Суицидтің — рухани дерт — Төрттаған
Среда, 9 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Суицидтің — рухани дерт

11.06.2024
Қоғам
0
Әлемді алаңдатып отырған суицид мәселесі

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйы­мының дерегіне сүйенсек, жасөспірім­дер арасындағы суицид саны бойынша Қазақстан әлемде 12-орында тұр. ІІМ-нің мәліметінше, өткен жылы 250-ге жуық жеткіншек өз өзіне қол салмақ болған. 164 баланың өмірін сақтап қалу мүмкін болса, 84-і қыршыннан қиылған …

Біздің қоғам суицидтің рухани дерт екенін баяғыда-ақ мойындаған. Бүгінде өлімге асық­қан боркемік буынның тағдыры мамандарды ғана емес, көпшілікті де алаңдатып отыр. Бұл дерттің себебі көп. Ал барлық се­бептің астарында жасөспірімдердің рухани «мүгедектігімен» қатар, жүректеріндегі тынышсыздығы жатыр. Жан-жақтан ағылған қажетті-қажетсіз ақпараттар, өзгеше бір әлем іздеген жастардың моралдық-психо­логиялық тұрғыдан қолдау таппауы – осының бар­лығы құрдымға қарай итермелейді. Мәселен, психолог Светлана Богатырева: «Жа­стар мен жасөспірімдердің өз өзіне қол жұмсау себептері туралы сөйлескенде көп адам отбасының әлеуметтік жағдайын талдауға тырысады, бақытсыз махаббат, ата-аналармен қақтығыс туралы айтады. Бірақ бұл суицидтің басты себептері емес, олар тек іске қосу механизмдері. Ең басты себептің бірі – баланың психикалық денсаулығы», деп жазады egemen.kz-ке сілтеме жасаған 4tagan.kz ақпараттық агенттігі.

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

Жастықтың ең шуақты, алаңсыз әрі қызық пен қуанышқа толы шағында неге жеткін­шек өмір сүруге емес, ажалға асығады? Өмірдің мә­нін, жарық дүниенің қадірін жете түсін­бей жатып, жабығу мен жалғызсыраудың қамы­тын киюінің себебі неде? Жыл сайын осы тектес сұрақтар түрлі жиындарда тал­­қы­ланып жатады. Жастар арасындағы суи­цид­тің алын алу бойынша жасалып жат­қан іс-шаралар да, әзірленген жобалар мен қабылданған бағдарламалар да жетіп артылады. Бірақ күйзелістен арыла алмай, ақыр соңы қыршыннан қиылып жатқан жеткіншектер саны азаяр емес. Неге?

Дін өкілдері суицидті «Алладан алыс­таған адамдардың ауруы» дейді. Себебі, олар жаратушының қорғауында болмаған адамға азғырушы шайтан ойындағысын орындатады деп санайды. Ал психологтер жақындарынан жылылық сезініп, қолдау таппаған жеткіншек қана өмірлік қиындыққа төтеп бере алмай, морт сынатынын айтады. Өйткені кез кел­ген психикалық күйзелістің салдары трав­матикалық болуы, ал оның арты қайғылы жағ­дайға әкеп соғуы мүмкін. Сол себепті де мамандар ең алдымен жа­қын адамдар бір-бірінің жан дүниесіне үңіліп, қайғысы мен қуанышын бөлісіп оты­руы қажет дегенді жиі тілге тиек етеді. Сон­да ғана жастар арасындағы жабығу мен жалғызсыраудың алдын алар едік деген тұжырым жасайды.

Өткен жылдан бері ел көлемінде «Жастар арасында суицидтің алдын алу жөніндегі шара­лар кешенін әзірлеу және іске асыру» рес­пуб­ликалық жобасы іске асырылып келеді. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша Қазақ­станның тең құқық пен тең мүмкіндік институты және Азаматтық бастамаларды қол­дау орталығының ұйытқы болуымен қолға алынған ауқымды жобаның көздегені – суицид туралы ең алдымен ата-аналардың ойлары мен көзқарасын өзгерту. Неге жас­тардың өзі емес? Неліктен ата-ана? Кәсіби психологтер бұл сұраққа жауап беру кезін­де мынандай деректерді алға тартады. Еліміз­де жастар арасында тіркелетін әрбір үшінші суи­­цидке жеткіншек пен ата-ана арасындағы ұрыс-керіс пен дау-дамай түрткі болады екен. Сондай-ақ жалғыздық сезімі – 12, дос­тар­мен қарым-қатынастың үзілуі – 10, оқу орнын­дағы қақтығыстар, қолайсыз қаржы­лық жағдай 3 пайызды құраған.

Жоба шеңберінде 14 облыс пен респуб­ликалық маңызы бар 3 қалада 200-ден астам маманның қатысуымен мыңнан астам ата-ана мен қамқоршыға тренингтер өткізіліп, «Қиын қадамға барған жасөспірімдерге қа­лай көмектесуге болады? Суицидтік мінез-құлық­тың себептері мен белгілері қандай? Күн­делікті өмірде суицид туралы жиі бетпе-бет ке­летін ақпараттардың ақ-қарасын қалай ажы­ратуға болады?» деген сұрақтар бойынша әңгі­мелесулер ұйымдастырылған. Еліміздің әр өңі­рінде өткізілген осындай іс-шаралардан кейін кәсіби мамандар курс тыңдаушылары үшін суицидтің өте ауыр тақырып болғанын мойындап отыр.

Осындай тренингтердің бірінде өз өзіне қол жұмсамақ болған жеткіншектің анасы психологтен «Баламның бойында бұл дерт енді мәңгі қала ма?» деп сұрап­ты. С.Богатырева қоғамда суицидке қатыс­ты кең таралған миф­тің бірі осы дейді. Пси­хологтің айтуынша, суи­цид жасауға тырысу – бұл көмекке ша­қыру деген сөз. Демек, ең бірінші ата-ана ұл-қызының жан дүниесін түсінуге барынша тырысуы қажет. Өйткені ынтымағы жарасқан, бір-біріне деген жылылығы мен мейірімі ортай­маған отбасында дүниеге келіп, ата-ана махаббатына малынып өскен жас ажалға емес, алға қарай ұмтылары анық. Өмір көрмей жатып ажалға асыққан ­жастар ең алдымен жақынының жылылығы­на, жүрегінің иманына зәру себебі.

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Қаржы пирамидаларының қысқаша тарихы 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Түркістан қаласы тұрғындарын қабылдау нәтижесі сараланды

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

05.07.2025
3
ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!
Қоғам

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

04.07.2025
3
АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ
Қоғам

АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ

03.07.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

02.07.2025
3
Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды
Қоғам

Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды

01.07.2025
2
ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ
Қоғам

ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ

01.07.2025
2

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.