Интернет-алаяқтарынан қалай сақтанамыз? — Төрттаған
Пятница, 27 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Интернет-алаяқтарынан қалай сақтанамыз?

30.01.2025
Қоғам
0
Интернет-алаяқтарынан қалай сақтанамыз?

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА ӘКЕЛЕР КҮНІНЕ ОРАЙ ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ТӨРАЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

АРЫС: «ВОКЗАЛДА ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ 

Кейбір тұлғалардың қызмет бабын пайдалана отырып немесе оңай жолмен ақша тапқысы келіп алдауы, сенімді теріс пайдалану жолымен бөтеннің мүлкін жымқыру не болмаса мүлде танымайтын бейтаныс адамды жалған уәделермен сендіру арқылы алдау және оған шығын келтіріп, өзгеге зардап шектіру алаяқтық болып табылады. Алаяқтықтың соңы жаза екенін білсе де оны жасаушылар азаймауда. Себебі алаяқтардың біз білетіннен басқа да сан мың түрлі әдісі бар. Аты айтып тұрғандай алаяқ болғандықтан өз мақсатына жету үшін сол жолдың барлығын пайдалануға тырысады. Осы тұрғыда сіздерге интернет алаяқтық және қаржы пирамида қылмыстарының құрбаны болмау мақсатында, алаяқтықтың кең таралған түрлері туралы мағлұмат беріп өтпекпін.
1. Интернет-дүкен алаяғы. Ол үшін алаяқтар онлайн дүкендерді пайдаланады. Себебі бүгінде көпшілігіміз үйде отырып-ақ өзімізге керекті заттарға тапсырыс беруді әдетке айналдырғанбыз. Бұл бір жағынан тиімді болғанымен, екінші жағынан қауіпті. Себебі алаяқтар сіздің сеніміңізді пайдалана отырып, сан соқтырып кетуі бек мүмкін. Олар алдын ала төлем жасауды сұрайды. Ал ақшаңызды алып алғаннан соң зым-зия жоғалады. Сондай-ақ бастапқыда берілген мекен жайды анықтау мүмкін емес болып қалады.
2. Интернет-қайыршылық. Яғни мұнда қайырымдылық ұйымдары, құрылыс жұмыстарына ақша жинау секілді әдістерімен ұйымдастырылады. Компания болып құрылдық деп, жұмыс істеп тұрады. Салымшылардың сеніміне кіріп, ақшаны жымқырғаннан соң жабылып қалады. Кейіннен жаңадан және жаңа атаумен ашылып қайтадан алаяқтық әрекеттерін жүзеге асырады. Оның ғаламтордағы сайтының ақпары 2 беттен аспайды. Бұл жағдайда күмәнмен қараған жөн.
3. Фишинг. Алаяқтықтың бұл түрі құпия деректерді пайдаланушылардың «логин парольдеріне» қол жеткізу арқылы жүзеге асады. Кез-келген адамның аккаунтын бұзу арқылы оның қаражаттарын алып, құпия болған жеке мәліметтеріне қол жеткізеді.
4. Кликджекинг. Көбіне лүпіл жинап беру, жазылушылар санын арттыру секілді уәделерді беріп, ақшаңызды алғаннан соң оларды табу мүмкін болмай қалады.
5. Биржалардағы интернет-алаяқтық. Мұнда акцияларды арзанға сатып алып, қымбатқа өткізу. Сондай-ақ қызықты акцияларды көрсетіп жарнаманы жақсылап жариялайды да, соңында жасанды болып шығады. Кей жағдайларда адамдардан түрлі сылтаулармен қосымша төлем жасау керектігін алға тартып, ақшаларын алады.
6. Интернеттегі күтпеген ұтыс. Тосын сый секілді сіздің қатысуыңызсыз ұтыс ұттыңыз деп хабарлайды. Ұялы телефонға смс хабарлама немесе поштаңызға жүлде ұтысы туралы ақпар келеді. Оны алу үшін ақша аударуыңызды сұрайды.
7. Интернет-казино. Онлайн-казино ұтып алғысы келетін құмар ойынға жақын адамдарды құрыққа түсіреді. Сенімді сайттар сенімді ұтыстың әдістерін ұсынады, бірақ рулеткадағы математикалық схемалардың ешқандай түрлері әрекет етпейді.
8. Интернеттегі қаржы пирамидалары. Табысты ұлғайту үшін ақша салуды басқа да адамдарға таратуды айтады. Осылайша ақшаңызды қалталарына оңай басып отырады.
9. Танысу сайттарындағы және әлеуметтік желілердегі алаяқтық. Неке алдау- бәрі кез-келген сайтта немесе әлеуметтік желіде хабарландыру бойынша әдеттегі танысудан басталады. Адамның сеніміне 2-3 ай ішінде ие болып, өзінің қаржылық мәселелерін шешуге ақша сұрайды. Бірақ ақшаны алғаннан соң жоғалады. Онымен байланысу мүмкін болмай қалады.
10. Валюта айырбастаудағы табыс. Пайдаланушыларға валюта айырбастау үшін электрондық айырбастау пункттерін пайдалана отырып, ақша табу ұсынылады. Алаяқтар түрлі төлем жүйелерінде екі шот ашып, екі айырбастау пунктінің көмегімен валютаны өзгертіп, кері айырбастауды сұрайды. Айырбастау орындарының бірі жалған болып шығады.
11. Интернет-кредиттеу саласындағы алаяқтық. Жеке фирмалар мен жеке тұлғалардан алдын ала төлемнен кейін ғана қызмет көрсететін несие рәсімдеу кезінде несие беруге уәде береді. Ал ақша алғаннан кейін жоғалады. Кейде интернет сайттар сізге өтінім қалдыруды, сауалнама толтыруды ұсынады.
12. Жалған крипто-валюта алаяқтары адамдарды ақша аударуға, арзан бағада крипто валюталарды сатып алуға, сол арқылы көп табыс табуға болады деп сендіреді.
13. Смс арқылы алаяқтық. «Несиеде қарызым бар, нөмірмен қателестім, басқаның ақшасы аударылып кетті, кәртішкем блокқа түсіп қалды, туыстарым қайғылы жағдайға душар болды»,- деген секілді түрлі хаттарды сізге жолдау арқылы ақшаңызды жымқырады.
14. Фрилансдағы интернет-алаяқтық. Яғни сіздің жеке мәліметтеріңізге қол жеткізіп, сіздің атыңыздан түрлі несиелерді рәсімдейді. Жеке мәліметіңізді пайдалана отырып, әрекет етеді. Сонымен қатар, күнделікті және үйден шықпай-ақ табыс табу секілді түрлі сылтаулармен ақша аудартады.
15. Киберсквоттинг – бұл компаниялардың атаулары мен жаңа тауарлардың брендтері арқылы ақша табу тәсілі.
Осылайша сіздерге ғаламтор арқылы жасалатын алаяқтықтың түрлерін жіктеп айтып өттік. Яғни біздің мұндағы мақсатымыз, сіздерді алаяқтардың әдістерінен хабардар еткізе отырып, одан сақтандыру. Дегенмен алаяқтар ақшаны алудың басқа да жолдарын ойластырып, іске асырады. Сондықтан өзіңізді сақтағыңыз келсе, қарапайым ғана қырағылығыңызды дамытып, кез-келген жанға артық сенім білдірмеңіз. Оңай жолмен табыс табамын деп, тұзаққа түсіп қалмаңыз. Алаяқтардан сақ болыңыз!
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТӨЛЕБИ: 6698 ӘСКЕРИ БӨЛІМ САРБАЗДАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Алаяқтардан егде жастағы адамдарды қалай қорғауға болады?

