Қаржы пирамидалары мен қаржы алаяқтарға алданбаудың жолы — қаржылық сауаттылықты арттыру — Төрттаған
Суббота, 12 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

 Қаржы пирамидалары мен қаржы алаяқтарға алданбаудың жолы — қаржылық сауаттылықты арттыру

19.06.2024
Қоғам
0
 Қаржы пирамидалары мен қаржы алаяқтарға алданбаудың жолы — қаржылық сауаттылықты арттыру

Қаржы пирамидалары мен қаржы алаяқтарын түбегейлі жойып жіберу – утопия. Дегенмен олардың әсерін қалай азай­туға болады? Қазір қаржы пирами­да­лары қандай айла-тәсіл қолданады? Ұйым­ның сенімді немесе сенімсіз екенін бір-ақ сәтте анықтау мүмкін екенін біле­сіз бе?

Аспаннан оңайлықпен ақша жаудырып, бір тиынды бес тиын етудің «сиқырлы» жолын көрсетуге уәде ететіндер көп. Өкініштісі, бұған көзсіз сеніп, бар тапқанын бере салатындар да азаймай отыр.

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

Э.ШАМСУТДИНОВ, экономист: Мәселе – қаржылық сауаттылықта

Қазір қаржылық сауаттылық өткен ғасырдың 70-жылдарындағы кибер­не­тика сияқты. Бұл туралы барлығы ай­та­ды, бірақ оның не нәрсе екенін, қан­дай әсері барына нақты ешкім тоқтала алмайды. Одан бөлек, қазіргі біздің қар­жылық сауаттылық туралы түсіні­гі­міз кәдімгі банк картасы арқылы жа­са­латын операциялардан әрі аспайды. Яғни, картадан ақша шешіп алдың, бан­коматтағы ақшаның өзі қаржылық сауаттылық деп есептеледі. Қаржылық сауаттылыққа байланысты декомпо­зи­циялық көрсеткіштерге сәйкес, қаржы пирамидаларына ақша салатын азамат­тардың қаржылық сауаттылығы ақсап тұрады. Бізде қаржылық сауаттылыққа байланысты жарытып ештеңе үйретпейтін қосалқы білім бағдарламалары бар. Жалпы, азаматтар өзінің жеке қаражатын басқаруға көбірек мән бергені жөн. Ал бұл нәрсеге ой керек, білім керек, өте қатал тәртіп те қажет деп айтуға болады. Қаржылық сауаттылыққа баулу бәрібір де ең алдымен мектептерден басталуы керек. Оның методологиясына да өте көп уақыт кетеді, соның ішінде осы салада сарапшыларын тарту керек болады. Бизнес тренерлер мен әртүрлі «инфосыған» бло­гер емес, нақты қаржылық операциялармен жұмыс істейтін нарықтағы ма­ман­дар, барлық құрылымды түсіндіріп бере алатын сарапшылар қажет. Өйткені бізде білімді мамандар болғанымен, документалды бөлім жоқ деуге болады. Негізі, қаржы пирамидасы деген ұғымның ауқымы өте кең. Брокерлерді, құрылыс компанияларын қаржы пирамидасына жатқызуға болады. Тіпті, крип­тооперацияларды жаһандық қаржы пирамидасы деп есептеуге болады. Ал егер халықтан ақша алудың примитивті операциялары туралы айтар бол­сақ, иә, оның түрлі жолы бар. Бірақ қазір орныққан бір схема бар. Соған тоқ­талып өтейін. Алдымен сайт түріндегі алаң құрылады. Олар сізді сол сайт ар­қылы Тelegram-дағы жабық канал немесе группаға бағыттайды. Сол жерде әжеп­тәуір аудитория жиналғанда, ақша жинау басталады. Сайттың жарнамасы әлеу­меттік желілер арқылы, контекстік рекламалар, блогерлер арқылы жүр­гізіледі. Міне, осы негізгі механизм. Қаржы пирамидаларының әсерін төмендету де өте кең түсінік. Бұл мәселеге бай­­ланысты өте көп нәрсені қозғауға болады. Соның ішінде кәдімгі, қалыпты биз­­нестің жұмысына кедергі келтіріп, шектейтін жағымсыз нәрселер де кіріп кетуі мүмкін. Бірақ Қаржылық мониторинг агенттігі өте жемісті жұмыс атқарды деп есептеймін. Қаржы пирамидаларының объективті әсері олар туралы айтыла бас­­тады, әртүрлі кейс мысал бар, осының арқасында халық қаржы пира­ми­да­лары­ның не екенінен хабардар бола бастады және бұрынғыдай оңай алдап соғу оңай емес. Бірақ менің бір конспирологиялық теориям бар: біздің қаржы нарығында бұрын халықтан ақша жинауға қатысқан ойыншылар бар. Олардың пайда болуы 2020 жылдан бастап қаржы пирамидаларының тағы бір толқынын тартты.

Қорыта айтқанда, алаяқтардан қорғану үшін қоғамдық иммунитет керек. Ол қаржылық сауаттылықтың деңгейімен өлшенеді. Тек сергек сана, сыни ойлау, халықты барынша ақпараттандыру арқылы қаржы алаяқтарының жолын кесуде нақты нәтижелерге жете аламыз.

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Суицидтің алдын алу бағытында бірқатар шаралар атқарылуда

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Сақ болыңыз, интернет алаяқтар!

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

05.07.2025
3
ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!
Қоғам

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

04.07.2025
3
АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ
Қоғам

АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ

03.07.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

02.07.2025
3
Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды
Қоғам

Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды

01.07.2025
2
ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ
Қоғам

ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ

01.07.2025
2

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
162

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.