Ойын — опық жегізуі мүмкін — Төрттаған
Вторник, 24 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Ойын — опық жегізуі мүмкін

01.02.2025
Қоғам
0
Ойын — опық жегізуі мүмкін

Барлығы әлеуметтік желідегі қарапайым лайктар мен бөлісулерден басталуы мүмкін. Бұл алаяқтарға берілген белгі — осылайша сіз «еліктіру шұңқырына» тап боласыз.

Атжалманды басу. Жаңа криптотрендтерден қандай қауіп күтуге болады?

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА ӘКЕЛЕР КҮНІНЕ ОРАЙ ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ТӨРАЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

АРЫС: «ВОКЗАЛДА ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ 

2024 жылғы мамырдан бастап әлеуметтік желілерде Hamster Kombat  атты ойын танымал болды, бұл ойынның мағынасы телефонның  экранына шығатын атжалманды басып, ойын ішіндегі валютаны — монеталарды ұту. Монеталарды ұту үшін жаңа пайдаланушыларды тартып, ойын ішіндегі тапсырмаларды орындау қажет.  Бұл жөнінде толығырақ Fingramota.kz порталына сілтеме жасаған 4tagan.kz жазады.

Қазіргі сәтке бұл  ойынды 100 млн пайдаланушы ойнауда. Және олардың барлығы «листингті» күтуде. Ойыншыларға таяуда бұл валютаның криптобиржаға шығатыны және бүгінгі күні сауда-саттықта белсенді қолданылып жатқан Telegram мессенджерінің қолданыстағы монетасы – TON-ға байланыстырылатыны жөнінде уәде етілген.

Ойын (әзірше) қаржылай салымдарды талап етпейді, алайда өз ақшасынан және пайдаланушылардан айырылу тәуекелі бар. Себебі күн сайын шығып отыратын жаңа трендтермен қатар алаяқтар да айлаларын асыруға тырысып бағуда.

Бейтаныс адамдармен сөйлесуге тыйым салынады

Тегін дүниеге құмарларды алдау схемасының бірнеше түрі бар. Оның ең бастысы адамның ашкөздігін пайдаланып, тікелей алдау арқылы оның шоттары мен төлем карталарына қол жеткізу болып табылады.

Ойында белгілі бір деңгейге жеткеннен кейін қаскүнемдер әлеуметтік желілер немесе мессенджерлер арқылы  ойынға қатысушыларға ойын валютасын не аккаунтты тұтастай сатып алу туралы қызықтыратын  ұсыныс жасайды. Олар әжептәуір сыйақы ұсынады, өзін криптосарапшы ретінде көрсетпекші болып,  арнайы терминдерді қолданып, сөзге тартады. Олардың басты мақсаты – пайдаланушының банктік картасының деректерін алу немесе оның интернет-банкингіне қол жеткізу және одан неғұрлым көп ақша шығарып алып, ізсіз жоқ болу.

Екінші тәуекел – бұл жеке деректердің, сондай-ақ ойыншылардың байланыс деректері мен медиа файлдарының заңсыз жария болуы. Сонымен бірге аккаунтты сатып аламын деген сылтауымен алаяқтар пайдаланушының құрылғысына қашықтан қосылуын сұрайды не компьютерден немесе мобильді телефоннан файлдарды жүктеуге сұрату жібереді. Алынған мәліметтер одан әрі алаяқтық схемалар немесе бопсалау үшін пайдаланылуы мүмкін.

Алаяқтар көбіне аккаунтты ұрлауға тырысады. Егер пайдаланушы рұқсат берсе, олар құпиясөздерді өзгертіп, пайдаланушының атынан ақшалай көмек сұрайтын жалған сілтеме жасайды. Ал хат-хабарлар мен бірлескен фотолар алаяқтарға жәбірленушінің жақындары мен достарын шатастыруға әкеп соғады.

Алаяқтықтың тағы бір түрі – ойын валютасын немесе аккаунтты сатып аламын деген сылтаумен фишингтік сілтемелер мен вирус-шифраторлар жіберу. Мұндай сілтемені басқан кезде құрылғы сатып алу талабына сәйкес бұғатталуы мүмкін. Не орнатылған вирус пайдаланушының жеке деректері мен қаржылық деректемелерін жинап, белгілі бір кезеңдерде оларды алаяқтарға жіберіп отырады.

Жүз сомың болғанша…

Ойындағы деңгейіңізді арттыру үшін кейде қосымшаға жаңа ойыншыларды шақыру қажет. Бұл қосымша бонустар береді. Бірақ қосылуға қызығушылық танытатын достар бір кезде аяқталады, бірақ пайдаланушылар санын көбейту талаптары жалғаса береді.

