ТҮРКІСТАН: ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ — Төрттаған
Суббота, 14 марта, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

13.08.2024
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

READ ALSO

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады

ТҮРКІСТАН: ИНВЕСТОРЛАР ТУРИЗМ САЛАСЫНДА ЖАҢА ЖОБА ҰСЫНДЫ

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» Жолдауында «Еліміздің басты құндылығы – адам. Бұл – айқын нәрсе.  Сондықтан, ұлттық байлықты тең бөлу және баршаға бірдей мүмкіндік беру – реформаның басты мақсаты. Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды.

Денсаулық сақтау саласында біраз реформа жүргізілді. Дегенмен, оның жағдайы әлі де мәз емес. Әрине, жылдар бойы қордаланған түйткілдер бір мезетте шешілмейді. Сондықтан, аса маңызды  мәселелерді ретке келтіруге баса мән берген жөн. Соның бірі – қаржыландыру жүйесі. Осы салаға қаржының жеткілікті бөлінбеуі қалыпты жағдайға айналған. Соның кесірінен, жұрт сақтандыру жүйесіне қосылса да, медициналық қызмет толық көлемде көрсетілмей отыр.

Бүгінде медициналық көмек мемлекет кепілдік берген және сақтандыру пакеті деп екіге бөлінген. Ашығын айтсақ, мұндай жүйенің тиімділігі төмен. Тіпті, сақтандыру моделі тұрақсыз әрі жүйесіз дамуда. Бұл – үлкен олқылық. Ерікті медициналық сақтандыру жүйесін енгізетін уақыт әлдеқашан жетті.

Үкіметке денсаулық сақтау саласын және жалпы әлеуметтік саланы қаржыландыру жүйесін қайта қарауды тапсырамын» деп айтып өткен болатын.

Осы орайда, бүгін Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаевтың төрағалығымен мәжіліс өтті.

Күн тәртібінде денсаулық саласы бойынша бірқатар мәселелер талқыланып, атқарылған жұмыстардың баяндамасы тыңдалды.
Алдымен «МӘМС жүйесі» туралы әлеуметтік сақтандыру қоры КЕАҚ Түркістан облысы бойынша директоры Бақыт Исмаханбетов баяндады.
— Түркістан қаласы тұрғындарының 83%-ы МӘМС жүйесінде сақтандырылған болса, медициналық сақтандырылмаған азаматтар 17%-ды құрап отыр. МӘМС жүйесінде сақтандырылғандар медициналық көмектің кеңейтілген спектріне ие бола алады. МӘМС арқылы азаматтар профилактикалық медициналық тексеруден өтіп, учаскелік дәрігердің нұсқауы бойынша арнайы маманданған дәрігердің қабылдауына кіре алады. Сондай-ақ, созылмалы дертке шалдыққан жандар бейінді мамандардың бақылауында болады. Азаматтар стоматологиялық көмек, диагностикалық қызметтер, оның ішінде лабораториялық диагностика, стационарлық медициналық көмек, медициналық оңалту сияқты медициналық қызметпен қамтылады, — деді Бақыт Торғайбайұлы.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе – «Адам папиллома вирусына (АПВ)» қарсы вакцина бойынша қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Шарифа Имантаева есеп берді.
— Адам папиллома вирусы – дененің әртүрлі бөліктерінің терісі мен шырышты қабығына әсер ететін вирустар тобы. Оның 200-ден астам түрі бар және оның 14 түрінде онкологияның даму қаупі жоғары. Адам папиллома вирусынан вакцина алу арқылы алдын алуға болатын онкологиялық ауру — жатыр мойны обыры. 25 пен 44 жас аралығындағы әйелдер арасында жиі кездеседі. Жыл сайын 1900-ден астам науқас тіркеледі. Емдеу жолы жоқ бұл дерттің алдын-алудың жолы вакцинация екендігін айтты, — деді Шарифа Омарәліқызы.
Сондай-ақ, жиында жауапты сала өкілі екпе салу бойынша атқарылатын жұмыстарды баяндады.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТАЗАЛЫҚ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ САРАЛАНДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: ҚАЛАНЫҢ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Оқи отырыңызМақалалар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады

10.03.2026
11
ТҮРКІСТАН: ИНВЕСТОРЛАР ТУРИЗМ САЛАСЫНДА ЖАҢА ЖОБА ҰСЫНДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ИНВЕСТОРЛАР ТУРИЗМ САЛАСЫНДА ЖАҢА ЖОБА ҰСЫНДЫ

10.03.2026
5
ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА ТӘУЛІГІНЕ 100-150 ТОННА МАЙЛЫ ДАҚЫЛ ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА ТӘУЛІГІНЕ 100-150 ТОННА МАЙЛЫ ДАҚЫЛ ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

10.03.2026
5
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІРҚАТАР ҚАЛАЛАРЫНДА РЕФЕРЕНДУМ КҮНІ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ТЕГІН БОЛАДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІРҚАТАР ҚАЛАЛАРЫНДА РЕФЕРЕНДУМ КҮНІ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ТЕГІН БОЛАДЫ

10.03.2026
4
ТҮРКІСТАН: ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

10.03.2026
4
Жыл басынан бері Отбасының цифрлық картасы арқылы 1,2 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді
Жаңалықтар

Жыл басынан бері Отбасының цифрлық картасы арқылы 1,2 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді

10.03.2026
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
448

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
391
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
329
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
279
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
208

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.