредиттік келісім стандартты бола алмайды, себебі ол сіздің жеке шарттарыңызды, төлемдер кестесін және жеке құжаттарыңыздағы мәліметтерді ескеруі қажет.

Алаяқтардың келісімді оқуға мүмкіндік бермеуі – алдаудың ең айқын белгісі. Егер лицензиясы бар қаржы ұйымы келісімді жасырса, бұл сіздің қаржылық қызметтер тұтынушысы ретіндегі құқықтарыңызды бұзу болып табылады. Кез келген келісімшартқа қол қоймас бұрын, оны міндетті түрде оқып шығыңыз!

Клиентке қысым көрсету

Қаржы ұйымының менеджері клиентке: «Егер бүгін несие алмасаңыз, ертең мақұлдамаймыз!» деп айтуы қиын. Бірақ алаяқтар дәл осылай жасайды – қысым көрсетеді, қорқытады, пайыздар өседі деп үрейлендіреді және тағы сол сияқты әрекетке барады. Барлығы – клиенттің алаңдаушылығын күшейтіп, ақылға салынған шешім қабылдауына кедергі келтіру үшін жасалады.

Шұғыл жағдай туғызу – алаяқтардың стандартты айла-тәсілі болып табылады. Олар сіздің жеке мәліметтеріңізді немесе алдын-ала төлемді мүмкіндігінше жылдам алуға тырысады. Сондықтан абай болыңыз!

Өзіңізді, ақшаңызды қорғаңыз және қаржылық сауаттылығыңызды арттырыңыз!

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Алаяқтықтың қандай кең тараған түрлері бар?

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қаржылық пирамидаға байланысты жиі қойылатын сұрақтар

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

05.07.2025
3
ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!
Қоғам

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

04.07.2025
3
АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ
Қоғам

АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ

03.07.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

02.07.2025
3
Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды
Қоғам

Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды

01.07.2025
2
ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ
Қоғам

ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ

01.07.2025
2

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
168
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
162

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.