Алаяқтыққа қарсы тән іс-қимылдар — Төрттаған
Четверг, 10 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Алаяқтыққа қарсы тән іс-қимылдар

17.06.2024
Қоғам
0
Қаржы пирамидасының шығу тарихын білесіз бе?

Қаржы пирамидасы — алаяқтар тарапынан көп орын алатын ауқымды жоба әрі жүйенің бірі. Оңай олжаға тез сенген азаматтар мұндай авантюраларға қатысу үшін, соқыр тәуекелге барып, барлық жиған-тергендерін, дүние-мүліктерін салады. Адамдарға кең ауқымда жүргізілген жарнамалық акциялар арқылы, сонымен қатар осы мекемелердің құрамына кірген адамдардың үгіттеулері түрінде қысымдар көрсетіледі. Және де бұл қаржылық пирамидалардыңнакты белгісі. Өйткені, оның негізгімақсаты-салымшыларды барынша көбірек тарту болып табылады.

Қызметтің заңдылығына сендіру мақсатында азаматтармен келісім-шарттар жасалады, ал нақты алғанда азаматтардың ешбір қандай құжатқа қол қойып жатқанын білмейді.

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

Кері байланыс: азаматтардың жиі қоятын сұрақтарына жауаптар.

Fingramota.kz сіздердің назарларыңызға Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің кері байланыс арналары – Fingramota Online мобильдік қосымшасы және 1459 нөмірі бойынша call-орталық арқылы келіп түскен азаматтардың өзекті сұрақтарына жауаптар ұсынады, деп жазады online.fingramota.kz-ке сілтеме жасаған 4tagan.kz ақпараттық агенттігі.

Fingramota Online мобильдік қосымшасы Агенттікте халықтың қаржы реттеушісімен жедел өзара іс-қимыл жасауы және кері байланысты нығайту мақсатында жұмыс істейді. Онда реттеушіге қаржы өнімдері мен көрсетілетін қызметтер, қаржы ұйымдарымен, МҚҰ, коллекторлық агенттіктермен өзара іс-қимыл, алаяқтық жағдайлары туралы сауалдар қоюға болатын 14 тақырыптық бөлім ұсынылған. Қосымша жұмыс істеген сәттен бастап Fingramota Online арқылы пайдаланушылардың 10 мыңнан астам сұрақтары қабылданды және өңделді.

Қаржы реттеушісінің қызметі туралы ақпараттың қолжетімділігі мен толықтығын арттыру үшін Агенттікте call-орталық жұмыс істейді, ол арқылы бүгінде азаматтардан 56 мыңнан астам қоңырау келіп түсті. Call-орталықтың жұмыс уақыты: жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00 – ден 14.30-ға дейін.

Сұрақ: Таныстар посылка  немесе қандай да бір жүлде тапсырмақшы болып келетін жалған курьерлермен байланысты алаяқтық жағдайлардың жиілеп кеткені жөнінде шағымдануда. Олар SMS-кодты хабарлауды сұрайды, қорапты тапсырады, содан кейін шоттардан ақша алынады. Мұндай жағдайларда не істеу керек? Алаяқтарды қалай тануға болады?

Жауап: Алаяқтық схемалар технологиялық прогреспен бірге дамуда.  Алаяқтар бір адамды таңдап алып, оның құпия деректерін қолға түсірудің  түрлі тәсілдерін ойластырады. Егер оларға SMS-пен келетін код қажет болса, онда олардың қолында сіз және сіздің банктік шоттарыңыз жөнінде жеткілікті  ақпарат бар деген сөз.

Банктік операцияны растау үшін кодты білгеннен кейін, қылмыскерлер сіздің шоттарыңыздан ақшаны оп-оңай аудара алады, сіздің атыңызға жалған кредит аша алады. Сондықтан сақ болу қажет, бұрын қатыспаған кездейсоқ ұтыс ойындарына сенбеу керек, сізге маркетплейстер арқылы сатып алынған өнімді тапсыру үшін шынымен курьердің келгенін тексеріңіз. Сонымен қатар, курьерлерге арналған код көбінесе SMS арқылы емес, банктің немесе онлайн-дүкеннің мобильдік қосымшасында келеді.

