Алаяқтықтың бір түрі кеңінен таралуда — Төрттаған
Четверг, 10 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Алаяқтықтың бір түрі кеңінен таралуда

13.02.2025
Қоғам
0
Тұрғындардың сенгіштік пен аңғалдығының салдары жапа шектіруі мүмкін

Соңғы уақытта спеарфишинг деп аталатын алаяқтықтың бір түрі кеңінен таралуда. Бұл әдістің ерекшелігі – жеке тұлғаларға да, ұйымдарға да қауіп төндіруі.

Спеарфишинг дегеніміз не және алаяқтардың аңдығаны кімдер екендігі жөнінде толығырақ Fingramota.kz порталына сілтеме жасаған 4tagan.kz жазады.

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

Спеарфишинг (spear phishing, аудармасы – «жасырын фишинг») – бұл нақты адамдар мен компанияларға бағытталған фишингтің түрі. Алаяқтар дербестелген тәсілдерді пайдаланып, құпия ақпараттарға, ақшаға немесе жүйелерге қол жеткізуді көздейді. Жаппай фишингтен айырмашылығы, спеарфишингтің шабуылдары алдын ала жоспарланып, нақты мақсаттарға бағытталады.

Бұл қалай жүзеге асады?

Спеарфишингтің бірнеше мысалын қарастырайық.

Бірінші жағдайда алаяқтар компаниялардың топ-менеджерлері мен бухгалтерлеріне шабуыл жасайды. Олар қаржылық ақпаратқа немесе құжаттарға жоғары деңгейде қол жеткізе алатындықтан таңдалады. Алаяқтар бұл қызметкерлерге бас директордың атынан шұғыл ақша аудару немесе ішкі жүйелерге кіру құқығын беру туралы жалған хат жібереді. Бұл жерде спеарфишинг басқа алаяқтық түрімен – «Fake Boss» әдісімен тығыз байланысты.

Біз бұл туралы осыған дейін жазған едік.

Спеарфишингтің келесі ықтимал құрбандары – мемлекеттік қызметкерлер мен әскери құрылымдар. Мұнда алаяқтар әлдеқайда жоғары деңгейде жұмыс істейді, өйткені олардың мақсаты – тыңшылық немесе іріткі салу үшін құпия ақпараттарға қол жеткізу. Қаскөйлер мемлекеттік мекемелерге жұмыс құжаттарына байланысты деген сылтаумен қосымшасы бар хат жібереді.

Алайда, бұл қосымша зиянды бағдарламаны қамтиды. Бұл санаттағы азаматтар нысанаға алынған себебі – олардың құпия мәліметтері стратегиялық маңызға ие болуы мүмкін.

Спеарфишингтен дара кәсіпкерлер де зардап шегуі мүмкін. Алаяқтарға олардың серіктестері, клиенттері немесе қаржылық ресурстары туралы мәліметтер қажет. Бұл ақпаратты алу үшін алаяқтар оларға «өнім беруші» атынан жалған шотты төлеу туралы хат жібереді. Әдетте, шағын компанияларда киберқауіпсіздік әлсіз болады, сондықтан алаяқтар қажетті деректерді оңай алып, кәсіпкерлерді алдап, ақшалары мен құпия мәліметтерін тартып алады.

Егер сіз әлеуметтік желілердің белсенді пайдаланушысы болсаңыз, спеарфишингтік алаяқтардың назарына түсуіңіз әбден мүмкін. Құпия деректеріңізді алғаннан кейін алаяқтар достарыңыз бен жақындарыңызды алдап, олардың ақшасын тартып алуға тырысады немесе сіздің атыңыздан ірі қарыздар ресімдеуге әрекет етеді. Сондай-ақ, дербес деректеріңізге қол жеткізіп, сізді бопсалауы мүмкін, мысалы, жеке хаттар мен фотоларыңызды пайдаланып, «үндемеу» үшін ақша талап етеді. Тағы бір әдіс – «ұтыс» туралы хабарлама немесе жалған парақша арқылы құпиясөзді қалпына келтіру туралы сұрау салу жіберіледі. Егер сеніп, құпиясөзді өзгертсеңіз, сіз туралы барлық қажетті ақпарат алаяқтардың қолына түседі.

Спеарфишингті қалай тануға болады?

«Әңгімелесушілер» сіздің дербес деректеріңізді – атыңызды, лауазымыңызды немесе жұмысыңыз туралы ақпаратты пайдаланады;
Қаскүнемдер шұғылдық ахуалын жасанды түрде туындатады – мысалы, әлеуметтік желідегі аккаунтыңызды өшіру немесе маңызды жүйеге қолжетімділікті жоғалту қаупімен қорқытады;
Бөгде адамдар ақша аудару немесе құпия ақпарат жіберу туралы ерекше өтініштермен жүгінеді;
Алаяқтар жалған сайттарға сілтемелер жібереді – олардың URL мекенжайында бір қарағанда байқалмайтын ұсақ қателер болуы мүмкін.
Мекенжай әрдайым https-тен басталуы керек екенін есте сақтаңыз.

Спеарфишингтен қалай қорғануға болады?

Киберқауіпсіздік туралы ақпаратты үнемі оқып, тренингтер мен шеберлік сабақтарына қатысып, тиісті әдебиеттерді оқыңыз;

Құрылғыларыңызда екі факторлы аутентификаттауды қосыңыз;

Корпоративтік поштада спам мен фишингтен қорғау сүзгілерін орнатыңыз;

Ақпаратты растау үшін жіберушіге ресми байланыс арқылы қоңырау шалыңыз;

Белгісіз жіберушілердің қосымшаларын ашпаңыз және кім екенін айтса да бейтаныс адамдарға сенбеңіз.

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

“Салауатты жас ұрпақ – қоғам байлығы”

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Антифрод-орталығы ашылды

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

05.07.2025
3
ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!
Қоғам

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

04.07.2025
3
АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ
Қоғам

АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ

03.07.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

02.07.2025
3
Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды
Қоғам

Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды

01.07.2025
2
ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ
Қоғам

ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ

01.07.2025
2

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.