Алаяқтық ниет танытатын фирмалардан қалай сақтануға болады? — Төрттаған
Воскресенье, 6 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Алаяқтық ниет танытатын фирмалардан қалай сақтануға болады?

05.06.2024
Қоғам
0
Алаяқтық ниет танытатын фирмалардан қалай сақтануға болады?
Қазіргі таңда сақтандыру саласында қызмет көрестуші көптеген фирмалар азаматтарға онлайн және оффлайн түрде қызмет етеді. Олардың ішінде заңсыз жолмен ақша табуға әрекеттеніп, алаяқтық ниет танытатын фирмалардан қалай сақтануға болады? Жалпы, сақтандыру саласында қандай интернет-алаяқтар мен бетпе-бет кездесіп отырып, қажетті құжатардың заңды екеніне көз жеткізіп, табан астында сан соқтырып кететін аяқтар да аз емес. Бұл туралы Kompra порталының жазуынша, сақтандыру саласында ескеретін көптеген факторлар бар. Компания қызметін тұтынған қандай да бір кәсіпкер немесе кәсіпкерлік субъектісі соларды ұдайы есте ұстауы тиіс. Жалпы, сақтандыру дегеніміздің өзі – сізді және мүліктеріңізді түрлі қауіп-қатерден сақтау. Әрине, сақтандыру әркез қиындықтан толық құтқарып шықпас. Дегенмен табиғи апат, түрлі қайғылы жағдай, банкрот болу, ауырып қалу кезінде шығындардың бір бөлігін өтей алады. Бұл туралы kursiv.media порталына сілеме жасаған 4tagan.kz ақпараттық агенттігі жазады.

Әдетте сіздің өтінішіңізді қарау барысында сақтандыру компаниясы сізді/компанияңызды/мүлкіңізді мұқият тексереді. Өйткені сақтандыру компаниясынан заңсыз ақша алу схемасын құрастырушылар да жоқ емес. Бірақ соңғы уақытта сақтандыру фирмалары да клиенттер қаржысын заң аясынан тыс жолдармен иеленуге көшкен. Олардың көбі лицензиясыз жұмыс істейді және шығынды өтемейді.
Егер сіз сенімсіз компанияның клиенті атансаңыз төлем алмай қалуыңыз ықтимал, не болмаса сіздің құжатыңыз жарамсыз болады, мәселен шетелге шығар кезде. Сонда сіз сақтандыру үшін төлеген ақшаңыздан айырылып қана қоймайсыз, банк картаңызды да бұзасыз. Алаяқтар сіздің банктік шотыңызға кіріп, несие рәсімдеп жіберуі әбден мүмкін.

Не нәрсеге назар аудару керек?

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА «ASYL MURA» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Агенттік елдегі қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету, сақтандыру жүйесіне деген сенімді қолдау, сақтандыру нарығын бақылау және дамытуға тікелей жауап береді. Орган сақтандыру қызметі тұтынушыларының мүддесін қорғайды, теңқұқылы жағдай туғызуға жауап береді. Сайтқа кіру арқылы жойылу процесінде тұрған компаниялар тізімін де көруге мүмкіндік бар.

Нарықтағы өте төмен тарифтер де – алаяқтардың бірден бір белгісі. Тексеру үшін өзге компанияларға хабарласып, олардың бағаларын салыстыру қажет. Егер келісімшартта тәуекелдер көбірек қарастырылса, онда ол компания қызметінің бағасы да жоғары болады. Сондай-ақ компанияның салығы мен төлемдерін тексеру арқылы оның қаншалықты қаржылық сенімділікке ие екенін де аңғарасыз.

Нарықта бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан, тұтынушылар сеніміне ие болған компаниямен жұмыс істеген қолайлы. Компания туралы пікірлерді интернеттен немесе әлеуметтік желіден оқып алуға болады.

Келісімшартқа қол қою кезінде сақтандыру шартына мән беріңіз. Сақтандыру оқиғасының белгілерін анықтап, сақтандыру нені қамтымайтынын зерттеңіз. Әртүрлі жағдайларда келтірілген залалды өндірудің толық тәртібін нақтылаңыз.

