Интернетте жалған брокерлер мен дилерлердің белсенділігі артуда — Төрттаған
Вторник, 8 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Интернетте жалған брокерлер мен дилерлердің белсенділігі артуда

15.02.2025
Қоғам
0
Интернетте жалған брокерлер мен дилерлердің белсенділігі артуда

Соңғы уақытта технологияның дамуымен қатар жалған брокерлер мен жалған дилерлердің белсенділігі де арта түсуде.  Алаяқтар инвестициялық – брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру сылтауымен әдеттегі схема бойынша азаматтардың ақшасын тартады: қолдарында қаржы реттеушісінің тиісті лицензиясы жоқ бола тұра олар өздерін табысты және болашағы зор компаниялардың қызметкерлері ретінде ұсынады.

Инвестициялық алаяқтық — инвесторларға жалған ақпаратпен әсер ету арқылы оларды ақша жоғалтуына әкелетін алаяқтық. Жобада инвестициялық алаяқтықтың кең таралған схемалары мен әдістері, сонымен қатар азаматтарды қорғау мен білім беру үшін ұсыныстар мен әдістер ұсынылады. Сонымен қатар, жоба барысында фишингтік веб-сайттарды тану және осындай алаяқтықтың құрбаны болмау үшін қажетті шаралар қарастырылады. Бұл жоба халықтың қаржылық сауаттылығын арттырып, биржалық алаяқтықтан қорғауға бағытталған.

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

Жалған брокерлердің кеңінен тараған әдістері және оларды шынайы әдістерден қалай ажыратуға болатыны жөнінде толығырақ Fingramota.kz порталына сілтеме жасаған 4tagan.kz жазады.

Биржалық, лицензияланған брокер – бұл реттеушінің лицензиясы бар және сатушы мен сатып алушы арасындағы биржада делдал болып табылатын ҚР заңнамасына сәйкес жұмыс істейтін компания.

Брокерлік компания:

— сізге мәмілелер үшін есеп айырысуға болатын шот ашады;

— кейін оларға активтер сатып алу үшін шотқа ақша аударады;

— биржада бағалы қағаздарды сатып алу немесе сату жөніндегі операцияны жүргізуді қамтамасыз етеді;

— ақша қаражаттарының балансы мен қозғалысы туралы қаржылық есеп береді;

— инвестордың өтінімі бойынша брокерлік шоттан қаражат алады, сондай-ақ салық агенті қызметін атқара отырып салық төлейді.

Бір сөзбен айтқанда, брокер биржада мәмілелер жасасу үшін инфрақұрылымдық мүмкіндіктер береді: қор санаты, валюта және тауар секциялары бойынша, сондай-ақ басынан аяғына дейін  барлық процестерде клиентпен бірге жүреді.

Енді жалған брокерлердің кім екенін және олардың қалай жұмыс істейтінін қарастырайық.

Жалған брокерлер —  бұл алаяқтар, жосықсыз әрекеттің белгілері бар адамдар немесе компаниялар. Олардың ең басты белгісі — бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің лицензиясының болмауы.

Олардың кейбіреулері Қазақстан Республикасының резиденттері емес, тиісінше қазақстандық қаржы реттеушісінің тарапынан олардың қызметіне бақылау және қадағалау жүргізілмейді. Көбінесе олардың кеңселері біздің елде емес, аралдық юрисдикциялардың бірінде орналасқан, осыған байланысты  жалған брокерлерді табу, ұрланған ақшаны қайтару құқық қорғау органдарына қиынға соғады.

Ісін жаңадан бастаған инвесторлар қызу жарнамаға бой алдырып, өз қаражаттарын басқа елдің лицензиясы бар компанияларға сеніп салады.  Алайда,  брокер жалған немесе шынайы лицензия берсе де, олардың Қазақстанда өз қызметтерін көрсетуге құқығы жоқ екенін түсіну маңызды.

Жалған брокерлердің кең таралған әдістерінің бірі – өз қызметтерін агрессивті түрде және ығырын шығаратындай жарнамалау. Брокерлердің алаяқтарынан тіркелмеген нөмірлерден қоңыраулар, электрондық хаттар және бағалы қағаздарға инвестициялауға байланысты жалған құжаттардың сканерлері бар хабарламалар келуі мүмкін. Зиянкестер мүмкіндігінше сенімді клиенттерді агрессивті жарнамамен көбірек тартуға тырысып, азаматтарды тұрақты жоғары кірістілік уәделерімен адастырады. Олардың нысаналы аудиториясы – инвестициялық ғажайып платформалар арқылы тез және оңай ақша тапқысы келетін адамдар. Сенімді болу үшін алаяқтар «Қазақтелеком», «ҚазМұнайГаз», Kaz Minerals  сияқты ірі компаниялардың және басқа да компаниялардың логотиптері мен атауларын пайдаланады.