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА ӘКЕЛЕР КҮНІНЕ ОРАЙ ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ТӨРАЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА ӘКЕЛЕР КҮНІНЕ ОРАЙ ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ТӨРАЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

13.06.2025
4
АРЫС: «ВОКЗАЛДА ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ 
Қоғам

АРЫС: «ВОКЗАЛДА ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ 

12.06.2025
3
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА — ҚОЛАЙЛЫ МҮМКІНДІК
Қоғам

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА — ҚОЛАЙЛЫ МҮМКІНДІК

11.06.2025
3
Сарыағаш: «Отбасы- қоғамның іргетасы» атты семинар-тренинг өтті
Қоғам

Сарыағаш: «Отбасы- қоғамның іргетасы» атты семинар-тренинг өтті

11.06.2025
3
Түркістан облысында есірткіге қарсы бағытталған кең ауқымды ақпараттық акция өтті
Қоғам

Түркістан облысында есірткіге қарсы бағытталған кең ауқымды ақпараттық акция өтті

11.06.2025
2
“Жастарға арналған қолжетімді баспана” тақырыбында ақпараттық кездесу өтті
Қоғам

“Жастарға арналған қолжетімді баспана” тақырыбында ақпараттық кездесу өтті

11.06.2025
2

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
165
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
160

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.