Алаяқтар азаматтарды алдау үшін дипфейкті қалай пайдалануда — Төрттаған
Четверг, 10 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Алаяқтар азаматтарды алдау үшін дипфейкті қалай пайдалануда

09.02.2025
Қоғам
0
Алаяқтар азаматтарды алдау үшін дипфейкті қалай пайдалануда

Бүгінгі таңда жасанды интеллект (ЖИ) көз ілеспейтін қарқынмен дамуда, оның өнімдерінің ішіндегі ең қауіптісі дипфейк — ол жасанды бейнелер, аудио және бейне жазбаларды қолдан жасау арқылы адамдарды жаңылыстырып, алдау дегенді білдіреді. Дипфейктер күннен күнге жетілдіріліп, шынайыдан ажырата алмайтындар дәрежеге жетті, оны алаяқтар азаматтарды алдау үшін әккі пайдалануда.

Оларды жасау жолдары және өзіңізді және жақындарыңызды диджитал-алаяқтықтан қалай қорғауға болатыны жөнінде толығырақ Fingramota.kz порталына сілтеме жасаған 4tagan.kz жазады.

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

«Дипфейк» ұғымы «deep learning» деген сөздерден, яғни «терең зерделеу» және «fake» — «жалған» деген сөзден шыққан. «Дипфейк» — нейрондық желілерге негізделген технология, ол шынайы адамдардың бейнесіне ұқсастырып, жалған бейнелер, аудио және бейнежазбалар жасауға мүмкіндік береді. Заманауи дипфейктердің  шынайы бейнелерге ұқсастығы соншалықты, ол жөнінде хабары адамдар жалғанды түпнұсқадан ажырата алмай жатады.

Дипфейктердің негізгі түрлері

1. Бейне — бейнероликтерде адамдардың жалған бет келбетін жасау, жалған сұхбаттар мен үндеулер жасау.

2. Аудио — адамның дауысын жасау, туыстардан немесе басшылардан жалған қоңыраулар жасау.

3. Кескіндер — жоқ адамдардың фотосуреттен жасау немесе шынайы суреттерді өзгерту.

Алаяқтар дипфейктерді қалай қолданады?

«Анашым, көмектес!» — «туысқандардан» қоңыраулар

Алаяқтар әлеуметтік желілерден немесе телефон қоңырауларынан адамдардың дауыстық жазбаларын жинайды, содан кейін жасанды интеллект көмегімен дипфейк-аудио жасайды. Әрі қарай олар «жәбірленушінің атынан» туыстарына қоңырау шалып, мысалы: «Анашым, мен апатқа ұшырадым, шұғыл ақша керек!» деген сияқты және басқа да қорқынышты дауыстық хабарлар арқылы жедел түрде ақша аударуды сұрайды. Олар көбінесе түнгі уақытта, жәбірленушінің алаңсыз отырған кезінде қоңырау шалады, көп жағдайда адамдар ойланбастан ақшаны аударып жібереді.

Өзіңізді қалай қорғауға болады? Қоңырау сіз білетін нөмірден келсе де, оған бірден сене салмаңыз. Алаяқтар басқа адамдардың дауыстарын ғана емес, телефон нөмірлерін де қолдан жасауды үйреніп алған. Байланысты бірден үзіңіз және жақын адамның нөміріне өзіңіз қоңырау шалыңыз. Сондай-ақ, сіз және сіздің жақын туысыңыз ғана білетін код сөзін қолданыңыз.

«Сіздің бастығыңыз ақша аударсын деп жатыр»

Алаяқтар көбінесе компания басшысының атын жамылып, дипфейк-бейнежазбаны немесе аудионы пайдаланады. Олар қызметкерлерге ақша аударуға немесе конфиденциалды деректерді беруге шұғыл тапсырмалар жібереді. Біз бұл схеманы Fake Boss материалында егжей-тегжейлі сипаттап береміз.

Өзіңізді қалай қорғауға болады?  Ақша аударуды немесе конфиденциалды ақпарат беруді сұраған кезде әрқашан басшының өзімен хабарласып оның шынайы екендігін тексеріңіз. Сондай-ақ, кез келген қаржылық операцияларды бірнеше байланыс арналары арқылы растаңыз. Сонымен қатар, кез келген қаржылық операциялар үшін «қосарлы тексеру» ережесін енгізуді ұсынамыз.

«Мен сені әшкерелеймін!» деп қорқытып, бопсалау

Алаяқтар дипфейк арқылы жалған бейне жазбалар жасайды, онда өзін құрбан ретінде көрсетіп отырған адам бопсалайтын, ойдан туындаған нәрселер айтады. Содан кейін олар оны «жария етпеу» үшін ақша талап етіп, адамды бопсалайды, олардың талабы орындалмаған жағдайда өздері ойдан шығарған айыптайтын ақпаратты жария етеміз немесе осы бейнені желіде жариялаймыз деп қорқытады.