Көп жағдайда жаңадан бастаған инвесторлар алаяқтардың құрбаны болады. Жалған брокерлер көбінесе жаңадан бастаған инвесторлардың тәжірибесі мен білімінің жетіспеушілігіне баса назар аударады, ал диджиталдандыру  және қашықтан ақша табу мүмкіндігі дәуірінде олар өздерінің шынайы бет-бейнесін  жасырып, клиенттерді алдайды және ұлттық юрисдикцияны бұзған жағдайда қолжетімсіз болып қала береді. Жалған брокерлер әр түрлі психологиялық ықпал ету әдістерін, сенімдерді, сатудың жиі пайдаланылатын түрлерін белсенді түрде қолданады. Олар клиентті  өзіне тартқаннан кейін жоғары пайданың дәлелі ретінде оларға есептер мен графиктерді ұсынады. Алайда мұның бәрі шын мәнінде ештеңемен расталмаған жалған сандар.

Жалған брокерлер шот ашуға арналған қосымшаны орнатуды ұсынады, онда олар инвестициялардан, соның ішінде криптовалютадан түсетін кірістің қалай өсетінін «өтірік көрсетеді». Егер пайдаланушы шоттан ақша алғысы келсе, онда «жалған брокерлер» ақшаны толық алу үшін шотқа қосымша ақша салуды сұрайды. Сонымен қатар, олар ақшаны шұғыл түрде алу үшін «сақтандыру» төлемін немесе «еуропалық ұяшықта» валютаны күнделікті орналастыру үшін төлемді талап етуі мүмкін.

Жалған брокерлердің негізгі белгілері:

— салынған ақшадан қысқа мерзімде өте жоғары пайда алуға туралы уәде беру;

— лицензия туралы қажетті және толық ақпарат беруден бас тарту немесе оның болмауы;

— брокерлік компания сайтының мекенжайын айтудан бас тарту, ол туралы интернетте ақпараттың болмауы немесе компанияның сайтында компания меншік иесі туралы мәліметтердің, заңды мекенжайы мен байланыс деректерінің болмауы;

— «жеке менеджердің» банк картасына қаражат аудару туралы өтініш;

— тәуліктің кез келген уақытында «брокер» менеджерінің жасырын нөмірден немесе түрлі нөмірден қоңырау шалуы;

— дөрекі не кәсіби емес іскерлік қарым-қатынас;

— интернетте, әсіресе әлеуметтік желілерде «Халықтық IPO», «Тиімді инвестициялау», «Инвестицияларға арналған платформа» және басқаларын қолдана отырып, агрессивті және  жалықтыратындай жарнама жасау.

«Жалған брокерді» қалай тексеруге болады?

Ақшаңызды бейтаныс адамдарға немесе компанияларға сенбес бұрын, олардың Қазақстанда жұмыс істеу үшін тиісті лицензиясының бар-жоғын тексеру қажет. Ресми лицензиясы бар брокерлік және дилерлік ұйымдардың тізімін ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сайтында «Тізілімдер мен рұқсаттар» бөлімінен көруге болады. Сонымен бірге санаттары (валюталық, қор) бойынша брокерлердің тізімін Қазақстан қор биржасының сайтында тексеруге болады.

Агенттіктің интернет-ресурсында көрсетілген инвестициялық делдалдың деректемелері лицензияда көрсетілген деректемелермен сәйкес келуі тиіс екенін ескеру маңызды. Сонымен бірге қаржылық есептілікті, биржалардағы белсенділікті, сондай-ақ басқа клиенттердің пікірлерімен де танысу қажет.

Агенттіктің интернет-ресурсында лицензияланбаған қызмет немесе қаржы пирамидасының белгілері бар субъектілердің тізімі орналастырылған. Қазіргі уақытта тізім қызметі қаржылық лицензиялау және реттеу аясына кірмейтін 295 субъектіден тұрады. Бұл тізбе жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен жолданымдары, сондай-ақ құқық қорғау органдарының сұрау салулары негізінде қалыптастырылады. Онымен міндетті түрде танысыңыз!

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Алаяқтар тұрмыста қандай схемаларды қолдануда?

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТӨЛЕБИДЕ ҰСТАЗДАР БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

05.07.2025
3
ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!
Қоғам

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

04.07.2025
3
АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ
Қоғам

АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ

03.07.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

02.07.2025
3
Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды
Қоғам

Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды

01.07.2025
2
ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ
Қоғам

ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ

01.07.2025
2

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.