Сондықтан алаяқтар ойыншыларға біреуі үшін 200-500 теңге бағаға «реферал» жинап беру бойынша өз қызметтерін ұсынады. Біріншіден, мұндай «сатып алу» жұмыс істейді – және сатып алушы үлкен партияға келіседі. Бірақ ол ақша аударған кезде сатушы бірден ізін суытады.

Және бұдан да ауыр қылмыстық схема бар: алаяқтар ойыншыларға делдал болуды ұсынады, яғни олардың картасы транзиттік карта ретінде қолданылады. Алаяқтар ақшаны ойыншының картасына аударады, оларға қаражаттың бір бөлігін өздеріне қалдыруды, ал қалған аударымдарды криптовалюталар арқылы жасауды ұсынады.

Егер аңғал ойыншы келіссе, онда ол ақшаны жылыстату және заңдастыру немесе терроризмді қаржыландыру схемасына қатысушы болып шыға келеді. Бұл тіпті қылмыстық қудалауға ұшырау қаупін төндіруі мүмкін.

Өзіңізді қалай қорғауға болады?

Ақшаға қатысты кез келген ұсыныстарға мән беріңіз, сақ болыңыз және маңызды қаржылық шешімдер қабылдауға ешқашан асықпаңыз.

Бейтаныс адамдарға ешқашан жеке деректеріңізді айтпаңыз және жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін жібермеңіз.

Картаңыздың толық мәліметтерін ешкімге бермеңіз немесе оның суреттерін желіде жарияламаңыз. Егер біреу Сізге ақша аударғысы келсе, оларға карта нөмірін немесе телефон нөмірін айту жеткілікті.

Транзакциялар бойынша деректерді жедел алу үшін SMS/Push-хабарландыру сервисін қосыңыз. Егер сіз жасамаған операция туралы хабарлама келсе, растау кодын енгізбеңіз, банкке қоңырау шалыңыз және ақпаратты нақтылаңыз.

Өзіңіздің төлем картаңыз үшін 3D-Secure (VISA) немесе SecureCode (MasterCard) қосыңыз.

Егер сіз онлайн-сатып алу жасағыңыз келсе, сайттың шынымен де интернет-дүкенге тиесілі екендігіне көз жеткізіңіз және мекенжай жолағында сайттың жазылуын мұқият тексеріңіз, ол HTTPS-тен басталуы және қасында жабық құлып белгісі бар болуы тиіс.

Егер сіз күмәнді сайтта карта деректерін енгізсеңіз немесе оларды алаяқтарға қате хабарласаңыз, картаны бұғаттау үшін банкке қоңырау шалыңыз.

Сайттардағы электрондық поштаңыз бен жеке кабинеттеріңіз үшін күрделі құпия сөздерді пайдаланыңыз және оларды ешкімге айтпаңыз. Құпия сөздер әр түрлі, бас әріптермен және кіші әріптермен, цифрлармен және арнайы таңбалармен болуы керек.

Электрондық құрылғыларыңызға күмәнді бағдарламаларды орнатудан аулақ болыңыз.

Интернет-банкинг сервистерін қосатын құрылғыларда лицензиялық антивирустық бағдарламалық қамтылымды пайдаланыңыз.

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

«Интернеттегі — алаяқтық» деп аталатын қылмыстар қарқынды өсуде

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

АЛАЯҚ АЙЛАСЫН АСЫРМАСЫН ДЕСЕК…

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА ӘКЕЛЕР КҮНІНЕ ОРАЙ ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ТӨРАЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА ӘКЕЛЕР КҮНІНЕ ОРАЙ ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ТӨРАЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

13.06.2025
3
АРЫС: «ВОКЗАЛДА ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ 
Қоғам

АРЫС: «ВОКЗАЛДА ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ 

12.06.2025
3
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА — ҚОЛАЙЛЫ МҮМКІНДІК
Қоғам

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА — ҚОЛАЙЛЫ МҮМКІНДІК

11.06.2025
3
Сарыағаш: «Отбасы- қоғамның іргетасы» атты семинар-тренинг өтті
Қоғам

Сарыағаш: «Отбасы- қоғамның іргетасы» атты семинар-тренинг өтті

11.06.2025
3
Түркістан облысында есірткіге қарсы бағытталған кең ауқымды ақпараттық акция өтті
Қоғам

Түркістан облысында есірткіге қарсы бағытталған кең ауқымды ақпараттық акция өтті

11.06.2025
2
“Жастарға арналған қолжетімді баспана” тақырыбында ақпараттық кездесу өтті
Қоғам

“Жастарға арналған қолжетімді баспана” тақырыбында ақпараттық кездесу өтті

11.06.2025
2

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
165
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
160

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.