Олардан қалай қорғануға болады? Ешқашан бопсалаушыларға ақша жібермеңіз. Қауіп төнген жағдайда дереу құқық қорғау органдарына және киберқауіпсіздік мамандарына хабарласыңыз.

«Мен құқық қорғау органының өкілімін…» деп полиция қызметкерлері атын жамылған адамның бейне қоңыраулары

Алаяқтар жәбірленуші туралы ақпаратты жинайды (мысалы, әлеуметтік желілер, деректердің жария болуы және т.б.) және құқық қорғау органдарының қызметкеріне ұқсайтын дипфейк бейнесін жасайды. Әрі қарай, олар құқық қорғау органдарының қызметкерімін деп өздерін таныстыра отырып, бейнеқоңырау жасауды бастайды және ықтимал жәбірленушіге оның қылмыстық іске қатысы бар екенін хабарлайды. Алаяқтар жасалған ауыр қылмыс туралы айтады және қылмыстық қудалауды болдырмау үшін айыппұл төлеу арқылы жағдайды «реттеуді» ұсынады. Алаяқтар өз сөздерін растау үшін жалған құжаттарды немесе жалған дәлелдерді қолдана алады.

Қалай қорғану керек? Егер сізге құқық қорғау органдарынан қоңырау шалса еш жағдайда қорықпаңыз. Сізге қандай бап бойынша айыптап тұрғанын, іс-әрекет қашан орын алғанын және қандай полиция бөлімшесіне бару керек екенін сұраңыз.  Сондай-ақ, сізге қоңырау шалған ұйымның: ҚР ІІМ немесе аудандық полиция бөлімшесінің жедел желісіне өз бетіңізбен қоңырау шалуыңыз қажет.

Дипфейкті қалап ажырата білуге болады?

Технологиялардың қарыштап дамыуына қарамастан, дипфейктерді ажырата білу әлі де мүмкін емес. Жасанды мимика мен бет-әлпетінің қимыл-қозғалысына назар аударыңыз – олар жиі резеңке тәріздес болады. Интернеттегі кейбір сервистер сапасы аса жақсы болмаса да, бір суреттің немесе бірнеше секундтық дыбыстық жазбаның көмегімен ғана дипфейк-бейнежазбаны немесе аудионы жасап бере алады. Адамның көзін жұмып-ашуы бір түрлі болуы мүмкін немесе тіпті болмауы мүмкін, сөздері аузының қимылына сәйкес келмеуі мүмкін, аздаған кекештену немесе робот секілді дауыс ырғағы сіздің назарыңызды өзіне аударту қажет. Сізге жасанды болып көрінетін тұстарға сіз күмәнмен қарауыңыз қажет.

Әйгілі адамдар қысқа уақыт ішінде адам сенгісіз қыруар ақша табуды ұсынатын және салынған қаражаттың пайызбен қайтарылуына кепілдік беретін бейнежазбадан аса сақ болу керек. Алаяқтар ғана «таусылмас қазынаны» уәде етеді, ал шын мәнінде өз құрбандарына қиянат жасап кетеді.

Дипфейк-алаяқтықтан қалай қорғанамыз?

Скептик болыңыз: егер біреу дереу ақшаны аударуды немесе күдікті тапсырманы орындауды сұраса – ақпаратты қайта тексеріңіз.

Деректің шығу көздерін тексеріңіз: расталмаған шулы бейнежазбаларға немесе дыбыстық хабарларға сенбеңіз.

Код сөздерін белгілеңіз: жақын адамдарыңызбен адамды тануға көмектесетін құпия сөз ойлап табыңыздар.

Қызметкерлеріңізді оқытыңыз: егер сіз ірі ұйымның бастығы болсаңыз немесе бизнесіңіз болса, дипфейктерден қорғану үрдістерін енгізіңіз, мысалы қаржылық сұрау салуларды екіфакторлы тексеру.

Технологияларды қолданыңыз: дипфейктерді айқындауға көмектесетін бағдарламалар, мысалы Deepware Scanner немесе Microsoft Video Authenticator.

Тағы бір маңызды ереже – өз дербес деректеріңізге сақ болу. Құжаттарыңыз бен банк карталарыңыздың суреттерін мессенджерлер арқылы еш уақытта жібермеңіз. Туыстар мен жақын достардың арасында да деректердің сыртқа кету қаупі болуы мүмкін.

 

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Желідегі бейтаныс адам алаяқ болып шығуы мүмкін!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жалған ақпараттардың түпкі мақсаты қандай?

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

05.07.2025
3
ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!
Қоғам

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

04.07.2025
3
АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ
Қоғам

АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ

03.07.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

02.07.2025
3
Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды
Қоғам

Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды

01.07.2025
2
ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ
Қоғам

ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ

01.07.2025
2

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.