Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғам арасында бала құқықтарын қорғау жөніндегі ауқымды мәселелерді шешу керектігін баса айтты.
Осы орайда, Қазақстан қоғамы «Cалтанат заңы» деп атап кеткен Заңға Президент қол қойды. Қабылданған заңның басты міндеті – балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік саясаттың құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастыру негіздерін жетілдіру, әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстардың алдын алу және жолын кесу.
Қазақстанда балалардың суицидтік мінез-құлқын емдеу протоколы қабылдануы мүмкін.
Бұл Қазақстандықтарды, әсіресе, жасөскіндерді өзін-өзі өлтіруге шақырудың 88 фактісі анықталды. ыннан күтілген, ел үшін маңызды заңнамалық өзгерістер Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі әзірлеп жатқан «Интернет-жарнама және онлайн-платaормалар туралы» заңы жобасында қарастырылмақ. Ел тарихында бұрын-соңды болмаған, заманауи заң жобасы интернет тұғырнамалар мен әлеуметтік желілерді реттеуді қарастырады.
Еліміз бұл ретте еуропалық озық тәжірибені үлгі ететін болады. Мысалы, Ұлыбританияда Оline safety Belt заң жобасы аясында әлеуметтік медиа иелері зиянды контенті модерациялауға міндеттеледі. Атап айтқанда, суицидтік контентті, терроризмге шақыратын, балаларға қатысты жыныстық зорлық-зомбылықты насихаттайтын материалдар бұғатталуы шарт. Бұл талапты орындамаған онлайн платформа, әлеуметтік желі иелері сол үшін жауапқа тартылады.
Бұл Қазақстан үшін де өзекті. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Талдау және ақпарат орталығы жүргізген мониторинг нәтижелері көрсеткендей, Қазнетте 2022 жылы:
- суицидті насихаттайтын ақпаратты таратудың 88 фактісі;
- кәмелетке толмаған балалардың жеке басын анықтауға мүмкіндік беретін дербес немесе биометриялық деректерді, өзге де ақпаратты таратудың – 21;
- азаматтардың дербес деректерін заңсыз таратудың – 100;
- басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын ақпаратты халыққа жаюдың – 147 фактілері әшкереленді.
Бұл ретте суицидті насихаттайтын ақпарат 2021 жылғы – 28-ден 2022 жылы 88 фактіге дейін, яғни 3,1 есе артып шыға келген.
Адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын ақпарат та оның нысанасына айналған жанның өзіне қол салуына соқтыруы ықтимал. Мұндай кесірлі фактілер саны 2021 жылғы – 27-ден 2022 жылғы – 147-ге дейін 5,4 есеге өсіп кетті.
Ендеше саланы реттейтін заңның жазылуы – замана сұрауына сай, қажетті қадам болса керек.
Жалпы, суицидтің алдын алу бағытында ел Үкіметі сан-салалы шаралар қабылдауда.
Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, оқушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу процесін жетілдіру қолға алынды. Сондай-ақ балаларды буллингтен қорғау тетігі бекітіліп жатыр. Осы мақсатта мектептердегі Психологиялық қызмет жұмысының қағидалары және Баланы жәбірлеудің алдын алу қағидалары қабылданды. Білім алушылар арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу жөніндегі бірыңғай бағдарлама әзірленіп, тәжірибеге енгізіліп жатыр.
Сонымен қатар, нормативтік құқықтық актілерді өзектендіру және әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.
«7 өңірде, яғни Астана мен Алматы қалаларында, Қостанай, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстарында мектептердің психологиялық қызметтерінің жұмысын бір жерден үйлестіретін орталықтар құрылды. Психологиялық қызметтердің жұмысын жетілдіру мақсатында біздің министрлік Үлгілік біліктілік сипаттамаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша тиісті нормаларды бекітті. Бұдан бөлек, педагог-психологтардың біліктілігін арттыру курстары әзірленіп, өткізіліп жатыр», – деді Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бас сарапшысы Жібек Нұржан.
Жоғарғы сынып оқушылары балдырғандардың тәлімгеріне айналса…
Педагог-зерттеуші Ирина Терентьева қызықты бір тәсілді ұсынды: мектептерде психологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін әрбір орта білім ұйымында «параллельдер бойынша тақырыптық фокус-топтар» дегенді енгізген жөн. Ол нені білдіреді?
