Қазіргі таңда алаяқтардың түрі күннен-күнге көбеюде. Осы орайда, Түркістан облысы тұрғындарын интернет-алаяқтардан сақтанудың бірнеше тәсілдерін ұсынып отырмыз.
Елімізде алаяқтықтардың құрбаны болған адамдар көп. Олардың басты себебі, азаматтардың циярлық сауаттылығының өте төмен болуында. Негізінен, алаяқтардың құрбаны — үлкен жастағы қариялар мен сауаты төмен адамдар.
Ал, осындай интернет алаяқтықтардан қалай сақтанамыз?
Бұл туралы маман төмендегідей кеңестерді ұсынады:
— Алдымен ақшаны қауіпсіз шоттарға аудару немесе несиені рәсімдеу туралы өздерін банк немесе құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырған адамдардың телефон арқылы нұсқаулықтарына құлақ түрмеу қажет. Құқық қорғау органдары арнайы операцияларды телефон арқылы жүргізбейтінін есте сақтаңыздар!
— өздерін банк, полиция қызметкерлері ретінде таныстырған адамдарға дербес деректерді, пластикалық карталардың деректемелерін, аударымдар туралы түбіртектерді, әсіресе кодтар мен құпия сөздерді хабарламаңыз;
— белгісіз және тексерілмеген сайттарға және басқа желі көздері арқылы жеке деректерді бермеңіз. Тексерусіз алдын ала төлем жүргізбеңіз. Тауарды алғаннан кейін ғана төлем туралы келісуге тырысыңыз;
— күмәнді шарттар бойынша аударымдарды жүзеге асырмаңыз, айқын табыс көзінсіз қаржы схемаларынан сақ болуға тиіссіз;
— қосымшаларды орнату үшін тек ресми Aп стор (App store), Плэй маркет (Play market) көздерін пайдаланыңыз;
— Белгісіз адамдардан келіп түскен сілтеме бойынша өтпеуге тиіс. Көбінесе алаяқтар төлем жасау үшін фишингтік болып табылатын сілтеме бойынша өтуді ұсынады;
— банкинг қызметіне қол жеткізу құпия сөздерін жиі өзгертіп отырыңыз, 3D-қорғауды және банктер ұсынатын басқа қауіпсіздік шараларын қолданыңыз;
— өз шоттарыңыздағы ақша қозғалысын жиі тексеріп тұру қажет.
Сондай-ақ, осындай алаяқтар хабарласқан жағдайда ресми өкілдіктерден сұрау жүргізіп, хабарласқан нөмірдің қызметкерлер базасында тіркелгені туралы ақпарат алуға болады.
Интернет алаяқтықпен айналысқан адам Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлігінің 4-тармағына сәйкес 4 жылға дейін, ал қылмыстық топ құрамы 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.
Белгісіз нөмірден қоңырау соғу және жақын адам үшін төлем талап ету — алаяқтықтың жаңа әдісі емес. Дегенмен, жасанды интеллекттің дамуына және дауысты көшіру мүмкіндігінің пайда болуына байланысты бұл схема танымал бола бастады, ал алаяқтар тіпті жақын жанұя мүшелерінің жалған ұрланғанына сендіре алады. ESET мамандары алаяқтарды анықтау үшін виртуалды ұрлықпен бірге жүретін әдеттегі алаяқтықтың негізгі кезеңдерінің тізімін, сондай-ақ оны алдын алу бойынша кеңестерді дайындады.
Виртуалды ұрлау: қалайша алаяқтар құрбандарын сендіреді?
Біріншіден, алаяқтар қоңырау шала алатын потенциалды құрбандарды зерттеп, алдау арқылы олардан ақша алуға тырысады. Сонымен қатар, зиянкестер ұрлау үшін адам іздейді, атап айтқанда, жәбірленушінің баласы немесе басқа жақын адамы. Ол үшін алаяқтар әлеуметтік желілерді немесе басқа да жалпыға қолжетімді ақпаратты пайдаланады. Алаяқтар өздері көздеген жәбірленушіге мүмкіндігінше қорқынышты етіп ойдан шығарылған сценарий жасайды. Жәбірленуші неғұрлым үрей үстінде болса, соғұрлым оның дұрыс шешім қабылдау ықтималдығы аз болады, ал бұл шабуылдаушылар үшін ең қолайлы жағдай.