Жалпы алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша мынадай жалпы ұсынымдар беріледі:

— Бірінші ереже қарапайым болып көрінуі мүмкін, бірақ бұл ең маңыздысы – сізге не уәде етсе де, жеке деректер мен ақшаны басқа адамдарға бермеңіз;

— Әдетте балаларға дауыс беру, ұтыс ойындары, викториналар және т.б. түріндегі күмәнді сілтемелерді ашпаңыз. Ол жерге ешқашан жеке деректеріңізді енгізбеңіз;

— WhatsApp-аккаунтыңызға байланыстырылған құрылғыларды тексеруді әдетке айналдырыңыз. Егер сіз бейтаныс құрылғыны көрсеңіз, оны дереу өшіріңіз. Ол үшін келесі алгоритмді орындау керек: WhatsApp теңшеуінде «Байланысты құрылғыларды» басыңыз. Сізге тиесілі емес байланыстырылған құрылғыны көргеннен кейін оны белгілеп, «Шығу» түймесін басыңыз;

— Әрқашан қарызға ақша сұрайтын таныстарыңыздың ақпаратын қайта-қайта тексеріңіз. Олардың нөмірін теру арқылы оларға қоңырау шалыңыз. Сондай-ақ түрлі жөнелтілімдер туралы ақпаратты да қайта-қайта тексеріңіз, жіберушілердің ресми нөмірлеріне хабарласыңыз;

— Қандай да бір құжатты рәсімдеуге шешім қабылдағаннан кейін мемлекеттік органдардың ресми аккаунттарынан оны алу тетігін мұқият зерделеңіз, сонда ғана алаяқтар сізді жаңылыстыра алмайды;

— Әлеуметтік желілерде баланы емдеуге ақша жинау туралы хабарды көріп, ілеспе құжаттарын мұқият оқып шығыңыз. Егер нақты қор көрсетілсе, оның сайтына кіріп, баланың олардың базасында бар-жоғын тексеріңіз. Сондай-ақ балалардың фотосуреттерін іздеу жүйелері арқылы тексеріңіз – алаяқтар суретті ұрлап салуы да мүмкін. Жеке нөміріңізден қайырымдылыққа ақша жібермеуге тырысыңыз – деректемелерді сұраңыз және оларды тексеріңіз. Баланың ата-анасы немесе жануарларға арналған панажай иелері тезірек қаражат жинау үшін өз нөмірлерін тіркеу алады, бірақ соған қарамастан ақпаратты мұқият тексеріңіз;

— Алаяқтық туралы жаңалықтарға мән беріңіз: неғұрлым көп білсеңіз, алаяқтардың арбауына түсу қаупі соғұрлым аз болады. Fingramota.kz сайтын жиі оқып тұрыңыз, мұнда «Абайлаңыз, алаяқтар» бөлімінде барлық қазіргі алаяқтық схемалар егжей-тегжейлі сипатталған.

Мұқият болыңыз!

Сұрақ: Сіздің алдыңызда қаржы пирамидасы не ақшаңызды көбейтуге көмектесетін нақты компания екенін қалай бірден түсінуге болады? Кеңес беріңіздерші.

Жауап: Заманауи қаржы пирамидалары (инвестициялық пирамидалар) пирамиданың  жаңа мүшелерінен  тартылған ақша арқылы қатысушылардың кіріс алулары үшін жалғыз әдісті қолданады. Қаржы пирамидасының шынайы қаржы жобасынан  түбегейлі айырмашылығы – кіріс алу үшін осындай қағидатты қолдануы. Пирамиданың бастапқы қатысушыларына дивидендтер кейіннен келгендердің салымдары есебінен төленеді. Әдетте, барынша сенімді болып көріну үшін пирамидалар жалған құжаттарды, күмәнді цифрлық ақпаратты, диаграммалар мен схемаларды қолданады, сондай-ақ жарнама ретінде құрған схемаларына алдап  тартылған немесе «байлыққа кенелуге» уәде берілген  қоғамның белгілі тұлғаларын тартылады.

Бүгінгі таңда алаяқтар мен қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылар білікті, IT-технологиялар бойынша мамандық иелері. Олар адамдардың эмоцияларын басқара алатын жақсы психологтар мен спикерлер. Қазіргі уақытта қаржы пирамидаларын құруда әлеуметтік желілер мен мессенджерлер маңызды рөл атқарады.

Алайда, бұл компаниялардың қызметін желілік маркетингпен шатастырмаңыз. Желілік маркетингте де оған тартылған адамдар үшін белгілі бір пайыздар төленеді, бірақ оның негізінде өнімдер тұрады, өнімді сатқаны үшін  дистрибьюторлік желінің қатысушылары нақты табыс табады, ал қаржы пирамидасының негізінде салымшылардың ақшасы тұр.

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Қаржы пирамидаларының қандай белгілері бар?

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Дәніккеннен құныққан жаман»

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

05.07.2025
3
ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!
Қоғам

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

04.07.2025
3
АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ
Қоғам

АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ

03.07.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

02.07.2025
3
Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды
Қоғам

Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды

01.07.2025
2
ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ
Қоғам

ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ

01.07.2025
2

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.