Сақтандыру келісімшартында мына жағдайлар жазылуы керек:

  • Сақтандыру нысаны – сақтандыру объектісі – материалдық және материалдық емес игіліктерді жоғалту тәуекелімен байланысты мүліктік мүдделер (мысалы, денсаулыққа зиян келтіру немесе автокөлікті зақымдау);
  • Сақтандыру тақырыбы – сіз сақтандырғыңыз келетін нәрсе;
  • Сақтандыру тәуекелі – мүлік немесе адам сақтандырылған жағдай. Сақтандыру тәуекелі келісімшартта анық көрсетілуі тиіс;
  • Сақтандыру сомасы – сақтандыру төлемінің максималды шегі;
  • Әрекет ету мерзімі – сақтандыру келісімшарты компания өзіне сақтандыру нысаны бойынша тәуекелді қабылдаған шектеулі уақыт кезеңіне жарамды.
  • Егер сіз корпоративті клиент болсаңыз онда сізбен менеджерлердің бірі жұмыс істейді. Бірақ бұл ретте компания директорының кім екенін біліп, соның өзімен сөйлесудің де маңызы зор. Сіздің сақтандыру оқиғаңыз бойынша шешім қабылдайтын тұлға сіздің бар екеніңізді білмеуі де мүмкін. Компанияда делдалдың бар немесе жоқ екенін көрсетілген нөмірлерге қоңырау шалып немесе сайтқа кіріп білуге болады.

Егер сіз компанияны интернет арқылы тапсаңыз онда міндетті түрде ресми сайтын қарап шығыңыз. Өйткені алаяқтар түпнұсқа сайтқа өте қатты ұқсайтын жалған сайттарды аша қояды.

Егер құжат мәліметтеріңізді немесе банк картаңызды алаяқ компанияға тастап кеткен болсаңыз онда барынша тәуекелдерді төмендетуге тырысыңыз. Алдымен банк картаңызды бұғаттаңыз. Полицияға хабарласып, сізді алдап ақшаңызды және жеке деректеріңізді алғанын айтып, шағым жазыңыз. Егер алаяқтар атыңыздан несие рәсімдесе, немесе деректеріңізді пайдалана отырып басқа бір алаяқтық әрекетке барса полицияға жазған шағымыңыз сіздің таза екеніңізді дәлелдеуге көмектеседі.

Егер сақтандырушы сіздің құқығыңызды бұзса не істеу керек?
Азаматтар тікелей сақтандыру омбудсманына жүгінуге құқылы, бұл туралы сақтандыру шартында да айтылған.

Қазіргі уақытта сақтандыру ұйымдарының өздерінің бастамасы бойынша сақтандыру омбудсманы сақтандыру ұйымдары мен олардың клиенттері арасындағы дауларды шешумен айналысады. Оның азаматтарға арналған қызметтері ақысыз көрсетіледі.

Сақтандыру омбудсманының өкілеттіктері мен міндеттері Мемлекет Басшысы 2022 жылғы 12 шілдеде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту, банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына (бұдан әрі – Заң) қол қойғаннан кейін айтарлықтай кеңейді.

Түзетулер арқылы сақтандыру омбудсманының шешімдерін орындамағаны үшін сақтандыру ұйымдары басшыларының дербес жауапкершілігі енгізіледі.. Сондай-ақ, сақтандырушы, Сізге сақтандыру төлемінен бас тартса, жазбаша түрде бас тарту себептерінің дәлелді негіздемесін көрсете отырып және Қазақстан Республикасы заңнамасының ерекшеліктерін ескере отырып, келіспеушіліктерді реттеу үшін сақтандыру омбудсманына жүгіну құқығыңыз туралы хабарламамен жасауға тиіс.