Жоғары сынып оқушылары мұғалімдердің немесе психологтың бақылауымен төменгі сыныптағы балдырғандармен түрлі тақырыпта еркін әңгімелеседі. Мысалы, соның ішінде өмірді сүю, қоғамнан өз орнын табу, қиындықтарды еңсеру, буллингтен бас тарту, бос уақытты қызықты өткізу, қауіпсіздікті сақтау, дос табу сияқты саналуан тақырыптарда пікір алмасып, ақыл қоса алады. Мұндай «ұрпақтар кеңесінде» бастауыш сыныптағы оқушылар түрлі сұрақ қойып, ересек балалармен бірге жауап іздей алады. Бұл олардың арасында достықты қалыптастыруға септеседі, әлімжеттіктің алдын алуға ықпал етеді.
Ұқсас тәжірибе кеңес кезінде болған: В.И.Ленин атындағы бүкілодақтық пионерлер ұйымының бір заңы: «Пионер – октябряттардың жолдасы және жолбастаушысы» («Пионер – товарищ и вожак октябрят») деп аталатын. Пионер болған әрбір оқушыға «балдырғандарға жәбір көрсетпе» (малышей не обижать) деп аманаттайтын. Кеңес одағы бұл үлгіні батыс елдерінен көшіріп алғаны мәлім. Америкада түрлі жастағы балалар арасындағы ынтымақтастықты арттыратын скауттар ұйымы қазір де бар және ары қарай дамыды. Ол Бүкіләлемдік скауттар қозғалысы ұйымына (WOSM) және Дүниежүзілік гайд қыздар қауымдастығына дейін өркен жайды.
Балалар өмірден баз кешпеуі үшін ол мектеп психологымен сырласып, жан сарайын жарып жібергелі тұрған күйзелістің мән-жайын жайып салып, маманның тиісті ақылын тыңдағаны, одан тұйықтан шығудың жөн-жосығын біле алғаны жөн. Бүкіл дамыған елдерде солай.
Алайда қазақстандық мектеп психологтарының оған… уақыты жоқ. Уақыты түрлі есеп, құжат толтырумен кетеді. Оқушылармен көбіне директордың нұсқауымен немесе мұғалімнің шағымына орай кездеседі. Салдарынан, шәкірттер оның алдына бірдеңені бүлдіріп қойса ғана келеді де, оны «жау жағының» өкілі деп теріс қабылдайды. Психологтар жас ұрпақтың досына айнала алмай тұр.
«Қазіргі кезде Оқу-ағарту министрлігі білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтердің жұмысын артық қағазбастылықтан арылтуға ден қоюда. Осыған қол жеткізсе, онда психолог уақытының көп бөлігін балалармын жеке жұмыс жасауға бөлер еді. Бұдан өзге министрлік педагог-психолог, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының міндеттерін нақтылау және психологиялық қызметтің жұмысын қамтамасыз ету мақсатында Директорлардың үлгілік біліктілік сипаттамаларына өзгерістер мен толықтыру енгізген тиісті нормаларды қабылдады. Алдағы уақытта педагог-психологтар мен әлеуметтік педагогтердің статусын арттыру жүзеге асырылмақ. Бұл үшін олардың аттестаттаудан өтуін реттеу, психологиялық қызметтің жұмысын цифрландыру қолға алынады», – деді психолог Жібек Дәуітбайқызы.
Бұған дейін ел Үкіметінің 2020 жылғы 30 наурыздағы 156 қаулысымен «Баланың құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және жасөспірімдер арасында суицидтің көбеюі мәселелерін шешу жөніндегі 2020-2023 жылдарға арналған жол картасы» бекітілген болатын. Құжатты жүзеге асыру биыл аяқталады.
Бүгінде Оқу-ағарту министрлігі «Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу, олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының» жобасын әзірлеп жатыр.
Құжат ел Президентінің 2022 жылғы 14 шілдедегі тапсырмасын іске асырады. Министрліктің түсіндіруінше, одан келесі нәтижелер күтіледі:
- балалардың құқықтарын қорғау саласындағы меморгандардың ведомствоаралық өзара іс-қимылының тиімділігі артады;
- балаларға қатысты, соның ішінде олардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс саны жыл сайын төмендетілуге тиіс;
- кәмелетке толмағандар арасында суицид және оған талаптану саны азайтылуы керек;
- сабақтан тыс уақытта қосымша біліммен қамтылған балалар саны ұлғайтылады;
- төтенше жағдайдалар, жол-көлік оқиғасы және басқа жазатайым оқиғалар салдарынан қайтыс болған және жарақаттанған балалар саны азайтылуы шарт.