Дербес деректерді қорғау — Төрттаған
Четверг, 31 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Дербес деректерді қорғау

28.07.2024
Қоғам
0
Зиянкес-алаяқтар кез-келген нәрсеге бейімделеді

Былтыр ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитетіне Қазақстан Республикасының дербес деректерді қорғау саласындағы заңнамасын жүзеге асыруды мемлекеттік тұрғыдан бақылау функциясы берілді.

Жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін қағаз тасымалдағышта жинауға, өңдеуге тыйым салынды – мысалы, қонақ үйлерде, банктерде бұл үшін айыппұл қарастырылған.

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

Сондай-ақ азаматтарды дербес деректердің жариялану фактілері туралы хабардар ету рәсімі қабылданды. Наурызда ведомство бұл мүмкіндікті алғаш рет 1,2 миллионнан астам адам деректерінің жария болғаны туралы хабарлама алған кезде пайдаланды. Банктерден қарыз алудан ерікті түрде бас тарту мүмкіндігі белгіленді.

«Осы алаңды пайдалана отырып, азаматтарды осы функцияны электрондық үкімет порталы, eGov мобильді қосымшасы арқылы белсенді пайдалануға шақырамын. Мен оны өзім қолданамын. Ол кез келген азаматқа қатысты болуы мүмкін алаяқтық әрекеттерге тосқауыл қоюға мүмкіндік береді. Егер қандай да бір алаяқ сіздің дербес деректеріңізге қол жеткізіп, кредит ресімдеуге тырысса, бұл функция оған жол бермейді», — деді ОКҚ брифингінде ҚР ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов.

Дербес деректерге қол жеткізуді бақылаудың мемлекеттік сервисі енгізілді. 157 ақпараттық жүйе біріктірілген. Ал шарықтау шегінде келісім алу үшін 1 млн сұрау өңделеді.

Интернет технологиясы дамыған заманда сымсыз желіден сыр жасыру мүмкін емес. Өмір сүріп отырған ортамыз цифрлық технологияға тәуелді болған тұста адамдардың қолы интернетке берік байланды. Бұл тәуелділік жыл өткен сайын артып келеді. Қарап отырсақ, кез келген сала интернеттің көмегінсіз алға жылжымайтын болды. Тұрмыстық өмірдегі таптырмас құралға айналған байланыс құралы алаяқтардың да пайда табатын көзіне айналғалы қашан. Содан бері халықтың өмірін жақсарту үшін атқарылған игілікті істен өз «үлесін» алуға асығатындар да айласын асырып, сабақты инені сәтімен жұмсап қалуға тырысатынын тоқтаусыз айтылып келеді. Алайда онлайн өмірден опық жегендердің статистикасы көбеймесе, кеміген жоқ. Себебі неде?

Осы күні жақындарымыздың жарқын сәттері туралы естеліктерді өз ауызынан емес, желіден естиміз. Айлап емес, жылдар бойы сөйлеспеген танысыңның күнделікті өмірін әлеуметтік желідегі жазбаларынан-ақ білуге еш кедергі жоқ. Жаңалығы былай тұрсын, желіде жеке деректерін көрсетіп жіберетіндер бар. Ал әлеуметтік желінің күнделікті ақпаратын сүзгіден өткізіп отыратын алаяқтарға бұл – мол азық. Өйткені адамдардың аңғалдығын әртүрлі сипатта толыққанды зерттейтіндер кәнігі психолог тәрізді. Желідегі жарияланымы арқылы жемтік іздейтіндер көбінесе «ауырдың асты, жеңілдің үстімен» ақшалы болғысы келетіндердің әлсіз тұсын алдын ала біледі. Нарықтың заманында экономистер әрбір тиынның салмағы барын, ал құзырлы орындар жіпсіз байлайтын желідегі қауіп-қатерді қаперге ұстау қажеттігін айтып жатады. Олай болса, әлеуметтік желіде әліптің артын бақпайтындардың артында аңғалдық, әлде пайдакүнемдік жатыр ма?

Тәсілі түрленген алаяқтар

ІІМ Киберқылмысқа қарсы күрес орталығы басшысының орынбасары Рүс­тем Дүйсетаев «Киберқылмыс, оның ішінде интернет пайдаланушыларға қа­тысты алаяқтық жағдайлары жиілеп кет­ті», деп отыр. Биыл азаматтарды интернет арқылы алдауға байланысты 15,5 мың қылмыс тіркелсе, алаяқтардың әреке­тінен жәбірленушілерге 13 млрд теңге залал келтірілді. Оның айтуынша, мұн­дай қылмыстардың көпшілігі шетелде жасалады. Оның ішінде қазір алаяқтық схемаларға тарту тәсілдері түрленіп жа­тыр. Мәселен, мессенджерлер мен әлеу­меттік желілерде жеңіл табыс туралы хабар­ландырулар жиі орналастырылатын болған. Содан соң телегей теңіздің толқыны секілді тасып келетін табысты алу үшін карта нөмірін сұрайды. Көмек қолын созуға «әзір» алаяқтар сенімге көз­сіз сенетіндерді бұдан кейін өз атына карта мен абоненттік нөмір ашуға үгіт­тейді. Үміттері ақталып жатса, осындай әре­кет­терге басқа адамдарды тартуды ұсы­нып, өзгелердің де өзі секілді тірнек­теп еңбек етпей-ақ саусақтың ұшын жы­быр­латып табыстың кілтін иемденуге шақырады. «Кейбір жағдайларда телефонға банкинг орнатуды немесе карталарды бас­қа адамдарға беруді сұрайды. Көрсетіл­ген карталар мен абоненттік нөмірлерді алаяқтар ақша алу үшін пайдаланады. Мұндай кезде карта үшін біржолғы төлем жүргізіледі, не оған криптовалюта биржалары, халықаралық аударым жүйелері арқылы басқа адамдарға аудару қажет ақша түседі. Мұндай қызметтер үшін жалпы сомадан белгілі бір пайыздарды, әдетте 3-тен 10%-ға дейін қалдыру ұсынылады. Осылайша, адамдар заңсыз өндірілген ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырудың алаяқтық схемаларына тартылып, өздері қылмысқа қатысады», дейді Р.Дүйсетаев.

Құқық қорғау органдары қазір осындай тізбектерді анықтап, жеңіл пайда алу мақсатында алаяқтарға өз шоттарына ақ­ша шығаруға көмектескен отандық азаматтардың да қолына кісен салуға кіріскен. Сондықтан күмәнді схемаларға қатысқандар жәбірленуші ғана емес, қылмысқа қатысушы ретінде де заңға сәйкес жазаланады.

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ҚАЗАҚСТАН ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ КҮНІНДЕ АЛТЫН ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Суицид – қоғамдағы үлкен әрі маңызды мәселе

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

05.07.2025
3
ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!
Қоғам

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

04.07.2025
3
АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ
Қоғам

АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ

03.07.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

02.07.2025
3
Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды
Қоғам

Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды

01.07.2025
2
ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ
Қоғам

ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ

01.07.2025
2

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
168
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
162

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.