Сондай-ақ, түзетулерде сақтандыру омбудсманының клиенттердің сақтандыру ұйымымен келіспеушіліктерін міндетті түрде сотқа дейінгі реттеуді енгізуі көзделеді. Бұл азаматтардың дауларды шешу тәртібін айтарлықтай жеңілдетеді. Қазір сақтандыру ұйымдарының клиенттері сақтандыру омбудсманына ерікті түрде жүгінуде, ал заңға сәйкес 2024 жылдан кейін сотқа жүгінгенге дейін алдымен сақтандыру омбудсманына жүгінуге міндетті.

Егер осы тақырып бойынша сұрақтарыңыз болса, оларды біздің «Fingramota Online» мобильдік қосымшамыздың «Сақтандыру» бөлімінде қоя аласыз, сондай-ақ «1459» нөмірі бойынша call-орталыққа хабарласуға болады.

Еске сала кетейік, Қазақстанда 2024 жылы автосақтандыру шарты болмағаны үшін жеке тұлғаларға салынатын айыппұл 10 АЕК-ті (36 920 теңге) құрайды.

Автосақтандыру шартын ресімдеу қандай жылдам болса, оны дәл солай тез бұзуға бола ма?
Иә, сақтандыру компаниялары бұл қызметті де онлайн режимде көрсетеді. Ол үшін сіз сақтандыру компаниясындағы өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіруіңіз керек. Одан кейін жеке деректеріңізді, оның ішінде жеке басыңызды куәландыратын құжаттың және ақша қаражатын қайтару үшін картаңыздың деректемелерін енгізуіңіз керек. Менеджер сіздің өтініміңізді мақұлдағаннан кейін жүйе полисті автоматты түрде бұзып, ақшаны сіздің шотыңызға аударады.

Қайтару сомасының мөлшері сіз сақтандыру шартын бұзу туралы өтініш берген сәтте аталған шарттың қай уақыттан бері қолданылатынына байланысты болады. Мысалы, егер сіздің шартыңыздың қолданысы басталғаннан бері жарты жыл немесе 11 ай өтсе, онда қайтару сомасы, әрине, аз болады. Яғни сізге іс жүзінде шарт қалдығын төлейді. Жүйе есепті автоматты түрде жүргізеді.

Сонымен бірге, компанияның сайтындағы жеке кабинетте полиске басқа сақтандырылушыларды немесе тағы бір автоны көрсетуге, қосымша сақтандыру өнімдерін таңдауға немесе өз құжаттарыңыздағы деректерді ауыстыруға болады. Одан әрі сіздің өзгертілген деректеріңіздің негізінде жүйе қайта есебін жасайды және сізге қосымша төлемді жүргізудің керектігін хабарлайды. Немесе төленген соманың бір бөлігі сіздің банктік картаңызға қайтарылады.

Тарификациялау жүйесінің икемді екенін және тек бірнеше жеке факторды, оның ішінде көлік жүргізу тәжірибесін, орын алған ЖКО санын ескеретінін атап өтеміз және т.б.

 

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Елімізде интернет алаяқтығының саны күрт өскен

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Суицидтік қауіп-қатер

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА  «ASYL MURA» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА «ASYL MURA» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

30.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ
Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

28.06.2025
3
САРЫАҒАШ: АУДАН ӘКІМІ БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Қоғам

САРЫАҒАШ: АУДАН ӘКІМІ БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

27.06.2025
4
ШАРДАРАДА АУДАН ӘКІМІ АҚПАРАТ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КƏСІБИ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Қоғам

ШАРДАРАДА АУДАН ӘКІМІ АҚПАРАТ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КƏСІБИ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

27.06.2025
2
КЕНТАУДА МЕДИАНЫҢ МИССИЯСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қоғам

КЕНТАУДА МЕДИАНЫҢ МИССИЯСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

27.06.2025
2
БАҚЫТТЫ БАЛАЛАР БЕЙБІТ ЕЛДІҢ ТІРЕГІ
Қоғам

БАҚЫТТЫ БАЛАЛАР БЕЙБІТ ЕЛДІҢ ТІРЕГІ

27.06.2025
2

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.