Содан кейін алаяқтар жәбірленушінің жақын адамының алыста, мысалы, демалыста екеніне көз жеткізу үшін қоңырау шалудың ең жақсы уақытын анықтап, қосымша зерттеулер жүргізе алады. Ол үшін алаяқтар Интернеттегі қолжетімді ақпаратты пайдаланады.
Содан кейін алаяқтар аудиодипфейктер жасап, қоңырау соғады. Арнайы бағдарламалық жасақтаманы пайдалана отырып, зиянкестер жәбірленушіні жақын адамының ұрланғанына сендіру үшін ұрланды деп болжанған адамның дауысымен аудио жасайды.
Олар ұрланған адамның өмірі туралы бейтаныс адамдар біле білмейтін мәліметтер сияқты алаяқтықты сенімді ету үшін әлеуметтік желілерден алынған басқа ақпаратты пайдалана алады. Алаяқтар жиі төлемді қадағалауға мүмкін емес жолмен, мысалы, криптовалюта арқылы төлеуді сұрайтындары жайлы айта кеткен жөн.
ChatGPT және басқа да жасанды интеллект құралдарының мүмкіндіктері үлкен алаңдаушылық тудырады, оларды қолдану виртуалды ұрлауды одан да сенімді ете алады. Жасанды интеллект алаяқтарға қоғамдық әлеуметтік медиа профильдері және белгілі бір әлеуметтік-экономикалық жағдайға тиесілі белгілі бір географиялық аймақтағы пайдаланушыларды іздеуге көмектеседі. Сонымен қатар, зиянкестер шынайы қоңырау соғу үшін SIM картасын ауыстыру арқылы телефон нөмірін ұрлап алаяқтық жасай алады.
Виртуалды ұрлау арқылы болатын алаяқтықтан қалай қорғануға болады?
Мұндай алаяқтардың құрбаны болмау үшін зиянкестердің ықтимал схемаларын және олардың негізгі ерекшеліктерін білу қажет, сондай-ақ келесі ұсыныстарды ұстану керек.
- Әлеуметтік желілерде жеке ақпаратпен бөліспеңіз. Мекенжайлар мен телефон нөмірлері сияқты ақпаратты жариялаудан аулақ болыңыз. Мүмкін болса, өзіңіздің және жақындарыңыздың фотосуреттерін, бейнелері мене аудиосын таратпаңыз және демалыс жоспарлары сияқты жеке ақпаратпен бөліспеңіз.
- Сізді Интернетте табу мүмкіндігін азайту үшін әлеуметтік желілердегі профильдеріңізді жабық етіп қойыңыз.
- Фишингтік болып келетін және құпия жеке ақпаратты немесе әлеуметтік желілерге кіретін есеп жазба деректерін сізді алдау арқылы бергізетін күдікті хабарламалардан сақ болыңыз.
- Жақындарыңыз үшін Find My iPhone сияқты геолокация трекерлерін қолдану туралы ойланып көріңіз.
- Жақыныңыздың ұрланғаны жайлы күдікті қоңырау түскен жағдайда оған басқа телефоннан қоңырау соғып көріңіз немесе оның жағдайы қауіпсіздікте екеніне көз жеткізу үшін онымен хабарласудың басқа әдісін табыңыз.
- Қоңырау кезінде ешқандай жеке ақпаратты бермеңіз және мүмкіндігінше тек ұрланған адам білетін нәрсені сұраңыз, сонымен қатар сөйлесуді сұраңыз.
- Инцидент жайында полицияға тезірек хабарласыңыз.