Ақпараттың шындыққа сәйкестігі басты қағида — Төрттаған
Пятница, 11 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Ақпараттың шындыққа сәйкестігі басты қағида

18.06.2024
Қоғам
0
Жалған ақпаратты қалай анықтауға болады?

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

Ақиқат пен өтірік қай салада болмасын қатар жүретіні анық. Ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау және тарату саласындағы кәсіби маманды журналист деп атаймыз. БАҚ саласы үшін ақпараттың шындыққа сәйкестігі, журналистердің жұмысындағы ең басты қағида. Ол газетке (журналға) мақала, радио немесе теледидарға репортаж, интернет-ресурста жариялау үшін жазба дайындап жатпасын осы ұстанымда болуы керек. Ал жалған ақпараттың ғұмыры қысқа,  бұл туралы nege.kz порталына сілтеме жасаған 4tagan.kz ақпараттық агенттігі жазады.
Терминологиялық шатасуды болдырмау үшін біз бір кездері америкалық психолог Пол Экман берген өтіріктің түсіндірмесін негізге аламыз. Ол өтірікке «бір адамның басқа біреуді адастырып, оны қасақана, өзінің мақсатын алдын ала ескертпестен және жәбірленушінің шындықты ашпау туралы өтінішінсіз жасайтын әрекеті» деген анықтамасын ұсынды.Өтіріктің артында манипуляция тұр. Қарапайым тілмен айтқанда, өтірік адам өмірінің құбылысы ретінде қандай да бір абстракция сияқты өздігінен өмір сүреді. Мысалы, көптеген олигархтар өз табыстарын бірқатар шет мемлекеттердің оффшорларына сақтайды деген мәлімдемені алып қарайық. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы (немесе басқа коммуникация арнасы арқылы) жеке деректерді көрсететін осындай тезистің дәлелдерімен жұртшылыққа ұсынылған жағдайда ғана сенімділік туралы айтуға болады. Ондай болмаған жағдайда мәлімдеме сенімсіз, демек, жалған деп есептелуі мүмкін. Белгілі бір адамға қарсы қолданылған болса, басылымның манипуляциялық сипаты анық.Журналист пен редакцияның және Бұқаралық ақпарат құралдарындағы басқа да әріптестері кезігуі мүмкін өтіріктің түрлерінің типологиясын атап өтейік. Пол Экман тұлға аралық коммуникациялар контекстінде өтірік түрлерін бөліп көрсетті: эмоцияның шынайы себебін жасыру; өтірік түрінде шындықты айту; жартылай шындық және жаңылыс жалтару. Сонымен қатар, ол алдаудың екі белгісі бар екенін атап өтті — ақпараттың жалғандығы (өтірік айтқан адам өзін-өзі байқаусызда сөзінен ұстап береді) және алдаудың бар екендігі туралы ақпарат (өтірікшінің мінез-құлқы оның өтірік айтып тұрғанын көрсетеді).Бұқаралық ақпарат құралдарындағы кез келген ақпарат шындыққа немесе керісінше өтірікке айналуы мүмкін. Әлбетте, өтірік пен жалған ақпарат журналистикаға жат ұғым. Егер ол БАҚ саласында кездесіп жатса (ал жалған ақпарат тарату міндетті түрде кездеседі), демек ол жерде шындық нормасы бұзылады. Журналистиканың ақпарат таратудан басқа да функциялары бар. Мысалы:1) қоғамды біріктіре алу;
2) белгілі бір мәселелер бойынша қоғамның пікірін билікке жеткізу;
3) қоғамды билік тарапынан басқару;
4) өскелең ұрпақты әлеуметтендіру;
5) ойын-сауық функциясы. Соңғы үш функцияның болуын ескерсек, алдау, өтірік айту қалыпты жағдайға айналады. Қоғамды басқару, әрине, өтірікті де, қулықты да қажет етеді. Әдеп туралы айтатын ештеңе жоқ. Әлеуметтену мен интеграция да осы ақпараттық әдістердің кейбірінсіз аяқталмайды. Ал ойын-сауық көбінесе өтіріктен құралады.Бұқаралық ақпарат құралы болу үшін шындықты, яғни болған оқиға туралы шынайы ақпаратты жариялау керек. Ақпаратқа ие болу – биліктің ең күшті көріністерінің бірі. Кеңірек мағынада, әсер етудің құралы. Кім хабардар болса, сол ықпалды болады. Бұқаралық ақпарат құралдары  бірдеңені жариялағысы келмегенде үнсіз қалады.Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарының үнсіз қалғаны тікелей қоғам назарында болып жатады. Басқа медиа өкілдері арқылы қауесеттер, болжамдар немесе тіпті нақты ақпарат түрінде болса да, басқа дереккөзге сілтеме жасалған жаңалықтар таралуын тоқтатпайды.Өтірік айту мен өзгелерді алдау – бір-біріне өте жақын ұғымдар. Кейде өтірікке күдігіміз болса да көз жеткізуге тырыспай жатамыз.Қоғамды алдау арқылы қолдан ақпарат жасап, оны тарататындар бүтін бір халықты өз уыстарында ұстағысы келеді. Жалған ақпарат таратудағы негізгі мақсат та сол болады.

