Суицид – қоғамдағы үлкен әрі маңызды мәселе — Төрттаған
Пятница, 1 августа, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Суицид – қоғамдағы үлкен әрі маңызды мәселе

29.07.2024
Қоғам
0
Суицид әдісіне байланысты әр түрлі болады

Суицид – бүгінгі қоғамның үлкен әрі маңызды әлеуметтік мәселесі. Мен бұл құбылысты ұзақ уақыттан бері бақылап келемін. Өйткені жас жігіттің әскери бөлімде өз-өзіне қол жұмсағаны туралы оқыдым. Өкінішке орай, мұндай әрекет өте кең таралуда.

Суицид (лат; suicaedere – өзін өлтіру) – адамның өзіне-өзінің қиянат жасап, өз өмірін қиюы. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының жұртшылыққа жариялап отырған жан түршігерлік мәліметтерінен Қазақстанда жасөспірімдер арасындағы суицид оқиғаларының көбінесе түскендігін, өзіне-өзі қол салуға көбінесе олардың заң бұзуы, қылмыстық жауапкершілігі алдында үрейленуі, шыдамсыздығы, төзімсіздігі, қорқақтығы, сабақ үлгерімінің төмендігі, қызығушылық деңгейінің нашарлығы, көңіл күйінің болмауы, тез ашулануы және тәбетінің төмендігі себеп болып отырғаны баршамызға аян. Ендеше адам тағдырына келгенде жауапкершілікті тек ұстаздар мен дәрігерлерге, мектеп психологтары, әлеуметтік педагогтарына жүктеп қоймай, жұмыла мойнымызға алуымыз керек.
Америкалық психолог Едвин Шнейдмен суицидтің назар аударатын басты себептерінің бірі деп адам төзгісіз жан ауруын көрсетеді. Шынында да суицид тәннің емес, жанның ауруы. Психологтар суицид жасайтындардың көпшілігі «Барлық күрделі мәселелерді шешетін тек қана ажал» деген пікірді ұсынатынын дәлелдеген. Ал өзіне-өзі қол жұмсауға ешбір күрделі проблемасы жоқ жандар да баратын көрінеді. Мұндай жағдай көбіне психологиялық тұрғыдан әлсіз адамдарда болады. Олар өмірде кездескен болмашы қиындыққа бола өлімге жүгінеді екен.

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

Кез келген адам суицидке бой алдыруы әбден мүмкін. Тіпті ондай жандар айналаңызда да көптеп кездеседі. Егер сіз сол адамдардың қандай да бір оғаш іс-қылығын байқасаңыз, онымен әңгімелесуге, қолдау көрсетуге асығыңыз. Сол арқылы сіз оны өз-өзіне қол жұмсаудан арашалай аласыз. Өкінішке орай, күйбең тірліктің қамымен жанымызға жақын адамдарға мән бере қоймаймыз. Соның салдарынан орны толмас қайғыға ұрынамыз.
Жалпы ресми статистика бойынша, суицид жасауға оқталғандардың 85 пайызы 14-54 жас аралығындағы ер азаматтар екен. Ал оның басты себебі – көп жағдайда құмар ойындарға құнығу, бәс тігу, жақындарын жоғалту, баянсыз махаббат, отбасындағы кикілжіңдер, жұмыстағы басшысының қысымы екен. Кейбір адамдар томаға-тұйық мінезінің кесірінен мұндай жайттарды ашып айта бермейді. Сондықтан жаныңыздағы жандардың мінез-құлқынан теріс қылық, депрессия белгілері байқалса, бірден назар аударғаныңыз жөн. Олардың жанайқайына құлақ түріп, мәселесіне ден қойған абзал.
Бұл өмірде кез келген адам қиындықпен бетпе-бет келеді. Бірақ кейбіреуі суицидті сол қиындықтан құтылудың жалғыз жолы деп санайды. Бірақ әрбір адам екінші мүмкіндікке және бақытқа лайық. Сондықтан өзіңіз де тығырыққа тірелсеңіз, өзгелерден көмек сұраңыз.
Бақытсыз балалық шақ та адамның психологиясына әсер етіп, өз-өзіне қол жұмсауға итермелейді. Мәселен, отбасында зорлық-зомбылыққа куә болып өскен бала ержеткен соң психологиялық ауытқуға ұшырайды. Тіпті агрессивті мінез-құлық танытып, өзгелерге үстемдік етуі де бек мүмкін. Ал мұндай іс-әрекет өзін болмаса да өзгелерді суицидке душар етеді. Сол себепті бала тәрбиесінде осы жағына баса мән берген дұрыс. Сүйіспеншілік пен мейірімге қанып өскен жасөспірімнің бұл дертке шалдығу ықтималдылығы өте төмен.

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Дербес деректерді қорғау

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Түркістан: Мәжілісте қала тазалығы да басты назарда болды

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

05.07.2025
3
ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!
Қоғам

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

04.07.2025
3
АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ
Қоғам

АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ

03.07.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

02.07.2025
3
Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды
Қоғам

Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды

01.07.2025
2
ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ
Қоғам

ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ

01.07.2025
2

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
169
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
162

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.