Әлеуметтік медиа жалған ақпараттың және үгіт-насихаттың бұрынғыдан да жылдам, оңай және кеңірек таралуы үшін жаңа мүмкіндіктер ашып берді. Соңғы екі жылда әлеуметтік желілерде манипуляциялау науқандарын қолданатын елдердің саны 150%-ға өскен. Бұл науқандардың мақсаты қандай, олар қалай жүзеге асырылуда?
Жалған ақпараттың көкесі әлеуметтік желіде. Бір күннің өзінде рас-өтірігі бар қаншама ақпарат таратылып жатыр. Сол себепті қазіргі адамдар оны дереккөз деп санауға көшкен. Әлеуметтік желілер ұйымдарға біз туралы ақпараттың үлкен көлемін жинауға және пайдалануға мүмкіндік беретінін өзіңіз де байқаған боларсыз? Бұл сізге қажетті хабарларды бейімдеуді және жаңалықтарды тартымды етуді жеңілдетеді. Ол көзқарасы екіұшты адамдарға бағытталған. Белгілі бір мәселе бойынша нақты пікірі жоқ адамды басқару әлдеқайда оңай. Бұл қалай жүзеге асады?
1. Боттарды пайдаланады.
2. Жалған ақпаратты тарату үшін әртүрлі БАҚ түрлерін пайдаланады.. Мемдер, видеолар, жалған веб-сайттар, әлеуметтік желілердегі жазбалар, пікірлер жалған жаңалықтар мен үгіт ретінде пайдаланылуы мүмкін.3. Ең көп қолданыстағы платформаларды таңдайды. Instagram, Whatsapp және Youtube жалған ақпарат тарату үшін қолайлы. Киберқауіпсіздік бойынша сарапшылар сол себепті барынша сақ болуға шақырады.Әлеуметтік желілер жалған ақпараттың таралуын тоқтату үшін қандай шаралар қолданылып жатыр?Әлеуметтік медиа платформалары жаңалықтарды өздері жарияламайды. Сондықтан олардың алаңында жарияланған ақпараттың мазмұнына жауапты емес екені түсінікті. Жауапты болмаса, өздері жарияламаса қалай күреседі? Олар жалған жаңалықтар мен аккаунттарды анықтау үшін әртүрлі технологияларды пайдаланады.Дегенмен, бұл әдістерді сенімді деп айту қиын. Алгоритмдер жалған жаңалықтарды 100% анықтай алмайды.Дезинформацияны қалай тануға болады?1. Араға от салып, араңдату үшін жазылған жазбалар (пост). Ол адамдар арасынды қызу талқыланып, ашу-ыза туындатып жатады. Оның негізгі мақсаты сол.2. Суреттер өңделуі немесе түпнұсқадан өзгеше болуы мүмкін.3. Сенімді болу үшін дереккөзге сілтеме салады. Жалған URL мекенжайларын пайдалану қиын емес.Егер сіз жалған ақпараттарға немесе фейк аккаунтқа тап болдым деп ойласаңыз, бұл туралы міндетті түрде хабарлаңыз. Көптеген әлеуметтік медиа арналарында мұндай ақпараттарға шағым түсіруге болатын тетіктер бар.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Интернет алаяқтығының саны күрт өскен

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Суицид туралы ойлайтын адамға қалай көмектесуге болады?

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

05.07.2025
3
ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!
Қоғам

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

04.07.2025
3
АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ
Қоғам

АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ

03.07.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

02.07.2025
3
Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды
Қоғам

Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды

01.07.2025
2
ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ
Қоғам

ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ

01.07.2025
2

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.